• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

Украиндар

Украи́на — Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Украинаның халқын Мемлекеттік  статистика мәліметтері бойынша 2016 жылдың 1 қазанына қарағанда — 42 465 460 адамды құрайды. Астанасы — Киев қаласы. Мемлекеттік тілі — украин тілі; орыс тілі кең тараған.  Солтүстігінде Белоруссиямен, батысында Польшамен, Словакиямен, Венгриямен, оңтүстік батысында Румыниямен және Молдавиямен,  шығысы мен солтүстік шығысында Россиямен шекаралас.  Украиндар негізінен православтар, олардың ширегі — католиктер, сондай-ақ униаттар да бар. Дәстүрлі түрде – егіншілікпен және мал шаруашылығымен шұғылданады. Ауыл халқының бір бөлігі әртүрлі кәсіптермен және қолөнермен – тері илеу-етікшілікпен, тон тігумен, көзешілікпен, балташылықпен, күбі жасаумен, иконажазумен шұғылданады. Дәстүрлі түрғынжайлары – балшықпен сыланған немесе жер едені бар ұзынша келген хаталарының қабырғалары әктеледі, сабанмен жабылған төбесі төрт еңісті болып келеді. Олардың дәстүрлі киімі бірнешеқабатты кешен деуге болады.

Әйел киімі  кестелі ұзын туника үлгісіндегі жейдеден (кашуля), белдемше (спiдница) мен жеңсіз киімнен (кiрсетка) тұрады. Әйелдердің баскиімі: очипок пен орамал, қыздардыкі немесе үйлену тойында киетіндері – атлас ленталары бар гүлтәж. Ерлер костюмі жейдеден (кашуля), кең шалбар  (портки) мен белбеуден тұрады. Жазғы баскиімі – сабан қалпақ (брыль) болып табылады. Украиндардың сыртқы киімі мәуітіден тоқылады. Дәстүрлі ас мәзірі: паляница — ашыған қамырдан пісірілетін дөңгелек нан, перепички — салындысы бар бәліштер, ірімшік, картоп, шие салынған варениктер, кеспе (локшина). Ұннан әзірленетін ежелгі тағамдар – кваша, лемишка, соломаха, галушка, затирка. Украиндарға тән өзіндік тағамдар –  борщ (оны әзірлеудің көп тәсілдері бар), пампушкалар мен тұздалған сало.

Атақты украиндар: Леся Украинка, Иван Франко, Богдан Хмельницкий, Тарас Шевченко, Богдан Ступка, Александр Довженко, Николай Гоголь, Иван Кожедуб, Леонид Брежнев, Роман Виктюк.

Қазақстанда тұратын украиндардың санын 2016 жыдың басында 289724  адам, Шығыс Қазақстанда — 4660 адам құрады. Көрме залында тұрақты жұмыс істейтін «Біз— Қазақстан халқымыз» экспозициясында «Украиндар» бөлімі бар, онда украиндардың ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы тұрғын үйлерінің интерьерінен көрініс берілген. Мұнда, украиндардың костюмдері, рушниктер, керамика және ағаш ыдыс, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары назарға ұсынылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …