• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Кирилл мен Мефодий мұрасы ұмытылған жоқ. 2019

Кирилл мен Мефодий мұрасы ұмытылған жоқ. 2019

Славян жазуы мен мәдениетінің мерекесі қарсаңында орыс этнографиясы мен сирек кітаптар және иконажазу бөлімдері аталған оқиғаға арналған іс-шараларға қатысты. Оның біреуі 19 мамыр күні облыстық Достық үйі\-қоғамдық келісім орталығында болып өтті. Ал 21 мамыр күні аталған бөлімдердің қызметкерлері Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталық кітапханадағы ескіні ұнататындар клубының отырысына қатысты.

24 мамыр күні әлем жұртшылығы славян  жазуы мен мәдениетінің 1156 жылдығын атап өтті. Аталған күн қарсаңында облыстық Достық үйінде музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлев басшылық ететін Шығыс Қазақстан облыстық славян мәдениеті  қоғамының іс-шарасы болып өтті. Мерекелерде екі бөлім белсенділік танытты.

 Музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімі ұйымдастырған  көшпелі көрме «Музей-қорық қорынан алынған XVII ғасыр мен XX ғасырдың басындағы кирилл дәстүрінің кітаптары» деп аталды. Бөлімнің аға ғылыми қызметкері Ольга Осерчеваның ақпаратына қарағанда,  музей-қорық көрмеге Кирилл мен Мефодийдің әулиелігіне ұқсас орыстың иконографиялық бейнелерін, каноникалық және фрягалық хаттарды қойды. Олар 1885-1989 жылдар аралығындағы әр кезеңдерде жазылған. Сонымен қатар таңдаулы әулие псалмамен және солар сынды ән шырқауларымен көрсетілген  Евангелия оқуларын оқумен қызметі қорытындыланатын «Толықтырғыш  Минея» кітабымен бейнеленеді. Бұған қоса келушілер Ресейде сақталып, мерзімделген және ескі славян тілінде – 1056-1057 жылдарғы  Остромиров Евангелияның тілінде алғаш сақталған қолжазба кітаптың факсимильді қайта шығарылымын көру мүмкіндігіне ие болды, сондай-ақ, олар ескіславяндық әліпби – кириллицада басылып шыққан православтық ескі басылымдағы кітаптар мен ескідәстүрлі қолжазбалармен таныса алды. Іс-шарада қойылған кітаптар арасынан  өздері пайда болған 863 жылдан 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін бірқатар өзгерістерді бастан кешкен және заманауи орыс тілінің негізіне жатқызылатын ескіславяндық әліпбидің үш басылымы ерекше орын алды. Көрмені Өскемен қаласындағы Ресей Бас консулдығының вице-консулы Николай Тищенко аралап көрді.

 Орыс этнографиясы бөлімі Достық үйінле «Музей-қорық қорынан алынған XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырлардағы фонарьлар мен шамдар» атты көшпелі көрме ұйымдастырды. Онда керосин лампалар мен фонарьлар қойылды. Дәл осындай көрме Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталық кітапханадағы ескіні ұнататындар клубының отырысында да орын тепті. Бөлімнің ғылыми қызметкері Роман Нечаев өзінің «Терезедегі жарық» атты дәрісі барысында керосин лампалар мен фонарьлардың тарихы жайлы әңгімеледі. Ал сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің аға ғылыми қызметкері Ольга Осерчева жиналғандарға ШҚ облыстық этнографиялық музей-қорығының жинамасындағы Кирилл мен Мефодийдің мұрасы туралы  сөз саптап, оны арнайы әзірленген слайдтармен баяндады. Слайдтарда музей-қорық қорынан алынған кирилл дәстүріндегі кітаптар көрсетілді. Кездесу соңында ескіні ұнататындар клубы мүшелерінің орыс халық әндерін орындағаны ерекше болды.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …