• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Музейаралық әріптестік мәдени құндылықты танымал етуге көмектеседі. 2019

Музейаралық әріптестік мәдени құндылықты танымал етуге көмектеседі. 2019

ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Риддер тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әшекей – халық жанының  айнасы мен тарихы» атты көрме ашылды. Онда қазақ халқының әшекей бұйымдар тақырыбындағы болмысын көрсететін тұрмыстық бұйымдар, сондай-ақ, бейнелеу және қолданбалы өнер заттары орын тепкен. ШҚ облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының қор топтамаларынан алынған 50-ден астам бұйым қойылды.

Музей-қорық музейаралық әріптестікті нығайтуға бағытталған осындай жобаны әлі де, атап айтқанда, 2020 жылдың соңына дейін жалғастыруды көздеп отыр. Орыс этнографиясы бөлімі Алтай қаласында «Орыс сүлгісі» атты көрме өткізуді жоспарлауда. Сирек кітаптар бөлімі Абайдың Семейдегі «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи, мәдени және әдеби-мемориалдық музейінде «Б.К. Исиннің шығысқазақстандық жазушылардың туындылары желісі бойынша салған живописі» атты көрмені дайындап, ұйымдастырумен айналысуда. Қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкерлері аудандар  тұрғындары үшін үй қолөнерін ұсынбақ. Ал ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі 2020 жылдың наурыз-сәуір айларында Төлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қаһарман батыр» атты көрме өткізуге дайындық үстінде.

Аталған іс-шараның барлығы музейаралық әріптестік аясында өтеді және Шығыс Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге бағытталған. Мұнымен қоса аталған  көрмелер облыс тұрғындарының музей-қорық қорындағы ерекше қор топтамаларымен жақынырақ танысуына мүмкіндік туғызады.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …