• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Музей-қорықтың болашақ резерві. 2019

Музей-қорықтың болашақ резерві. 2019

Музей-қорықта Қазақстан-Американ еркін университеті (ҚАЕУ) колледжінде «туризм» мамандығына оқитын студенттердің тәжірибеден өту  мерзімі аяқталды. Тәжірибе Жастар жылы аясында өтті. Студенттер ай көлемінде экскурсия жүргізуші маман жұмысының қыр-сырынан хабардар болды. Ақпараттық-ағарту бөлімі мен экскурсиялық қызмет көрсету секторындағы аталған мамандықтың бір бағыты осындай. Олар бөлімдер қызметкерлерінің көмегімен музей-қорық құрылымына қатысты барлық жұмыспен, сондай-ақ, экскурсия жүргізушінің жұмыс ерекшеліктерімен танысты.  Студенттер тәжірибеден өту қорытындысында арнайы тақырыптар бойынша экскурсия мәтінін дайындады. Ақпараттық-ағарту бөлімінің меңгерушісі Шынар Кәрібаеваның сөзіне қарағанда, қазір олар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мультимедиялық ресурс бойынша жұмыс істеуде. Қазірдің өзінде Орыс музейіне өтінім жіберілді, ал желтоқсан айында ол жақтағы конкурсқа материалдар жіберілетін болады.

28 қараша күні музей-қорық директоры Арсен Тен тәжірибеден өтушілермен кездесті. ҚАЕУ колледжінің оқытушысы Валерия Зайцева студенттердің тәжірибеден өтуіне жағдай жасағаны үшін музей-қорықтың басшылығы мен ұжымына  алғыс айтты. Келесі жылдың көктемінде музей мамандарының басшылығымен студенттермен экскурсия өткізу жоспарланып отыр. Арсен Владимирович  студенттердің музей-қорық үшін нағыз резерв болатынына сенім білдірді.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …