• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Уақыт – барлық оқиғаның өлшемі... 2019

Уақыт – барлық оқиғаның өлшемі... 2019

9 желтоқсан күні сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Жадыра Рахатова №20 орта мектептің оқушыларына Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орайластырылған «Қазақстандық ұлы жол» атты дәріс оқыды. Онда тәуелсіз республиканың қалыптасуы мен Қазақстанның жарқын жолы жайлы әңгіме өрбіді.

Жадыра Токтарбекқызы балаларға ҚР-ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  жарық көрген еңбектері, оның заманауи тәуекелдер мен ғаламдық  шақыруларды есепке ала отырып, қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» атты  бағдарламалық мақаласы туралы әңгімеледі. Аталған мақала қоғамдық сананы  жаңғыртудың маңыздылығын атап өте отырып, бәсекеге қабілеттілікті  дамытуды, прагматизм мен ұлттық бірегейлікті сақтауды, азаматтардың білімі мен сана-сезімінің ашық болуының мәнін ерекше атап көрсетеді. Ал «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалада ел тарихы мен жаһандану үрдісінде халықтың алар орнын обьективті түсіністікпен алу басты назарда ұсталады. Шынымен де мәнділік жайлы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланың басталған кезінде-ақ келтірілген. Онда:  «Кеңістік – барлық заттың өлшемі, уақыт – барлық оқиғаның өлшемі. Кеңістік пен уақыттың көкжиектері тоғысқан  кезде ұлттық тарих  басталады. Бұл қарапайым және әдемі келтірілген афоризм ғана емес».

Дәріс барысында деректі бейнефильм көрсетіліп, оқушылардың қатысуымен викторина ойнатылды. Балалар онда Қазақстан тарихы бойынша өз білімдерін танытты. Оқушылардың Қазақстанның Тәуелсіздігі күні қарсаңындағы кездесулері жалғасады.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Сергей Суров.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …