• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар ғылыми қызметкерлердің мақалалары Рахатова Ж.Т. Көктемнің шуақты мерекесі әз-Наурыз

Рахатова Ж.Т. Көктемнің шуақты мерекесі әз-Наурыз

Наурыз – шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, яғни, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз  мыңдаған жыл бұрын шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, жалғыз ұлттық мерекеміз тойланғанына көп жылдан бері куә болып келеміз. Барлығымызға мәлім қазақ халқында да наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдырған. (Қазақтың қазақ болғалы өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы десекте болады).

Бұл күні жақсы тілек тілеу, бір-бірін құтықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар өнеге алып келеді.

Бұл жерде біз аталмыш мерекенің дәстүрін жіті зерттеп, салт-санасын мейлінше қатаң сақтауымыз керек. Дәстүр дегеніміздің өзі озық үлгіні қабылдай отырып, ары қарай ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып сақтау дегенді білдіретін ұғым...(1сур.)

 (Қазақстан жерінде  ресми түрде Наурыз мейрамы 1988 жылдан бері тойланып келеді, ал 2001 жылы Наурыз мемлекеттік мейрам ретінде жарияланған болатын).

Ұмытылып бара жатқан дәстүрлердің бірі десем де болатын шығар, жігіттер  қыз-келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді, оны «селт еткізер» деп атаған екен (осылайша жігіттер өз сезімдерін білдірген көрінеді).

Тағам-тамақ әзірлеу – қазақ әйелдерінің күндіз-түні қол үзбей атқаратын тұрақты жұмысы. Ет тағамдарымен қоса ұннан да, тарыдан да алуан-алуан тамақ әзірлейді. Қазақ халқы ұлттық мерекеге жыл бойы дайындалады өйткені  күзден бастап дайындалған қазы, сүрленген ет тіпті сүт тағамдарынан жасалатын құрт, май, ірімшік жаз бойы әзірленіп  көктемге дейін сақталып мейрамда дастарханға қойылады.

Мен бұл мақаламда Монғолия елі,  Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданының Ақжар, Жетіарал ауылдарының тумасы әпке-апаларымыз ұлттық мереке жайлы жүзбе-жүз кезедсіп өз ауыздарынан естіп біршама мағлұмат алып мақаламды осылайша жазуды жөн көрдім. Әдебиеттерді қолдана отырып жазу бір бөлек, әр көктем сайын мерекелеп өскен және біршама өзгерістерінің куәсі болған жүрген аналарымыздың сөзін іріктеп жазу бір бөлек.

Тарбағатай ауданы Жетіарал ауданының тумасы Қазима Қабышқызы (1998 жылдан бері Өскемен қаласының тұрғыны) алты құрсақ көтерген, он сегіз немере төрт шөбере сүйіп отырған ардақты аналарымыздың бірі. Зейнеткерлікке шығып 2008 жылы «Әжелер алқасы» ұйымын құрған. Әжелеріміздің мақсаты салт-дәстүрімізді, өнерімізді жас ұрпаққа дәріптеу және ұлттық мерекелерде өз өнерлерін халық әндерімен жеткізу. Қазима Қабышқызы ши тоқу қолөнерін жетіп меңгеріп бүгінгі күнге дейін осы қолөнермен шұғылданып келеді. Ақ жаулықты анамыздан наурыз меркесі жайлы сұрағанда былай деп әңгімені өрбітті. Наурыз мейрамын Ауыл-ауыл болып көшеге шығып тойлайтынбыз ол кезде «сабан той» деп айтылған еді, бертін келе мемлекеттік ұлттық мерекемізге айналып отыр ғой. Көшенің қақ ортасында киіз үй тігіп, әркім өз шаңырағында кішігірім тойлап болған соң үйдегі тәтті тағамдарын (наурыз көже, бауырса, қоспа, ірімшік, құрт және т.б.) ең бастысы наурыз көжені әкеп дәм татып ол ұлттық ойындармен кішігірім концерттермен жалғасқан. Наурыздың маңыздылығы өте зор себебі дәл осы көктем айында табиғат құбылыстарынан басқа ата-бабамыздан қалған бай (құнды) салт-дәстүрімізді көзбен көріп, қолмен ұстап дегендей бойына сіндіріп өзінің шыққан ата-тегін көріп өскен бала жаман болмас (2сур.). Өсіп келе жатқан жас буынға нақыл сөздерменен айтып көрсетуіміз керек, міне сонда ғана болашағымыз қазақ ұлтына тән айқын болмақ дейді Қазима апамыз.   

Монғолия елінің тумасы Сара Асқабылқызы ұлттық мерекелері жайлы былай дейді... Жалпы Монғол халқы өте ырымшыл және сол ырымдарға қатты берік, сондай-ақ табиғатты  да аялап күтудің қас шеберлері. Сіздерде Наурыз болса, бізде  «Шаған» мерекесін тойлау деп айтылады. Бір жұма бұрын дайындық басталып, онда әртүрлі ұлттық тағамдар әзірленеді, солардың ең бастылары:

1.Ууз – бұл қой белінің төменгі бөлшегі бұзбай бітеу асылады (ет тағамдарымен бірге тартылады).

2.Бууз бұл манты (ішінде тартылған еті бар),  бууызды молғып жасап шаңыраққа келген әрбір қонақ тоя жеп қайтуы керек. Қазақстанда Наурыз көже болса, бізде манты.

3.Ұлбов - ұлтарақ бауырсақ, оны дөңгелек ұзыншақты ғып істейміз де оның орталарына биіктігі (30-40см.) болатындайғып тәтті кәмпиттермен әшекейлейміз (оның маңыздылығы өмірі әрқашан тәтті болсын..). 3 сурет.

Тойдан бір күн бұрын отбасы бала-шағасымен бірге ұлттық тағамдарын дайындап дастархан жайып өз орталарында тойлауды бастаймыз оны «битууний орай» дейді – мағынасы тоқшылықтың белгісі нышаны ретінде қабылдаған екен. Мерекені алғашқы күні таңертен ерте отбасындағы жастар яғни келіндер үйдің  үлкендеріне «сәлем» беріп құтықтап ақ тілектерін айтады. Содан соң ғана туыстарына көршілеріне жора-жолдастарына дәм тату үшін ауыл үйлерін аралайды (үш күнге жалғасады). Келген қонақтарды құр алақан шығармаған міндетті түрде сыйлықтарын (орамал, сүлгі және т.б.) беріп шығарған. Сонымен қатар жаңа күннің жаңа жылдың нышаны ретінде киімдерін жаңалап ескі-жұтық киімдерін лақтырып жаңалауға тырысқан. Алаңда ұлттық ойындар – «Балуан», «Ат бәйге», «Садақ ату» ойнатылады.

Дастархан басы «ақ тамақтан» басталады – сүт, қымыз, шұбат сусындардынан. Бір жыл бойы жататын ұлттық киімді сандықтан шығарып (осы жерде бір күліп алдық) жуып-шайып мереке  күндері киіп жүреміз. Сара апайымыз 2011 жылы отбасымен ҚР көшіп келеген. Нақтырақ айтсам Монғолия, Байбесік тұлба өңірінен. Қазіргі таңда Сара Асқабылқызы ШҚ облыстық этнографиялық музейде аула сыпырушы болып жұмыс жасайды, бос уақытында қолөнермен шұғылданады құрақ құрайды, ұлттық киімдер тігеді мысалы қазір Наурызға дайындықты бастап кетті, өзіне камзол тігіп жатыр екен.

Әңгіме барысында түсінгенім Монғал халқы наурыз мерекесін тойлаудан аса өзгешелік жоқ сияқты ма деп қалдым...

Қандай халықтың болмасын  салт-дәстүрлері халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы; қазақтарға [1, 3б.] тән бауырмалдық, ақжарқынды қонақжайлық. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтар да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әр халықта әр қырынан көрініс береді. Сонымен ұлттардың салт-дәстүрлеріндегі мінездері мен қасиеттері бір-біріне ұқсап, бірін-бірі толықтырады. Осы жерде бір мақал есіме түсып отыр «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген екен қазақ.

Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының тұрғыны бүкіл өмірін оқушыларға арнаған ұлағатты ұстаз Өркен Исанова.

Жалпы Тарбағатайды киелі деп, ШҚО аудандарының ең салт-дәстүрді берік ұстайтын өңірлердің бірі деп көбі айтып жатады.Өркен апайымыз әңгімені тереңнен бастады, 1986 жылы Тарихта Алтын Әріппен жазылып қалған – «Желтоқсан оқиғасы» - 70 жыл кеңес Өкіметінің құрсауында болып келген күллі әлемдегі Қазақстан жеріне, бостандық еркіндікті аңсаған халқына ақ таңып отырған оқиға еді. Тілінен, дінінен, салт-дәстүрімен айрылған қазақ елінің халі мүшкіл еді... Желтоқсан оқиғасы – бұлттан шыққан күндей боп, Қазақ елін дүр сілкіндіріп бөріктерін аспанға арттырып, Тәуелсіздік!!! Деген ұғымын қол ұшына іліндірді. Өзінің ел басын сайлап, Президент деген есім лайықталып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сынау «Қазағым деген қауым – жұртына нұрын шашып, көш керуенін Ақмалоға тартты. Желтоқсан оқиғасы – қазақ елінің жоғалтқанын тауып, өлгенін тірілтіп, өлкенің жандырғанын да ширек ғасырдан астам уақыт болыпты. Бұл мерзім аз да емес, көп те емес дегенмен тәуелсіз Егеменді ел екенімізді бүкіл әлемге паш еттік. 1988 жылдан қазақ елінің ұлттық мейрамы жаңа жыл басы – 22 наурызда дәстүрлі ұлт мерекесі ретінде тойлай бастадық Бұл дәстүр бүгінгі таңда Елбасының бекітіп берген демалыс күндерімен 2001 жылдан бері Қазақстан жұртшылығының жыл сайын өзінің қазақи салт-дәстүрімен, әдеп-ғұрпымен қариялардың Ақ батасымен пайдалануға әдетке айналған. Наурыз мерекесі әр отбасынан бастау алып, «балабақша», «мектеп», «жоғарғы оқу орындары», әрбір мекемелерде жыл сайын жоспарлы түрде барлық салт-дәстүрге сай атап өту жүйелі жолға қойылған. Еліміздің тұтастығын ұстайтын жастар қауымы үшін және болашақ бүлдіршіндеріміз үшін нағыз қазақи ұлттық тәрбиенің көзі болып қала бермек.

Дәл осы төл мерекемізде балаларымызды тәрбиелік мәні бар сан-алуан дәстүрлерімізді дәріптеп бойларына сіндіруге болатынын да айтқым келеді. Дастарханға қойылатын ұлттық тағамнан бастап, әдемі оюларға толы мерекеде киілетін киімдерден бастап, ұлттық ойындар т.т. өз ұлтының құнды байлығын, тарихын көріп, біліп өскен бала ол ешқашанда жамандыққа бармайды деп ой.....

Наурыз – мереке мен берекенің де бастауы. Әлемді мойындатқан Қазақстан, Қазақ елі жасасын деп ақ тілегіммен аяқтағым келеді...

 

 

Жер бетіндегі ең қонақжай халық – қазақ халқы.

Бұрынғы заманда қыр елінің негізгі азығы малдың еті мен сүті болған. Ет пен сүттен сан алуан сапалы, дәмді, кенеулі тағамдар дайындалған.

Қазақ үйінде қонақасылық еті бола тұрса да құрметті қонақ келсе оған арнап мал сояды. Бұл ретте көбіне қой сойылатынын жақсы білеміз. Қазақ салтында қойдың басын көбіне қадірлі қонаққа, беделді ақсақалдарға тартады.

Малдың етін мүшелеп бұзып, әрбір мүше жілікті сыбаға ретінде сыйлап ұсынады.

Қойдың қадірлі мүшесі:

бас, жамбас, жамбастан кейін – кәрі жілік, одан кейін – асықты жілік, өзге мүшелері осыларға қосалқы болып келеді.

Жылқының ең қадірлі мүшесі:

жая, одан кейінгісі – қазы-қарта, жал деп саналған.

Ұлтымызда қонақтарға тартылатын табақтар, адамына қарай: бас табақ, орта табақ, жай табақ болып үшке бөлінеді.

Бас табақ: жасы үлкендерге, аса қадірлі адамдарға тартылады. Оған салынатын кәделі мүшелер – бас, жамбас, ортан жілік, белдеме, сүбе қабырға, қойдың ұлтабары, жылқы етінен – қазы-қарта, жал-жая тартылады.

Орта табаққа: бір жамбас, кәрі жілік, ұзын омыртқа, бір сүбе салынады.

Жай табаққа: кәрі жіліктен бастап омыртқа бұғана, бір жауырын салынады. Қойдың ішкі мүшелерінен бауырдан басқасы табаққа салынбайды.

 

Наурыз мерекесін жаңа жылдың бастауы деп ғана бағаламай сонымен қатар наурыз тоқшылық күні. Қазан оттан түспейді, әр үй наурыз көже істейді. Уыз қатырады, сорпа сапырылады.

«Наурыз көжеге» салынатын жеті дәм:

1.су

2.соғымнан сақтаған сүрі ет

3.тұз

4.бидай

5.езілген құрт

6.кеспе немесе күріш

7.

Наурыз көженің дәстүрлі, мерекелік ұлттық тағлымы өте зор. Ол барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, татулыққа, бірлікке шақырады. Міне осылайша мен өзімнің наурыз мейрамына арнаған мақаламды осылайша аяқтаймын.  

Міне осылардың бәрі ата-бабамыздан бүгінгі күнге дейін ұмтылмас қазына болып келгеніне... Шүкір! Біз Егеменді елде, Бейбітшілік орнаған жерде өмір сүріп келеміз осының бәрі Елбасымыздың арқасында. 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

 

  1. Жүсіпова Б.Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, 2007. – 3бет.

 

Ж. Рахатова

ШҚ облыстық сәулет-этнографиялық және

табиғи-ландшафттық мұражай-қорығы

кіші ғылыми қызметкер

 

«НАУРЫЗ – ЕЛ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ КҮН» атты республикалық ғылыми конференция  жинағы, Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Астана, 2018 г., 217-221

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …