• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар ғылыми қызметкерлердің мақалалары Құмарова Б. "Масленица" қандай мейрам ?

Құмарова Б. "Масленица" қандай мейрам ?

Диқандық кәсіппен  айналысатын   халықтар  арасында  көктемде  келетін егіс  жұмыстарына  арналған неше  түрлі  әдет-ғұрып  мерекелері  атап өтіледі. Қараңғылық  пен өлім  құдайы болып  табылатын  қары мен аязы  көп қысты  қуып, керісінше ұйқысынан  жаңа оянған  табиғат әлеміне  жарық пен  жылу әкелуші  гүл көктемді  қарсы  алу, Европа  халықтарына  христиан  календарына  сәйкес  қыспен  қоштасу  ауыз бекітудің  алдында жүреді.                    16 ғасырдан  бұл  мереке  орыс халықтарында  "Масленица"  деп аталса, Батыс Европа  халықтарында "Карнавал"  деп аталады.  Жаңа жыл санауы  бойынша  әдетте  "Масленица"  ақпан  айының  екінші  жартысына  немесе  наурыз айының  басына келеді. Биылғы жылы  "Масленица" 6-12  наурыз күндері  атап өтіледі  де, 13 наурыздан  барша  славяндықтар  ауыздарын бекітіп, сәуір  айының  30-да  ауыздарын ашып, үлкен  мереке "Пасханы" қызыл жұмыртқамен қарсы алады.

Мерекенің  "Масленица"  аталу себебі, бір апта бойы өте көп майлы тағамдар  желінеді, әсіресе, майға пісірілген  жұқа дөңгелек құймақтар (блины) мол болады. "Неліктен құймақ  құйған", - деген сұраққа, мынандай болжамдар  мен ырымдар  бар екен.  Біріншіден, оның дөңгелек  формасына қарап көктегі  күнге теңеген, сол жанұяға  жылу әкеледі, жарық әкеледі деген. Екіншіден, ол ұннан жасалғандықтан  көктемгі жаңа егістен  мол  астық алу үшін  әр үйде  оны  мол істеуге  тырысқан. "Масленица" барлық мерекелердің  ішіндегі ең думанды  да қызықты  мерекелердің  бірі, сондықтан кәрі-жас демей, алыстағы ауылдарда да, үлкен қалаларда да ойын-сауық,  ән-күй мол болып, қыстың қалған  қарына  мәз-мәйрам болғандар  биік таулардан, төбелерден сырғанаған екен.

Мереке барысында  адамдар  бір-бірінің  үйіне  барып құттықтасып, дәм татысыпты. Көшеде сәнді киінгендер арасынан еркектердің  әйел болып,  әйелдердің  керісінше  еркек  болып немесе  аюдың, ешкінің, шайтанның  костюмдерін  кигендерді де кездестіруге  болады. Әдетте, бұлай киінгендер сырнайшылары бар көңілді топтар арасында  жүреді.  Міне, осындай  топтағылар  мерекеге арнайы  істелген  сырғанақ орнына барып, халықтың көңілдерін көтереді.  Биік таудан сырғанау үшін халық неше  түрлі амал-шаралар ойластырыпты:  біреулер қол шанамен сырғанаса, екіншілер тақтаймен, тағы біреулер ұзын орындықты төңкеріп  бірнеше  кісі бір-ақ  отырып, теуіп  түскен, оны "катание на козлах"  деп атаған.  Жастар жағы қалыңдықтарына деген сезімдерін  білдіру үшін, сырғанаған бойда оның  бетінен  25 рет  сүюі  керек екен.

Мереке қызғанда, қос-қос  ат-шаналар шегіліп, әрине олардың  әбзелдері  әшекейленген, доғаларына  бірнеше  қоңыраудан  таққан, көршілес ауылдастарын  құттықтап, дәм-тұз татып, әндетіп, сырнайлатып, көңіл көтеріп қайтады екен.

Ресейдің  қары қалың, мол жерлерінде "Масленицада"  қармен атысып  ойнайды. Ол үшін әдейілеп үлкендер қардан  қамалдар салып, екіге бөлінген команда бір-бірін қардың  астына алады.  Апта басында  жас бойжеткендер мен келіншектер бір жерге жиналып, "Масленицаның"  мүсінін жасапты, көбіне оны сабаннан немесе сыпырғыштан жасаған екен. Қуыршақ масленицаға көбіне  әйелдердің ескі-құсқы киімдерін кигізген, тіптен оған кейде  ат қойып, онымен тірі кісімен сөйлескендей сөйлесіп, өлеңге салып, қалжыңдасып отырған екен.

Сөйтіп, "қуыршақ масленицамен"  бір апта бойы анда-мұнда апарып сырғанатып болған соң, онымен қоштасу рәсімі болған.  Бұл рәсім өткен ғасырда Ресей  губерниясының  әр жерінде әрқалай  өткен, біреулер  жаққан, біреулер көмген, тағы біреулер суға батырған. "Масленицамен"  қоштасу көбіне  орыс халықтарында  сақталыпты, ал украин,  белорус  халықтарында мұндай әдет  ондай кең тарамаған көрінеді. Украиндықтар "масленицада" жасы жетіп, тұрмыс құрмаған жастарды қалжыңмен жазалау үшін, олардың аяғына, не қолына ағаш тақтай  байлап, сүйреткізіп қояды.  Мұндай әдет "волочить колодку"  деп аталған.  Осыған орай  украин халқы бұл мерекені "колодка"  не "колодий" деп атаған екен.

Жазаланушы  жастар, ақша  беріп құтылады да, жиналған ақшаға  бәрі қосылып көңіл көтерген екен.

Украинаның  кейбір губернияларында  өткен ғасырда  осы әдетті, керісінше  балаларын уақытында үйлендірмеген ата-анасының  аяқтарына байлапты. Әрине олар да құн төлеу  арқылы  ғана құтылған.

Кейінірек ағаштың орнына лента, не бас орамал, кейде қағаздан жасалған гүл байлаған екен.

Белорус халқының  масленицасы  да орыс халқымен  салыстырса, ондай кең көңілді-думанды болмайды екен, тек орыс халықтарымен көршілес жерлерде көңілді өтеді екен.

Айта кететін бір жайт, украин халқы да, белорус халқы да  масленицаға  міндетті түрде  құймақ орнына  вареники істеген екен. "Масленица"  діни мереке  болмағандықтан, оны  шіркеуде атап өтпейді, алайда масленицаның ақырғы күні  - жексенбіні  - "Прощенное воскресенье" деп аталғандықтан, шіркеу діни мереке ретінде  осы күнді ғана  қабылдаған. Бұл күні  барша  халық  бір-бірінен  кешірім сұрап, кезінде  болған  өкпелерін ұмытып, қауышулары  тиіс екен.

Жексенбінің  тағы  бір екінші аты бар , ол "мясоед", яғни  бұл күні  барлық қалған-құтқан еттің бәрін жеп, түк  қалтырмау керек, өйткені дүйсенбіден бастап ауыз берік болады. Осыған орай әдетте қайын аталар  күйеу балаларын  осы "мясоедқа"  шақырған екен. Орыс ағайындарға, мереке иелеріне  масленица  көңілді  өтсін, құймақтарыңыз  мол болсын, қарындарыңыз  тоқ болсын дейміз.

Б. Құмарова

Дидар, 26. 02. 2000 ж.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …