• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

Түрікмендер

Ұлт. Халықтың өзінше атауы - түрікмендер. Көпшілігі Түрікменстанда тұрады.  Түркі тілдер тобының оғыз бұтағына  кіретін түрікмен тілінде сөйлейді. Әдеби тілі текин диалектісі негізінде. Суннит-мұсылмандар дінін ұстанады.

Түрікмендердің негізгі кәсібі егін шаруашылығымен бірге көшпелі және отарлы мал шаруашылығы.

 

Дәстүрлі тұрағына киіз үй (гара ой)  жатады. Сонымен қатар тұрмыстық қоныстарының қатарына 1-3 бөлмелі саз балшықтан соғылған немесе өңделмеген кірпіштен тұрғызылған жазық төбелі, кішкене терезелері бар  үй (там)  жатады.

Ұлттық тағамдарына түрлі дәмдеуіштер қосып, еттен жасалған сорпа (чорба), қуырылған ет (говурма), палау (палов), сүтті тағамдарына сиырдың, ешкінің, түйенің  сүтінен жасалған тағамдар (гатык, сузме, агаран) жатады.  Ұннан шелпек (чорек, гатлама, челпек) пісіреді. Көп мөлшерде көк шай (гок чай) ішеді.


Егде жастағы түрікмендерде сақталған ерлер костюмдері жейде мен дамбалдан тұрады: сыртынан шапан киген. Бас киімдеріне ішінде кестеленген тақиясы бар,  ұзын  жұмсақ шашақты биік бөрік жатады. Шабандардың ұлттық аяқ киімдеріне ірі қара терісінен тігілген - чарык, чакай жатады. Қызыл түсті жібек шапандарды - гырмызы дон - телпекпен бірге мереке кездерінде, сондай-ақ, жас жігіттер  киеді.

Әйелдер - койнек - туника тәріздес, қарапайым қызыл түсті, ұзындығы тобықтан келетін көйлек, қысқа көкірекше (енсиз), астынан тар шалбар (балак) киеді, бастарын жібек немесе жүн орамалмен жауып жүреді.  Көптеген аудандарда қыздар бастарына  күміс әшекейлермен кестеленген тақия (тахья, борик) киеді. Әйелдердің ұлттық костюмдерін көп мөлшерде  күміс әшекейлермен кестелеу  тән

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …