• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
экспозициялар Шығыс Қазақстан қазақтарының этнографиялық мұрасы
Шығыс Қазақстан қазақтарының этнографиялық мұрасы

Шығыс Қазақстан қазақтарының ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы этнографиялық мұрасы

«Шығыс Қазақстан қазақтарының ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы этнографиялық мұрасы» атты тұрақты экспозиция екі залда орналасқан және 15 бөлімнен тұрады. Негізгі бөлімдер: «Көшпелі мал шаруашылығы», «Қазақтардың кілем-киіз бұйымдары», «Тері өңдеу кәсіпшілігі», «Ағаш өңдеу», «Зергерлік өнер», «Кесте».

 

Көшпелі мал шаруашылығы

Төңкеріске дейінгі кезде қазақтардың шаруашылығының басты саласы мал өсіру болды. Қазақтардың негізгі байлығын қой мен жылқы құрайтын. Көшпелі қазақтың дәулеті мен атағы жылқысының санымен өлшеніп, есептелетін. Жылқының шаруашылықтық маңызы зор болғандықтан көшпенділер үшін оның алатын орны ерекше. Бәрінен бұрын жылқы төзімді әрі жыл бойы жайылып шығуға бейімді жануар болып табылады. Жылқы өсіру көшпелі шаруашылық  жүргізуге аса ыңғайлы етті. Жылқы көшпендіге жаз мезгілінде жақсы сақталатын дәмді де жұғымды ет, көне замандардан күні бүгінге дейін жеткен сүйікті сусынымыз – қымыз әзірленетін сүт, көшпендіге өте қажетті берік арқан есуге керекті қыл, аяқ киім үшін былғары беретін.

 

Аңшылық

Қазақтарға аңшылық негізгі кәсіп болмаса да, ертеден шаруашылығына демеу болған. Кедейшілікке ұшыраған бірқатар қазақтар үшін ғана аңшылық негізгі кәсіпке айналған. Елдің басым көпшілігі онымен оқтын-тектін  айналысатын. Байлар үшін аңшылық ермек болған.

 

Әскери Қару-жарақ

Қазақтардың әскери сауыт-саймандары: қару және қорғаныстық құрал – жарақ болып бөлінген.

Қазақ қаруы дәстүрлі бес түрге бөлінген:

 

Ұсталық кәсіп

Ұсталық кәсіп – ертеден келе жатқан кәсіп түрі болып табылады, ол көшпенділер өмірінде халықты шаруашылық және тұрмыстық маңызы бар бұйымдармен қамтамасыз еткен.

 

Тері өңдеу кәсібі

Тері өңдеу кәсіпшілігі қолөнерлердің арасында жетекші орын алған.  Қазақтар баяғыдан-ақ тері илеуді және оны әртүрлі түске бояуды білген, теріге батырма салу, өрнек тігу техникаларын меңгерген.  Бояуларды өсімдіктерден және жергілікті жерде өндірілетін түрлі минералдардан алған.  Сары, қоңыр, тоқсары, қызыл, күрең қызыл, қан қызыл және басқа бояғыштар алынатын негізгі өсімдік риян мен оның тамырлары болған. Мысалы, қанық сары бояғыш алу үшін ашудастан жасалған арнайы ертіндіге тамырды көп мөлшерде салып қайнатқан. Көптеген шебер әйелдер бояудың нілі шықпас үшін ерітіндіге қойдың майын қосқан.


 

Ши тоқу

Ши тоқу – көне кәсіптердің бірі. Ши тоқуға қазақтар шидің  сабағын қолданған. Ол үшін әуелі әр шиді белгіленген сурет бойынша түрлі түсті жүннің иірілмеген талшықтарымен жеке-жеке шырмап алады. Бұдан соң оларды біріктіре тоқып кілемдей әсем сурет шығарады. Осылайша тоқылған шым шимен киіз үйдің керегелері айнала қоршалған, сондай-ақ киіз есіктің ішкі жағына тұтылған.

 

Ағаш өңдеу кәсібі

Ағаш өңдеу кәсібі қазақтардың өндірістік қызметінің аса маңызды салаларының бірі болып табылған, өйткені ол тіршілікті қамтамасыз ететін мәдениеттің  элементтерін жасайтын.

Ағаш шеберінің құралдары көптүрлілігімен ерекшеленбейтін: шаппа шот, қашаулар мен пышақтар, біздер мен қысқаштар, аралар мен егеулер  жиынтығы.

 

Киімі

ӘЙЕЛДЕР КИІМІ

Әйелдер киімінің түрлері ерлердікіне қарағанда көбірек және жасына қарай ерекшеліктері болған. Әйелдердің ішкі киімі көйлек пен дамбалдан тұрған. Сырт көйлекті жеңіл матадан тіккен, оның пішімі туника тәріздес болып келген.

ХІХ ғасырдың соңында ескі үлгіні біртіндеп ысырып шығарған жаңа үлгідегі көйлектер пайда болды. Көйлектерді кеудешелі етіп және етегі белден қиылып жасай бастады.

 

Зергерлiк өнері

Қазақ халқының зергерлік өнері ерте замандағы шеберлердің дәстүрлерін жалғастыруда. Ол этнос мәдениетін құрайтын маңызды бөліктердің бірі болып табылады.

 

Сержан Бәшіровтың шығармашылығы

Сержан Бәшіровтың шығармашылығы белгілі бір стильдік бағытқа бағынбайды. Оның еңбектерінен әлемдік авангардтың, тұжырымдамалық өнердің ықпалын және халықтық өнердегі ғарышнамалық абстрактылық идеялардың тереңінен өзгеріске ұшырауын байқауға болады. Бұйымдардың кей кезде тіпті әдейі бұрмаланған, барынша көнелендірілген, дәстүрлі ұлттық символикамен қанықтырылған, сонымен бірге қазіргі заманғы дизайн пішіндері рухында келте қайырылған, көзге қораш көрінетін пішіндері ғасырлар түкпіріне кететін салттар мен қазіргі заманғы пластикалық-музыкалық ырғақтарға байланысты көпқабаттылық сезімін оятады.

 

Музыкалық аспаптар

Қазақ халқының музыка өнерінде өмірдің сан қыры көрініс тапқан. Тарихи оқиғаларды қозғайтын, қайғы мен қуанышты, ірі мен ұсақты тілге тиек ететін халық әншілері мен күйшілері өз замандарының шежірешілеріне айналған.  Олардың әндері, аңыздары, жырлары мен күйлері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ғасырлардың терең қойнауынан біздің заманымызға дейін жетті. Қазіргі уақытта музыкалық аспаптардың 25 түрі белгілі.

 

Сауда

Шығыс Қазақстаннан Жетісуға, Түркістанға, Қытайға қарай керуен жолдары созылып жататын. ХІХ ғасырдың соңғы ширегіне дейін барлық тауар құрлық жолдары арқылы тасымалданды және мұның өзі қазақ халқының арасында жүк тасымалдау кәсібінің дамуына жағдай жасады.

 

Кесте

Қазақ кестесінің негізі көнеден басталады. Ғұндардың молаларынан (б.д.дейін) табылған түрлі үлгіде кестеленген жапқыштардағы қолданылған өрнектер стилі жағынан ғана емес, ою-өрнекті құрастыру тәсілдері жағынан да қазіргі қазақ кестесімен өте ұқсас болып келеді.

 
Еще статьи...


Страница 1 из 2

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …