|
Наурыз мейрамы. 2025
 22 наурыз күні ШҚО музей-қорығы Наурыз мейрамы аясында жалпықалалық іс-шараға қатысты. Орталық алаңға тігілген үлкен киіз үйге музей-қорықтың этнографиялық көрмесі қойылды. Қала тұрғындарының назарына кілем тоқу, тұрмыстық заттар және қазақтың ұлттық киімдері ұсынылды. Сондай-ақ, қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіліп, барлық ниет білдірушілер ұлттық ойындарға қызығушылықпен қатысты. Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мереке түрлі қойылымдармен және тақырыптық концерттік бағдарламамен сүйемелденді.
|
Ұлттық киімдердің дефиле-көрмесі. 2025
 18 наурызда Республика алаңында орналасқан үлкен киіз үйде Наурызнама мерекесі аясында ұлттық киім күніне орай ұлттық киімдердің дефиле-көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде музей-қорық қызметкерлері заманауи киім үлгілерімен қатар, көне қазақ ұлттық киімдерін де көрсетті. Сондай-ақ, әйелдердің зергерлік бұйымдары: білезіктер мен қапсырмалар және музей-қорықтың қор топтамасынан қазақтың бойтұмар және шолпы сияқты әшекей бұйымдары да ұсынылды.
«Ғасырлық дәстүрлер» фестивалі. 2025
 2025 жылдың 6-7 наурызы күндері Өскемен қаласында креативті индустрияларды дамыту аясында Халықаралық әйелдер күніне және Жұмысшы мамандықтарының жылына арналған «Ғасырлық дәстүрлер» атты кілем тоқу және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының алғашқы республикалық фестивалі өтті.
Интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні. 2025
 15 ақпанда ұмытылмас күн – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні атап өтіледі. ШҚО музей-қорығында музейде еңбек ететін интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетілді. Оларға алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табыс етілді. Музей әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті құттықтау сөз сөйлеп, әріптестері мен іс-шара қонақтары әндер шырқады. Ардагерлер атынан М. Селиванов пен А. Құрымбаев сөз сөйлеп, сол бір қиын жылдар туралы естеліктерімен бөлісті. Олар өз борыштарын атқара отырып, болашақ ұрпаққа үлгі боларлық батылдық пен ерлік көрсетті.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған Ескі Жаңа жыл. 2025
 2025 жылдың 17 қаңтары күні ШҚО мәдениет басқармасының қолдауымен Солжағалық кешенде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін Ескі Жаңа жылға арналған мерекелік іс-шара өтті!
Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы, Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры, ШҚО білім басқармасы мен музей-қорықпен бірлесіп «Ақниет» орталығының тәрбиеленушілері мен Өскемен қаласындағы №8, №19, №37 мектептердің оқушылары үшін театрландырылған қойылымдар, қызықты ойындар және сазды әуендермен интерактивті бағдарлама дайындады.
Балалар мерекелік шарадан керемет әсер алып, соңында оларға сыйлықтар тарту етілді! Бұл шара ерекше қонақтарымыздың барлық қажеттіліктері мен жайлылығын ескере отырып ұйымдастырылды.
Аяз Ата резиденциясының ашылуы. 2024
 2024 жылғы 21 желтоқсанда музей-қорықтың Солжағалық кешенінде «Аяз Ата, Ақшақар - 2024» республикалық фестивалі аясында Аяз Ата қысқы резиденциясының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу күні қысқы резиденцияға 500-ден астам келушілерді, қала тұрғындары мен қонақтарды қабылдады. Тақ залында балалар мен ересектер Аяз Атамен сөйлесіп, хат жазып, естелік фотосуретке түсіре алды.
Сондай-ақ, іс-шара қонақтарын концерттік және ойын бағдарламасы, мәнерлеп сырғанаушылардың өнер көрсетуі, «Нұр туған» Ежелгі мерекесінің орындалуы күтіп тұрды.
"Бейбітшілік және келісім" кездесуі. 2023
 
2023 жылғы 4 тамызда, қазақстандық медиаторлардың кәсіби мерекесі қарсаңында ШҚО музей-қорығының Солжағалық кешені аумағында "Бейбітшілік және келісім" тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге музей-қорық әкімшілігінің өкілдері, ұжым мүшелері, сондай-ақ, "Шаңырақ" Шығыс Қазақстан медиация орталығының басшысы Е.А. Әбдрахманова, ШҚО бойынша облыстық соттың судьясы А.В. Володкина, бітімгер судьялар С.Ж. Данышпанова, А.С. Карманов, А.А. Қасенова, Ж.С. Қасенова, журналистер қатысты. Е.А. Әбдрахманова мен А.В. Тен ұжым алдында кіріспе сөз саптап, қазіргі қоғам жағдайында өзекті болып табылатын дауларды баламалы түрде шешу институтының маңыздылығын атап өтті.
Музей-қорықтың 55 жылдығына арналған «Музейдегі түн» аясындағы іс-шара. 2023
 
2023 жылдың 19 мамыры күні музей-қорықта музейдің мерейтойына арналған «55 жыл достар ортасында» атты жыл сайынғы «Музейдегі түн» акциясы өтті. Қ. Қайсенов атындағы саябақтың орталық сахнасы маңына жиналған қала тұрғындары мен қонақтарды вокалдық және би ұжымдарының мерекелік концерті күтіп тұрды. Саябақтың этноауылында орыстың қима бөренелерінде отырып, қоспа шәй мен ескі орыс рецептерімен жасалған құймалар ішуге болатын еді. О. Бөкей үйінің жанында «Шабыт» студенттік театрының орындауындағы жазушының шығармаларынан үзінділер тыңдау мүмкіндігі туды. Сауда қатарында мерекенің барлық қонақтарын қолдан пісірілген кондитерлік өнімдер мен самауырдың шәйі күтіп тұрды. Саябақ алаңдары мен музей ғимараттарында ойын-конкурстық бағдарламалары, шыныға сурет салу, қол өнері, халық және үнді билері бойынша шеберлік дәрістері, сондай-ақ, флэш-мобтар, викториналар және музей экспозициялары бойынша экскурсияларф өтті.
2023 жылдың 22 наурызында музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімі Наурыз мейрамына арналған «Дәстүрлі орыс тағамдары мен ойындары» іс-шарасына белсенді қатысты. 2023
  
Достық үйінің жанындағы алаң – Қоғамдық келісім орталығы орыс ұлттық тағамдарының көрмелері қойылған орынға айналды, олардың арасында «жаворонки», «тетёры» сияқты тағамдар пісірді, көктемгі күн мен түннің теңелуі күніне дәстүрлі түрде дайындалды және бұл біздің күндерімізге дейін ежелден келе жатыр. Олардан бөлек құймақ, бәліш және т.б. да дәстүрлі тағамдар дайындалды, сондай-ақ самауырдан шай ұсынылды. Мерекеде «Шеңберде қаптармен күрес» атты дәстүрлі орыс әзіл байқаулары ұйымдастырылды. Бұл орыс ойыны Масленица сияқты жаппай орыс мерекелерінде өтті. Балалар бұл жарыстарға ықыласпен қатысып, көрермендерді қуантты және қатысқаны үшін сыйлықтар алды. Қамту: 1500 адам.
Қазақтың дәстүрлері. 2023
 
Терең дәстүрлі құндылықтардың қайнар көзі және ұлттың бірегейлігін құрудың жоғары шоғырландырушы әлеуеті мен тетігі бар аса маңызды бүкілхалықтық мерекелердің бірі – Наурыз мейрамы қарсаңында музей-қорық директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлжан Кашакуқызы облыстық «Алтай» телеарнасының және «Дидар» газетінің журналисттерімен кездесті. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы жайлы әңгімеледі. Осы орайда, музей-қорықтың Солжағалық кешенінде қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау мақсатында көпшілік іс-шаралар, дәрістер, тақырыптық және шолу экскурсияларын үнемі өткізілетінін баяндады. Жаз мерзімінде қазақ ауылында тұсаукесер, беташар дәстүрлері көрсетіліп, қымызмұрындық, ұлттық домбыра күні сынды халықтық мерекелер тойланатыны тілге тиек болды. Әңгіме арқауы атқарылған істер болса, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарымен де бөлісті. Сөз соңында, Солжағалық этнографиялық кешен қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеуге, достық пен келісімді нығайтуға, дәстүрлерді, салт-саналар мен әдет-ғұрыптарды жаңғыртуға өзіндік үлес қосып отырғанын баса айтты.
|
|
|
|
Страница 4 из 44 |