|
 
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.
Қосымша фотосурет ... |
 
«Шабыт мекені»
12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!
Қосымша фотосурет ...
|
|
Алтай – Мүсілім Құмарбековтің алтын бесігі. 2019
 
5 наурызда орталық қалалық кітапханада шығысқазақстандық жазушы, журналист Мүсілім Құмарбековтің 80 жылдығына арналған әдеби кеш болып өтті. Сирек кітаптар және иконажазу бөлімі «Алтай – менің алтын бесігім» атты көшпелі көрме ұйымдастырды.
|
Музей-қорық Қытай мәдени-туристік көрмесінің алғашқы ашылуына дайындалуда. 2019
 
Шығыс Қазақстан облыстық аймақтық байланыс орталығында 26 ақпан күні музей-қорықта ашылатын «Шығыс Қазақстанды тамсандырған ғажап Қытай» атты алғашқы қытай мәдени-туристік көрмесін өткізу туралы баспасөз конференциясы өтті.
Ауғаныстан – жазылмас жара. 2019
 12 ақпан күні музей-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімі Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай, №36 орта мектебінің орта және жоғарғы сынып оқушылары үшін «Ауғаныстан – жазылмас жара» атты тақырыптық іс-шарасын өткізді.
Ақын жасаған әлемде. 2019
 
Сирек кітаптар және иконажазу бөлімі Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Серік Ғабдуллинге арналған IV Ғабдуллин оқуларына қатысты.
Оқу Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ қалалық кітапханасында өтті. «Сирек кітаптар және иконажазу» бөлімі музей-қорықтың қор жинақтамаларының негізінде «Серік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығы» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеге ақынның домбырасы, сағаты, жазу машинасы және басқа да мемориалды заттар қойылды. Бөлім меңгерушісі Гүлжан Кашакудың айтуынша, көрмеде тұрған заттардың бір бөлігін Серік Ғабдуллиннің өзі музей-қорыққа тарту етті. Солардың қатарында оның досы Ғазез Сәттібаев салған Серік Ғабдуллиннің кескіндемелік портреттері бар. 2012 жылы музей-қорықта Серік Ғабдуллиннің 75 жасқа толуына орай көрме ұйымдастырылған болатын. Ғабдуллина Шынар Серікқызы 2017 жылы музей-қорыққа ақынның мемориалдық заттарының тағы бір бөлігін сыйлады. Оның ішінде Жамбыл Жабаевтың және Сәкен Сейфуллиннің бюсті бар.
Музей-қорық халықаралық жобаға қатысады. 2019
 Музей-қорық Қазақтың спорт және туризм академиясы ғылыми-зерттеу институтынан «Ұлы Сібір экспедициясының маршруттарымен» атты халықаралық жобаға қатысуға ұсыныс алды. Жоба Ресейдің 40 аймағы мен 11 елді, оның ішінде Қазақстан Республикасы да бар, біріктіріп отыр.
Украин әйелдерінің киімдері жаңа каталогта көрсетілді. 2019
 Музей-қорық «Украин әйелдерінің көйлектері» атты каталог шығарды. Онда украиндардың музей қорынан алынған ескі киімдерінің элементтері ұсынылған.
Каталогты құрастырушы халықтар және аз санды этнотоптар этнографиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері М.М. Резонтованың атап өткеніндей, музей-қорық қоры украиндық текстильдің бағалы топтамаларына бай.
Музей – дінтанушы-мұғалімдерге. 2019
 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының меңгерушісі С.Г.Щегловтың өтінімі бойынша
2019 жылғы 24 қаңтарда музей-қорықтың Головков көшесі, 29 ғимаратында ауыл мектептерінің дінтанушы-мұғалімдері үшін жыл сайынғы курстар шеңберінде
9 сыныптарға дінтану пәнін оқыту тақырыбы бойынша бірқатар дәрістер оқылды.
Тараз қаласындағы халықаралық туристік форумға қатысу. 2018
 13 – 15 желтоқсан күндері Жамбыл облысының Тараз қаласында халықаралық «Ancient Taraz-2018» туристік форумы болып өтті. Оған музей-қорықтың халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің меңгерушісі, ШҚО қолөнершілері Ресурстық орталығының басшысы Райса Мұхамеджанова қатысып қайтты. Форумда ұйымдастырылған қолөнершілердің халықаралық көрмесінде Шығыс Қазақстаннан барған Айман Боқпасарова мен Сайлан Мұқаметбек те болды.
«Өткен күннің дидары» көрмесіндегі тарихтың қас-қағым сәттері. 2018


20 желтоқсанда музей-қорықта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Д.П. Багаевтың Павлодардағы мемориалдық музей-үйінен алынған «Өткен күннің дидары» атты фотосурет көрмесі ашылды. Онда Дмитрий Багаевтың Павлодардағы Ертіс өңірінде ғұмыр кешкен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен 1929-1931 жылдары түсірген 40-тан астам суреті қойылған.
Толығырақ...
Тарих беттерін парақтағанда. 2018
 2018 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күні қарсаңында музей-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімі «Тарих беттерін парақтағанда» іс-шарасын өткізді. Аталған іс-шараға Өскемен қаласының №26 орта мектебінің оқушылары қатысты (25 адам шамасында).
|
|
|
|
Страница 19 из 44 |