|
 
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.
Қосымша фотосурет ... |
 
«Шабыт мекені»
12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!
Қосымша фотосурет ...
|
|
Мұражай-қорық директоры Н.А.Зайцевтің есеп беруі, 2014
 
2014 жылғы 20 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығында мұражай-қорық директоры Н.А. Зайцев 2013 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша есеп берді.
Директор өзінің жасаған баяндамасында мұражай-қорықтың 2013 жылы облыстық мәдениет басқармасы бекіткен жоспары негізінде жұмыс істегенін атап өтті, қаржыландыру және материалдық база жағдайындағы қолда бар ресурстар мен қорлар пайдаланылды.
Мұражай-қорық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған жоспарына сәйкес 2013 жылы халыққа көрсетілетін қызметтердің көлемі ұлғайды.
|
Комсомолға 95 жыл. 2013
 
Мұражай-қорық ғимаратында 2013 жылғы 24 қазанда мұражай-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімі комсомолдың 95 жылдығына арналған іс-шара өткізді.
Іс-шара мақсаты: жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, ШҚО-да ұрпақтар сабақтастығын және жастар қозғалысын дамыту тарихын сақтау.
Тілдер күні. 2013
 Халықтар этнографиясы және азсанды этнотоптар бөлімінің қызметкерлері 2013 жылдың 19 қыркүйек - Қазақстан халықтарының Тілдері күні шеңберінде облыстық Достық Үйінде «Әр тілде кітап оқимыз» атты көрме ұйымдастырды.
«Жібек жолы» саябағы ашылды. 2013
 
2013 жылғы 14 қыркүйекте Мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде «Жібек жолы» саябағы ашылды.
Әзірбайжандардың «Oglan toу» (Охлан тойы) үйленутойылық дәстүрі. 2013
 
Үйлену тойылық жөн-жоралғы – мұражай-қорықтың Солжағалық этнографиялық кешенінің Әзірбайжан қонысында жас жұбайлардың күйеу жігіт үйінде кездесуі
Мұражай-қорықтың Солжағалық этнографиялық кешенінде 2013 жылғы 14 қыркүйекте мұражай-қорық қызметкерлері «Азери» әзірбайжан этномәдени бірлестігімен бірлесіп Әзірбайжан қонысында іс-шара - «Oglan toу» (Охлан тойы) үйленутойылық ғұрып өткізді.
Менің мәңгілік гүлденген бағым...2013
 
2013 жылдың 5 шілдесінде мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің Үлкен павильонында киім дизайнері, үлгіші-стилист Евгения Михайловна Бражникованың «Менің мәңгілік гүлденген бағым...» атты авторлық көрмесі ашылды.
Е.М.Бражникованың коллекциясында 15 жыл көлемінде жиналған 500-ге тарта таза матадан тігілген бірегей киім үлгілері бар. Оның ерекшелігі киімдерді соңғы түймебауына дейін белгілі бір үлгіде автордың өзі атқарғандығында.
«Ағашқа ою салу». 24 маусым. 2013
Халық шығармашығы бөлімінің қызметкерлері ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары үшін «Ағашқа ою салу» бойынша шеберлік-сыныбын ұйымдастырады.
Бағдарламада: ағаштан әдемі паннолар, түрлі кәдесыйлар, шаруашылық бұйымдарын жасау. Шараны ағашқап ою ою шебері - В.И. Ляпунов өткізеді (Өтетін орыны: Солжағалық кешен, «Шеберлер қалашығы», № 2 киіз үй)
«Үй иесі мен басқаларға қонаққа бару». 21 маусым. 2013
«Үй иесі мен басқаларға қонаққа бару» - Ақмер орта мектебі жанындағы лагерь балалары үшін ертегілік кейіпкерлер: Үй иесі, Орман перісі, Баба-Яга және ойындары, конкурстары, жұмбақтары бар театрландырылған бағдарлама (мұражай-қорықтың «Жастар» этнобағы, ғылыми-ағарту және көпшілік жұмыс бөлімі).
«Көгілдір көлдеріне». 21 маусым. 2013
Қалалық білім бөлімінің әкімдік бекіткен кестесі бойынша № 37 мектептің оқушылары үшін мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің «Көгілдір көлдеріне» мұражай автобусымен бір күндік демалыс ұйымдастырылады, сондай-ақ этнографиялық кешен бойынша экскурсия өткізіледі.
«Көңілді күлдіргілер». 20 маусым. 2013
«Көңілді күлдіргілер» - № 40 мектептің жанындағы лагерь балаларына арналған театрландырылған ойын-сауық бағдарламасының көңілді сайқымазақтары, ойындары, конкурстары мен жұмбақтары бар (Мұражай-қорықтың Солжағалық көрме-ойындық кешенінің Балалар қалашығы).
|
|
|
|
Страница 38 из 44 |