|
 
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.
Қосымша фотосурет ... |
 
«Шабыт мекені»
12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!
Қосымша фотосурет ...
|
|
Славян базары. 2012
 
2012 жылғы 26 мамырда мұражай-қорықтың Солжағалық кешені этноауылының аумағында «Славян базары» атты фольклорлық фестиваль өтті, ол Славян жазуы мен мәдениеті күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылған болатын. Орталық киіз үйдің айналасында самауырлар, сирек кітаптар, жергілікті шеберлердің сәндік-қолданбалы өнері бұйымдарының көрмелері, сондай-ақ киіз үйдің өзінде картиналар көрмелері назарға ұсынылды.
|
Мамыр түні. 2012
 2012 жылғы 25 мамырда мұражай-қорықта Халықаралық мұражайлар күніне арналған «Мұражайдағы түн» акциясы аясында «Мамыр түні» іс-шарасы өткізілді. Осындай іс-шара әлемнің көптеген қалаларында дәстүрге айналған.
Балалық шақ – шағын ел ! 2012
2012 жылғы 18 мамырда мұражай-қорықтың М.Горький көшесі, 59 мекенжайдағы ғимаратында «Акварелька» балалар шығармашылығы студиясымен бірлесіп Өскемен қалалық білім беру бөлімінің қолдауымен жыл сайын өткізілетін балалар шығармашылығының «Кенгуренок» конкурсы аясында «Балалық шақ – шағын ел» көрмесі ашылды. Ол Халықаралық балаларды қорғау күніне арналды.
Үндістанның ұлы гуманисі. 2012
 Мұражай-қорықта 2012 жылғы 16 мамырда ұлы үнді ақыны, философы Рабиндранат Тагордың туғанына 151 жыл толуына арналған «Үндістанның ұлы гуманисі» атты іс-шара өткізілді.
Сәлем, құстар! 2012
 
2012 жылғы 6 сәуірде мұражай-қорықтың экологиялық ағарту бөлімі Халықаралық «Құстар күніне» арналған «Сәлем, құстар!» атты акция өткізді.
Жарқын Пасха мерекесі. 2012
 
15 сәуірде Жарқын Пасха мерекесіне орай мұражай-қорықтың «Жастар» этнобағында «Пасхалық халықтық мейрам» өткізілді. Ертеректе Пасханың қалай мерекелегнені этнографиялық дәлдікпен көрсетілді.
Қазақстандағы Ғашықтар күні. 2012
 Қазақстанда Ғашықтар күнін 15 сәуірге ауыстыру жөніндегі бастама Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы тарапынан қолдау тапты. Іс-шара мақсаты: қазақ ұлттық мерекелері мен дәстүрлерін көпшілікке танымал ету.
Осы бір тамаша күн қарсаңында Қозы Көрпеш пен Баян сұлуды еске алу жөнінде өткізілген іс-шараны мұражай-қорық Қазақстандағы Ғашықтар күніне арнады.
Туған өлкемді жырлаймын. 2012
 «Туған өлкемді жырлаймын» - шығысқазақстандық жазушылардың өскемендіктермен кездесуі Шығыс Қазақстан облысындағы білім беру жүйесінің 80 жылдығына арналды.
Наурыз мейрамы. 2012
 
2012 жылғы 22 наурызда мұражай-қорықтың «Жастар» саябағында «Наурыз мейрамы» атты театрландырылған мереке өткізілді. Іс-шара қазақ халқының жаңа жылды қарсы алу кезіндегі ұлттық дәстүрлері негізіне құрылған болатын.
Масленица. 2012

26 ақпанда мұражай-қорықтың «Жастар» этнобағында халықтардың Достық Үйімен бірлескен Көктемді, Күнді қарсы алу және Қыспен қоштасу мерекесі – «Масленица» өткізілді. Іс-шараға орыс және славян орталықтарының шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ актерлік және шығармашылық топтар тартылған «Кругозор» жастар бірлестігі қатысты. Мерекеге «Ақсай-Нан» ЖШС демеушілік етті. Ол дәм татқызуға арнап өз өнімін ұсынды.
|
|
|
|
Страница 43 из 44 |