• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер халықаралық Құдайананың бейнелері (ресейлік оператор және фотосуретші Владимир Асмирко: жібектегі фотобаспа). 2010

Құдайананың бейнелері (ресейлік оператор және фотосуретші Владимир Асмирко: жібектегі фотобаспа). 2010

Мұражай-қорық ғимаратында (Қ.Қайсенов көшесі, 67)  2010 жылғы 20 шілдеден 15 тамызға дейін ресейлік оператор және фотосуретші Владимир Асмирконың көрмесі: жібектегі фотобаспа назарға ұсынылды.

Көрмеге 42 еңбек қойылды.

В.Асмирко 1963 жылы Сахалинде дүниеге келген. Кәсіби қызметін 1987 жылы Владивостоктағы «Дальтелефильм» деректі фильмдер студиясында оператор ассистенті ретінде бастаған, содан кейін түрлі телекомпанияларда телеоператор болып еңбек еткен. Қызмет барысында Владимир тек Ресей бойынша ғана емес, сонымен қатар Жапонияда, Кореяда, Қытайда, Үндістанда және тағы басқа елдерде іссапарда болып жүрді.

Израильге, христиандар әлемінің қасиетті қаласы – Иисус Христостың балалық шағы өткен Назаретке жасаған саяхаты фотосуретшінің шығармашылық өмірбаянында өшпестей із қалдырды. Мұнда францискандықтар Орденінің Таяу Шығыстағы ірі соборы – Благовещение Храмы орналасқан. Періште өзіне Игі хабар жеткізген кезде Мария Қыз осы жерде өмір сүрген. Храм мен ішкі аулада орналасқан галереяның қабырғаларынан Құдайананың 60-тан астам бейнелерін көруге болады. Бұлар – әлемнің әр түкпіріндегі католиктік қауымдардың жасаған сыйлықтары. Керемет әулие Құдайана асқан сеніммен және махаббатпен бейнеленген дәл осындай картиналық галереядай басқа галерея әлемде жоқ. Әртүрлі нәсілдер мен мәдени дәстүрлер суретшілерінің Аса пәк Мария Қыздың бейнесін беру ерекшеліктері өзінше қызық. Аспан Патшайымының бірегей бейнесі ұлттық көркем мектептердің көптеген стильдері және соларға тән ерекшеліктер негізінде көрініс тапқан. Сөйтіп әртүрлі елдер мен континенттер суретшілерінің жүректерінен шыққан әуенге сіздің жүрегіңіз де өз нотасын қосады.

Дәл осы жерде, Назаретте, Благовещение храмында фотокөрменің тұжырымдамасы түпкілікті түрде қалыптасып, Әулие Франциск орденінің Құдайана галереясын православиелік иконалармен толықтыра түсу ниеті пайда болды. Осылайша көрме жағрафиясына Афон мен Соловки, Иерусалим мен Великий Новгород қосылды. Фотосуретші тек түсіру нысандарын көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ қоршаған ортаның ерекше ахуалын жеткізе білуге ұмтылған. Автордың еңбектерінен біздің әрқайсысымыз жүректің нәзік қылын дөп басатын және бізді немқұрайлы қалдырмайтын нәрсені таба алатынымыз сөзсіз.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …