• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер халықаралық Орталық Азия соқпақтары бойынша. 2012

Орталық Азия соқпақтары бойынша. 2012


Сфинкс

----

Мұражай-қорықта 2012 жылдың 29 ақпанынан 29 сәуіріне дейін Николай Константинович Рерих пен Святослав Николаевич Рерих картиналарының «Орталық Азия соқпақтары бойынша» атты көрмесі көрсетіледі, ол академик Н.К.Рерихтің Орталық Азиядағы экспедициясының 85 жылдығына арналған. Көрме Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы мен Н.К.Рерихтің Халықаралық Мұражай-Орталығының (Мәскеу қаласы) бірлескен жобасы болып табылады.

Көрмеге Н.К.Рерихтің 61 картинасы және С.Н.Рерихтің 9 картинасы қойылған. Көрме құрамына атақты Рерихтер отбасының ресейлік және әлемдік мәдениетке қосқан үлесін ашып көрсететін фотосуреттер мен бейнефильмдер енген.

Халықаралық Рерихтер Орталығы суретші туындыларының ең ірі коллекцияларына (700-ге таяу картина) ие болған. Құрамына Н.К.Рерих атындағы Мұражай енетін бұл ұйым суретшінің кіші ұлы – Святослав Николаевич Рерихтің бастамасымен құрылған болатын, ол 1990 жылы Ресейге Рерихтер отбасының мұрасын берген еді. С.Н.Рерихтің таңдауы бойынша Н.К.Рерих мұражайы Мәскеудің тарихи орталығындағы ХҮІІ-ХІХ ғасырлар сәулетшілігінің ескерткіші болып табылатын Лопухиндердің көне қонысында орналастырылды. Мұражай 1993 жылдың ақпанында ашылған еді.

С.Н.Рерихтің сенімді өкілі, жазушы, үндолог-ғалым, көптеген ғылыми еңбектердің авторы – Людмила Васильевна Шапошникова осы жылдар бойы Н.К.Рерих атындағы Мұражайдың бас директоры қызметін атқаруда. Оның басшылығымен қоғамдық Мұражай ресей мұражайларының тәжіндегі көрікті інжу-маржанға айналды. Оның қызметі үкіметтік марапаттармен атап өтілді.

Николай Константинович Рерихтің (1874-1947) шығармашылығы әлемдік мәдениет тарихында ерекше құбылыс болып табылады. Ол – бүкіл дүние жүзіне әйгілі суретші, ғалым, философ, қоғамдық қайраткер, жазушы, ақын және саяхатшы. 7000 кескіндемелік полотнолардан басқа ол бізге аса бай әдеби және ғылыми мұра: 30-дан астам ғылыми-философиялық еңбектер қалдырды.

Көрме академик Н.Рерихтің Орталық Азиядағы экспедициясының 85 жылдығына арналған. Экспедицияның қазақстандық кезеңін бар-жоғы 10 күн – 1926 жылдың 28 мамырынан 7 маусымына дейінгі күндер құрады. Қытай шекарасынан Зайсан көліндегі Тополев мыс айлағына дейінгі 140 шақырымдық жолға төрт күн кетті. Ал алты күн Ертіс өзені бойынша Өскеменге, Ақсуға, Семейге кіре отырып пароходпен жүзген жолға кеткен еді. 8 маусымда экспедиция Омск қаласына келіп жетті.

«Ұйқыдағы Шығыс» картинасы (1920) көрме экспозициясының кіндігі болып табылады, оны Н.К.Рерих Америкада, Орталық Азия экспедициясы басталардан біраз бұрын салған екен.

Көрмеге ұсынылған «Гималайлар» сериясы 1924-1928 жылдары Рерихтердің басшылығымен жүзеге асырылған атақты Орталық Азия экспедициясының маршрутын паш етеді. Осы жылдар ішінде экспедиция Орталық Азия мен Гималайдың адам аяғы сирек баратын өңірлерінде болды. Бүкіл күрделі жолды Николай Константиновичпен бірге оның әйелі Елена Ивановна Рерих пен үлкен ұлы, белгілі шығыстанушы-ғалым Юрий Николаевич жүріп өткен еді. Суретшінің кіші ұлы – Святослав Николаевич Рерих Америкада болып, экспедицияны қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа басшылық жасады. Зерттеушілердің жолы Үндістан, Қытай, Қазақстан, Ресей, Алтай, Монғолия мен Тибет арқылы өтті. Экспедиция барысында бірегей ғылыми материал жиналды, оны зерделеу үшін Үндістан аумағындағы Кулу аңғарында «Урусвати» (санскриттен аударғанда – «Таң Жұлдызының жарығы») гималай зерттеулері институтының негізі қаланды, заманауи ғылымды дамытудың жаңа бағыттары содан бастау алды.

Маршрут кезінде Н.К.Рерих 500 картинаны дүниеге келтірді. Олардың екеуі – «Инд бастауы» (1925) мен «Ладак. Ле. Король сарайы» (1925) экспозицияға енгізілген. Туындыларының елеулі бөлігі өткен ғасырдың 30-40-шы жылдары қолда бар нобайлар бойынша Үндістанда, Кулу аңғарында салынған болатын. Суретшінің өзі оларды «жолбасшы темпералар», «азиялық кеңістіктер панорамасы» деп атаған. «Гималайлар» картиналар сериясы үшін Рерихті Үндістанда Таулар шебері деп атап кеткен. Н.К.Рерих атындағы Мұражай қызметкерлері ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде «Гималайлар» сериясындағы картиналардың атаулары нақтыланып берілді және «Қарауылшы» мен «Жетекші», «Гималай жаршысы», «Гесер хан семсері», «Қытай ертегісі», «Чандра өзені», «Боран», «Лахул», «Тибет», «Нанга Прабат», «Түн (Батыр жұлдызы)», «Шөл кемесі», «Гималай даңқы» полотноларымен және басқа да шығармалармен толықтырылды.

Көптеген елдерде Рерих есімі мәдениет пен жасампаздық символы болып табылады. Ол – адамзаттың мәдени құндылықтарын қорғау жөніндегі тұңғыш халықаралық құжат – Рерих Пактісінің бастамашысы. Николай Константинович Рерихтің бастамасымен дүние жүзінде көптеген мәдени орталықтар құрылды. Оның өсиеттерін орындау үшін Ресейде Н.К.Рерихтің Халықаралық Мұражай-Орталығы (Мәскеу қаласы), Мәдениетті қорғаудың Халықаралық лигасы, көптеген мәдени-ағарту ұйымдары құрылып, жұмыс істеуде.

Святослав Николаевич Рерих (1904-1993) шығармашылығы нағыз Өнер мен Сұлулыққа қызмет етудің асқақ үлгісі болып табылады. Оның қылқаламынан бірнеше мың полотнолар шықты. Көрнекті портретші әрі пейзажшы өзінің бүкіл ғұмырын адамзат эволюциясы процесіндегі ең маңызды құбылыс ретінде Сұлулықты зерттеу проблемасына арнады. Көрмеде көрермен суретшінің үнді табиғаты бояуларының қанық палитрасы берілген пейзаждық кескіндемесімен таныса алады, онда, сондай-ақ «Керілген адамзат» триптихіне жасалған сирек эскизді көретін болады. Бұл туындысында суретші адамның рухани өзгеруі тақырыбын ашып көрсетеді. С.Н.Рерих – КСРО Көркемөнер академиясының Құрметті мүшесі атағына ие болған кескіндеме шебері ғана емес, сонымен қатар ғалым-педагог, ойшыл, ірі қоғамдық қайраткер. Святослав Николаевич Рерих әкесінің идеяларын іске асырды және Рерихтердің Халықаралық Орталығын құруға бастамашы болды. Атап айтқанда ол Ресейге өз отбасының бірегей көркемөнерлік-ғылыми мұрасын берді. Бұл мұра қазір Н.К.Рерих атындағы Мұражайда ұқыптылықпен сақталуда. «Тамашаға ұмтылатын боламыз» – бұл ұран суретші аузынан ерекше жиі естілетін. Ол, Рерихтер отбасының барлық мүшелері сияқты, өз Отанының ұлы болашағына риясыз сенген-ді.

 

«Орталық Азия соқпақтары бойынша» көрмесінің ашылуы. 2012 жылғы 29 ақпан. «Орталық Азия соқпақтары бойынша» көрмесінің ашылуы. Ортада ШҚО мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Мұқашұлы Омар, оң жақта – мұражай қорық директоры Николай Алексеевич Зайцев. 2012 жылғы 29 ақпан.
Н.К.Рерих атындағы Халықаралық мұражай-орталықтың (Мәскеу қаласы) «Орталық Азия соқпақтары бойынша» көрмесінің ашылуында ШҚО мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Мұқашұлы Омардың сөз сөйлеуі. 2012 жылғы 29 ақпан. Н.К.Рерих атындағы Халықаралық мұражай-орталықтың (Мәскеу қаласы) «Орталық Азия соқпақтары бойынша» көрмесінің ашылуында мұражай-қорық директоры Николай Алексеевич Зайцевтің сөз сөйлеуі. 2012 жылғы 29 ақпан.
«Орталық Азия соқпақтары бойынша» көрмесінің ашылуы. Сол жақта Н.К.Рерих атындағы Халықаралық мұражай-орталықтың (Мәскеу қаласы) қызметкері Александр Петрович Устименко, оң жақта – мұражай-қорық директоры Николай Алексеевич Зайцев. 2012 жылғы 29 ақпан. «Орталық Азия соқпақтары бойынша» көрмесінің ашылуы. Сол жақта Н.К.Рерих атындағы Халықаралық мұражай-орталықтың (Мәскеу қаласы) қызметкері Александр Петрович Устименко, оң жақта – ШҚО мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Мұқашұлы Омар. 2012 жылғы 29 ақпан.
Н.К.Рерих атындағы Халықаралық мұражай-орталықтың (Мәскеу қаласы) «Орталық Азия соқпақтары бойынша» көрмесінің ашылуында. 2012 жылғы 29 ақпан. Н.К.Рерих атындағы Халықаралық мұражай-орталықтың (Мәскеу қаласы) «Орталық Азия соқпақтары бойынша» көрмесінің ашылуында. 2012 жылғы 29 ақпан.
Н.К.Рерих атындағы Халықаралық мұражай-орталықтың (Мәскеу қаласы) «Орталық Азия соқпақтары бойынша» көрмесінің ашылуында. 2012 жылғы 29 ақпан.
 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …