• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
солжағалық кешен ботаникалық саябақ Кеңестік кезең ескерткіштері аллеясы

Кеңестік кезең ескерткіштері аллеясы

Кезкелген кеңестік қала немесе кент кеңістігін В.И.Ленин атындағы көшесіз, алаңсыз, скверсіз және «дүниежүзілік пролетариат көсеміне», кеңес мемлекетінің қайраткерлеріне қойылған ескерткіштерсіз елестету мүмкін емес. Кей кездері бұлар көрнекті шеберлер сомдаған нағыз өнер туындылары болды, бірақ көпшілік жағдайларда арзанқолды және ұзаққа шыдамайтын материалдардан соғылған типтік ескерткіш қоюмен шектелетін.

Облыс әкімі Б.М.Сапарбаев қалалар мен аудандардың әкімдеріне мұражай-қорықтың Солжағалық кещенінде арнайы жасалған аллеяға көшіріп қою үшін кеңестік кезең ескерткіштерінің тізімін жасауды тапсырған болатын.

2010 жылдың шілде айына қарай мүсіндер қалпына келтіріліп, оларға арналған тұғырлар қойылды.

Кеңестік кезең ескерткіштерінің аллеясы мұражай-қорыққа келушілер үшін 2010 жылдың тамыз айында ашылды. Соңғы ескерткіш - Өскемен қаласының бұрынғы Ленин атындағы алаңында тұрған В.И.Ленин ескерткіші ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Солжағалық кешенге келуі қарсаңында қыркүйек айының басында қондырылған болатын.


В.И.Ленинге ескерткіш. Өскемен

В.И.Ленинге ескерткіш, Өскемен

Қола. 1960 жылғы 7 қарашада ашылған

Ескерткіш авторы – мәскеулік мүсінші Епишев

Тапсырыс беруші – Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты

Орындаушы – РСФСР көркемөнер қорының Мәскеу көркемөнер-мүсін комбинаты

Ескерткіш Өскемен қорғасын-мырыш комбинатына В.И.Ленин есімінің берілуіне орай кәсіпорын ғимаратының алдына орнатылған


В.И.Ленинге ескерткіш, Өскемен

Қола. 1960 жылғы 7 қарашада ашылған

Ескерткіш авторы – мәскеулік мүсінші Епишев

Тапсырыс беруші – Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты

Орындаушы – РСФСР көркемөнер қорының Мәскеу көркемөнер-мүсін комбинаты

Ескерткіш Өскемен қорғасын-мырыш комбинатына В.И.Ленин есімінің берілуіне орай кәсіпорын ғимаратының алдына орнатылған


В.И.Ленинге ескерткіш. Риддер

Ескреткіш 1961 жылғы 5 қарашада ашылған.

Жоба авторы – Заир Исаакович Азгур, КСРО-ның және Белорус КСР-нің халық суретшісі, КСРО Көркемөнер академиясының толық мүшесі, екі мәрте КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, портретші.

Тапсырыс беруші – полиметалл комбинаты.

Орындаушы – Мытищи көркем құю зауыты (Мәскеу облысы).

Ескерткіш Лениногор (қазір Риддер) қаласының Ленин алаңында тұрған.

2002 жылдың маусым айында тұғырынан алып тасталды.


В.И.Ленинге ескерткіш. Риддер

Гранит.

Мүсінші В.С. Раппопорт.

1992 ж.

Мүсін Лениногор (қазіргі Риддер) тарихи-өлкетану мұражайының жаңа экспозициясын жасаушы «Өнер» фирмасының (Алматы, суретші Козляткин) тапсырысы бойынша арнайы орындалған. Ол экспозицияның кеңестік кезеңі бөлімін ашып тұратын. Алматыда сомдалып, Лениногор қаласына 1992 жылы әкелінген.

Ескерткіш Риддер тарихи-өлкетану мұражайының қорында болған.


Ф.Э. Дзержинскийдің кеуіті. Өскемен

Шойын, құйма

Касли, 1930-шы жылдар үлгісі бойынша құйылған

ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдары

Кеуіт Киров көшесінің бойында орналасқан ШҚО МҚК басқармасы ғимаратының алдындағы тұғырда көптеген жылдар бойы тұрған (бүгінде осы ғимаратта ШҚО ҰҚК-нің емханасы орналасқан).

Тұғырдан 1982 жылы алынған.


А.А.Ждановқа ескерткіш. ШҚО, Шемонаиха ауданы, Выдриха селосы

Гранит

Ленинград (бүгінде Санкт-Петербург) қаласының көркемөнер шеберханасы

1970 ж.

А.А.Жданов ескерткіші Жданов атындағы ұжымшар басқармасының шешімі бойынша 1970 жылы жасалған, тапсырыс беруші – ұжымшар төрағасы Николай Дмитриевич Галяпин.

 

Л.Н. Толстойға ескерткіш. Өскемен

Цемент, мәрмәр қиыршықтары

ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының соңы – 60- шы жылдарының басы

Жаңа Согра кентінің (Өскеменнің түбінде) скверіне көрік беріп тұрған

 


В.В.Маяковскийге ескерткіш. Өскемен

Цемент, мәрмәр қиыршықтары

ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының соңы – 60- шы жылдарының басы

Жаңа Согра кентінің (Өскеменнің түбінде) скверіне көрік беріп тұрған

 


М.А.Горькийге ескерткіш. Өскемен

Цемент, мәрмәр қиыршықтары

ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының соңы – 60- шы жылдарының басы

Жаңа Согра кентінің (Өскеменнің түбінде) скверіне көрік беріп тұрған

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …