• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
солжағалық кешен әскери кешен «Ауған қасіреті. Кеңес Одағының соңғы соғысы. 1979 – 1989» экспозициясы Шығыс Қазақстанның Ауғанстан жерінде қаза тапқан нтернационалист-жауынгерлері (Өскемен қаласы мен маңындағы аудандар)

Шығыс Қазақстанның Ауғанстан жерінде қаза тапқан нтернационалист-жауынгерлері (Өскемен қаласы мен маңындағы аудандар)

НИКОЛАЙ МИХАЙЛОВИЧ АНТРОПОВ (09.12.1964 – 27.08.1983)

27787 дп ә/б қатардағы жауынгері, жүргізушісі

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Черемшанка селосында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1983 жылғы 5 сәуірде Глубокое АӘК шақырған. 1983 жылғы 6 маусымда Ауғанстанға жіберілген. Алған жарақатынан қайтыс болған. Черемшанка селосында жерленген.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасымен және «Интернацоналист жауынгерге» Құрмет белгісімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).

 

АЛЕКСАНДР ВИКТОРОВИЧ АСЛАМОВ (19.03.1963 – 22.02.1983)

71240 дп ә/б қатардағы жауынгері, аға барлаушысы

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Миролюбовка селосында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1981 жылғы 2 сәуірде Самар АӘК шақырған. 1981 жылғы 4 желтоқсанда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Миролюбовка селосында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

ЕРМАК СЕЙІТМҰРАТҰЛЫ АТАЕВ (28.08.1967 – 24.11.1987)

38021 дп ә/б қатардағы жауынгері, моторшысы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1986 жылғы 29 сәуірде Семей облысының Калинин АӘК шақырған. 1987 жылғы 15 қаңтарда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Қарабұлақ ауылында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

БАЗЫЛБЕК СОВЕТХАНҰЛЫ АХМЕТОВ (01.01.1963 – 25.09.1982)

93992 дп ә/б қатардағы жауынгері, нысанашысы

Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданының Тасөткел ауылында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1981 жылғы 17 қазанда Таврия АӘК шақырған. 1982 жылғы 19 наурызда Ауғанстанға жіберілген. Лагман провинциясында жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Тасөткел ауылында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

ВЛАДИМИР ЮРЬЕВИЧ БАЙГАЧЕВ (22.10.1961 – 25.07.1982)

37072 дп ә/б қатардағы жауынгері, жүргізушісі

Шығыс Қазақстан облысының Лениногор (Риддер) қаласында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1981 жылғы 22 сәуірде Лениногор ҚӘК шақырған. 1981 жылғы 4 қарашада Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Лениногор қаласында жерленген.

«Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

ЕВГЕНИЙ АНАТОЛЬЕВИЧ БАЛАШЕНКО (27.09.1964 – 18.07.1984)

25909 дп ә/б қатардағы жауынгері, жүргізушісі

Жамбыл облысының Ақсүйек жұмысшы кентінде дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1982 жылғы 3 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Өскемен ҚӘК шақырған. 1984 жылғы 18 наурызда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Өскемен қаласында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

АЛЕКСАНДР МИХАЙЛОВИЧ БЕЛЯЕВ (20.06.1961 – 19.05.1980)

53701 дп ә/б гвардиясының қатардағы жауынгері, барлаушысы

Шығыс Қазақстан облысының Лениногор (Риддер) қаласында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1979 жылғы 31 қазанда Лениногор ҚӘК шақырған. 1980 жылғы 19 мамырда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Лениногор қаласында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

АЛЕКСАНДР ПЕТРОВИЧ БОГАЕВ (02.09.1961 – 05.07.1980)

53701 дп ә/б гвардиясының қатардағы жауынгері, барлаушысы

Алтай өлкесі Чарыш ауданының Малый Бещелак селосында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1979 жылғы 2 қарашада Глубокое АӘК шақырған. Өзбекстанның әуе-десанттық әскерлерінде даярлықтан өткен. 1979 жылғы желтоқсанда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Уварово селосында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

ҚАНАТ БАЯХМЕТҰЛЫ БУКЕТОВ (27.04.1968 – 28.04.1988)

93992 дп ә/б бөлімше командирі, сержант

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Қойтас ауылында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1986 жылғы 14 қарашада Самар АӘК шақырған. 1987 жылғы 22 мамырда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Қойтас ауылында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

АНАТОЛИЙ ИВАНОВИЧ БУНЬКОВ (26.12.1947 – 30.10.1980)

82869 дп ә/б прапорщигі

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының Маңқан кенішінде дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1966 жылғы 11 қарашада мерзімді қызметке шақырылған. 1973 жылғы 13 желтоқсанда Таврия АӘК мерзімнен тыс қызметке шақырған. 1980 жылғы 16 сәуірде Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданының Басово селосында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

ДМИТРИЙ ИВАНОВИЧ ГОРБУНОВ (04.09.1961 – 28.08. 1981)

53701 дп ә/б гвардиясының қатардағы жауынгері, сапер

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1980 жылғы 6 мамырда Өскемен ҚӘК шақырған. 1981 жылғы 10 қаңтарда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Өскемен қаласында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

ОЛЕГ БОРИСОВИЧ ДРУЖЕНЬКОВ (29.01.1965 – 25.06.1984)

35919 дп ә/б ефрейторы, аға мергені

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1983 жылғы 30 қазанда Өскемен ҚӘК шақырған. 1984 жылғы 6 маусымда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Өскемен қаласында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

АЛЕКСЕЙ НИКОЛАЕВИЧ ЕРЕМКИН (04.01.1969 – 28.01.1988)

83506 дп ә/б қатардағы жауынгері, барлаушысы

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Белоусовка кентінде дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1987 жылғы 11 мамырда Глубокое АӘК шақырған. 1987 жылғы 6 қарашада Ауғанстанға жіберілген. Госпитальда қайтыс болған. Белоусовка кентінде жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

УӘЗІРҚАН УӘЛИҰЛЫ ЖАҚПАЕВ (03.12.1946 – 07.05.1987)

71521 дп ә/б финқызмет бастығының көмекшісі, аға прапорщик

Алтай өлкесі Усть-Кокси ауданының Верхний Уймон селосында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1967 жылы Шығыс Қазақстаннан шақырылған. Тәжік КСР-інің Душанбе қаласындағы Прапорщиктер мектебін, А.В.Хрулев атындағы Қызыл Жұлдыз орденді Ярославль жоғары әскери қаржы училищесін (1977) бітірген. Жаңа Ақмердегі 15203 ә/б қазынашысы, Германияда финқызмет бастығы болып қызмет еткен. 1987 жылғы 11 сәуірде Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауылында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

ҚАЙЫРБАЙ ИСАБЕКҰЛЫ ЖАМПЕЙІСОВ (17.02.1963 – 31.05.1987)

71183 дп ә/б қатардағы жауынгері, материалдық қамтамасыз ету ротасының жүргізушісі

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауылында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1981 жылғы 3 сәуірде Большенарым АӘК шақырған. 1981 жылғы 19 шілдеде Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Катонқарағай ауылында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

САМАТ ҚАЛИОЛДАҰЛЫ ЖЕҢІСҚАНОВ (28.06.1962 – 01.09.1981)

71183 дп ә/б қатардағы жауынгері, атқышы

Шығыс Қазақстан облысы Марқақөл ауданының Боран ауылында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1980 жылғы 3 сәуірде Марқакөл АӘК шақырған. 1981 жылғы 26 наурызда Ауғанстанға жіберілген. Госпитальда қайтыс болған. Боран ауылында жерленген.

 

НИКОЛАЙ НИКОЛАЕВИЧ ЗАЙЦЕВ (01.11.1966 – 06.02.1987)

38021 дп ә/б қатардағы жауынгері, аға моторшысы

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Алтай кентінде дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1985 жылғы 31 қазанда Глубокое АӘК шақырған. 1986 жылғы 27 шілдеде Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Алтай кентінде жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

СЕРГЕЙ НИКОЛАЕВИЧ ЗЕЛЕНИН (05.04.1968 – 02.05.1987)

96044 дп ә/б қатардағы жауынгері, жүргізушісі

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Черемшанка селосында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1986 жылғы 14 қазанда Глубокое АӘК шақырған. 1987 жылғы 19 наурызда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Черемшанка селосында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

ВЛАДИМИР ИВАНОВИЧ ЗУБКО (24.05.1962 – 30.03.1983)

86997 дп ә/б қатардағы жауынгері, жүргізушісі

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Октябрь кентінде дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1981 жылғы 3 сәуірде Шемонаиха АӘК шақырған. 1981 жылғы 4 қарашада Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Октябрь кентінде жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

ЕВГЕНИЙ АЛЕКСАНДРОВИЧ ИВАНОВ (09.02.1965 – 20.08.1984)

51932 дп ә/б қатардағы жауынгері, аға атқышы

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1983 жылғы 4 сәуірде Өскемен ҚӘК шақырған. 1980 жылғы 27 маусымда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Өскемен қаласында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

АЛЕКСАНДР НИКОЛАЕВИЧ КАЗАЧЕНКО (01.01.1963 – 03.11.1982)

51863 дп ә/б қатардағы жауынгері, жүргізушісі

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы Октябрь ауданы Аблакетка кентінде дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1981 жылғы 2 сәуірде Ұлан АӘК шақырған. 1982 жылғы 16 қаңтарда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асубұлақ кентінде жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

МҰРАТ ОЗАНҰЛЫ ҚОЖАНОВ (12.04.1953 – 17.09.1984)

82869 дп ә/б МАБ штабының бастығы, майор

Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданының Привольное селосында дүниеге келген. Алматының И.С.Конев атындағы жоғары жалпыәскерлік командалық училищесін бітірген (1974). Қырғызстанда қызмет еткен. 1983 жылдың сәуір айында Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Привольное селосында жерленген.

Қызыл Ту және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

ВЛАДИМИР АЛЕКСЕЕВИЧ КОЛЕДАЕВ (25.11.1962 – 07.06.1982

93992 дп ә/б қатардағы жауынгері, миномет тобының №

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1981 жылғы 5 сәуірде Өскемен ҚӘК шақырған. 1981 жылғы 29 қарашада Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Өскемен қаласында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

ҚАЙРАТ ҚАПАНҰЛЫ ҚОНДЫБАЕВ (28.07.1965 – 30.01.1985)

88997 дп ә/б қатардағы жауынгері, жанармай құюшы-жүргізушісі

Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданының Ақмер ауылында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1984 жылғы 5 мамырда Таврия АӘК шақырған. 1984 жылғы 19 тамызда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Ақмер ауылында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

СЕРГЕЙ ФЕДОРОВИЧ КОТЕЛЬНИК (10.10.1961 – 12.12.1980)

53701 дп ә/б гвардиясының қатардағы жауынгері, атқыш-граната лақтырушы көмекшісі

Украин КСР-і Киев облысының Белая Церковь селосында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1980 жылғы 10 мамырда Өскемен ҚӘК шақырған. 1980 жылдың қазан айында Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде Турбат тауы ауданында қаза тапқан. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Васильевка селосында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

АНАТОЛИЙ ВЛАДИМИРОВИЧ КРЕПП (01.09.1957 – 23.06.1986)

51932 дп ә/б мотоатқыштар ротасының командирі, аға лейтенант

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында дүниеге келген. Алматының И.С.Конев атындағы жоғары жалпыәскерлік командалық училищесін бітірген. Қызыл тулы Орта Азия әскери округінде қызмет еткен. 1984 жылы Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Шемонаиха қаласында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

АНДРЕЙ ПАВЛОВИЧ КУЗНЕЦОВ (23.06.1963 – 11.03.1983)

2033 дп ә/б қатардағы жауынгері, аға атқышы

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Верх-Березовка кентінде дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1981 жылғы 27 қазанда Глубокое АӘК шақырған. 1982 жылғы 16 шілдеде Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Предгорное селосында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

АЛЕКСАНДР ВАСИЛЬЕВИЧ ЛАРИОНОВ (23.09.1958 – 06.07.1984)

17668 дп ә/б вертолет командирі, капитан

Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданының Новоявленка селосында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1975 жылғы 3 шілдеде Таврия АӘК шақырған. Саратов жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін бітірген (1979). 1983 жылғы 16 қаңтарда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Новоявленка ауылында жерленген.

ІІІ дәрежелі «КСРО Қарулы күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» (1983), Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

СЕРГЕЙ АНАТОЛЬЕВИЧ ЛАРИОНОВ (01.01.1969 – 28.08.1988)

33902 дп ә/б қатардағы жауынгері, аға жүргізушісі

Семей облысы Жарма ауданының Әуезов кентінде дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1987 жылғы 5 мамырда Глубокое АӘК шақырған. 1987 жылғы 9 қарашада Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Белоусовка кентінде жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

ЕВГЕНИЙ ПЕТРОВИЧ ЛАТКИН (30.01.1950 – 28.07.1981)

71184 дп ә/б медициналық қызметінің бастығы, аға лейтенант

Алтай өлкесі Солонешен ауданының Мульчиха селосында дүниеге келген. 1968 – 1970 жылдары шекаралық әскерлерде қызмет еткен. Томск медициналық институтының әскери-медициналық факультетін бітіргеннен кейін (1980) мерзімнен тыс қызметке шақырылған. 1981 жылдың мамыр айында Ауғанстанға жіберілген. Жаралы жауынгерге медициналық көмек көрсету кезінде душмандар оғынан қаза тапқан. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Ақтау кентінде жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

ВИКТОР ВАСИЛЬЕВИЧ МЕДВЕДЕВ (18.12.1967 – 21.12.1987)

81432 дп ә/б қатардағы жауынгері, слесарь-жүргізушісі

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Белоусовка кентінде дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1986 жылғы 15 қазанда Глубокое АӘК шақырған. 1987 жылғы 13 ақпанда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Белоусовка кентінде жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

АЛЕКСАНДР ГРИГОРЬЕВИЧ МЕЩЕРЯКОВ (27.07.1961 – 08.08.1982)

53701 дп ә/б гвардиясының қатардағы жауынгері, атқыш

Шығыс Қазақстан облысының Лениногор (Риддер) қаласында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1979 жылғы 2 қарашада Лениногор ҚӘК шақырған. 1980 жылғы 10 мамырда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Лениногор қаласында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

МИХАИЛ ГРИГОРЬЕВИЧ МОЛОДЫХ (11.11.1964 – 13.10.1986)

24026 дп ә/б қатардағы жауынгері, жүргізушісі

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауылында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1984 жылғы 23 қазанда Глубокое АӘК шақырған. 1986 жылғы 21 маусымда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. ШҚО Глубокое ауданының Тарханка селосында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

ЕРЛАН ЛҰҚБЕКҰЛЫ МҰСАБАЕВ (15.07.1967 – 16.10.1986)

51863 дп ә/б бөлімше командирі, кіші сержант

Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданының Үштөбе ауылында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1985 жылғы 11 қыркүйекте Большенарым АӘК шақырған. 1986 жылғы 14 маусымда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Үштөбе ауылында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

СЕРГЕЙ ГЕОРГИЕВИЧ МУСОХРАНОВ (22.10. 1959 – 19.11.1980)

53701 дп ә/б гвардиясының қатардағы жауынгері, пулеметші

Шығыс Қазақстан облысының Лениногор (Риддер) қаласында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1979 жылғы 2 қарашада Лениногор ҚӘК шақырған. 1980 жылғы 16 мамырда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Лениногор қаласында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

БАДЫЛБЕК ЗАРЫҚБАЙҰЛЫ РЫСПАЕВ (13.11.1962 – 07.05.1987)

39676 дп ә/б қатардағы жауынгері, пулеметшісі

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Вознесеновка ауылында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1981 жылғы 5 сәуірде Күршім АӘК шақырған. 1982 жылғы 18 қаңтарда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Дарственное селосында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

ВАЛЕРИЙ ГЕНРИХОВИЧ САМОХИН (12.06.1960 – 23.07.1982)

82869 дп ә/б мотоатқыштар взводының командирі, лейтенант

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Первомайка кентінде дүниеге келген. Омбының жоғары жалпыәскерлік командалық училищесін бітірген (1981). 1981 жылғы 27 қыркүйекте Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Первомайка кентінде жерленген.

Қызыл ту және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

ЕВГЕНИЙ ИВАНОВИЧ СМИРНОВ (26.08.1954 – 24.12.1983)

19888 дп ә/б авиамеханигі, капитан

Алтай өлкесінің Змеиногорск қаласында дүниеге келген. 1972 жылы әскер қатарына шақырылған. 1975 жылы Харьков авиациялық әскери-техникалық училищесін бітіргеннен кейін Қазақстанға жіберілген. Қарағанды қаласында ғарышкерлерге қызмет көрсету жөніндегі әскери топтың құрамында, содан кейін Өскеменде қызмет еткен. 1983 жылғы 5 маусымда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Змеиногорск қаласында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

ВИКТОР ВЛАДИМИРОВИЧ СОРОКОУМОВ (23.02.1961 – 18.05.1980)

93992 дп ә/б бөлімше командирі, кіші сержант

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1979 жылғы 13 мамырда Өскемен ҚӘК шақырған. 1980 жылғы 11 қаңтарда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Өскемен қаласында жерленген.

«Ерлігі үшін» медалімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

СЕРГЕЙ НИКОЛАЕВИЧ СТЕПАНОВ (13.03.1961 – 02.12.1981)

35919 дп ә/б атқышы, ефрейтор

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Предгорное селосында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1980 жылғы 4 мамырда Лениногор ҚӘК шақырған. 1980 жылғы 19 қазанда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Предгорное селосында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

ЮРИЙ ГРИГОРЬЕВИЧ ТРОЕГЛАЗОВ (24.09.1964 – 16.07.1984)

92583 дп ә/б қатардағы жауынгері, жүргізушісі

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1982 жылғы 3 қазанда Өскемен ҚӘК шақырған. 1984 жылғы 27 наурызда Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Өскемен қаласында жерленген.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қаза тапқаннан кейін).

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …