• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Ақын жасаған әлемде. 2019

Ақын жасаған әлемде. 2019

Сирек кітаптар және иконажазу  бөлімі Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Серік Ғабдуллинге  арналған   IV Ғабдуллин оқуларына қатысты.

Оқу Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ қалалық кітапханасында өтті. «Сирек кітаптар және иконажазу»  бөлімі музей-қорықтың қор жинақтамаларының негізінде  «Серік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығы» атты  көрме  ұйымдастырды. Көрмеге ақынның домбырасы, сағаты, жазу машинасы және басқа да мемориалды заттар қойылды.  Бөлім меңгерушісі Гүлжан Кашакудың айтуынша, көрмеде тұрған заттардың бір бөлігін Серік Ғабдуллиннің өзі музей-қорыққа тарту етті. Солардың қатарында  оның досы Ғазез Сәттібаев салған  Серік Ғабдуллиннің кескіндемелік портреттері бар.     2012 жылы музей-қорықта Серік Ғабдуллиннің 75 жасқа толуына орай көрме ұйымдастырылған болатын.  Ғабдуллина Шынар Серікқызы 2017 жылы музей-қорыққа ақынның мемориалдық заттарының тағы бір бөлігін сыйлады.  Оның ішінде Жамбыл Жабаевтың және Сәкен Сейфуллиннің бюсті бар.

Өлкетану бөлімінің кітапханашысы Бикамал Мұқиманова өз сөзінде:

- Қатысушылардың Серік Ғабдуллинге тиесілі заттарды көргені өте маңызды. Картиналар, домбыра, кітаптар - оның өзі жасаған, қоршаған әлемі...  деді.

Оқудың барлық қатысушылары мақтау қағаздарымен, жүлдегерлер – дипломдармен марапатталды.  Кітапхана әкімшілігінің атынан «Сирек кітаптар және иконажазу» бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Кашакуге және қызметкер Карчалова Әселге алғыс хаттар ұсынылды.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Суретті түсірген  Алексей Мазницын

 

 


 
 
 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …