• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Музей-қорықтың ҚР Конституциясы күніне арналған іс-шаралар бағдарламасы. 2019

Музей-қорықтың ҚР Конституциясы күніне арналған іс-шаралар бағдарламасы. 2019

Фото Алексея Мазницына - vkoem.kzРухани жанғыру5 негізгі іс-шара жоспарланған...

1)    2019 жылдың 29 тамызы күні сағат 13.00-де музей-қорықтың Бейбітшілік көшесі, 29 ғимаратында ақпараттық-ағарту бөлімінің мамандары ҚР Конституциясы күнін мерекелеу шеңберінде ШҚО білім басқармасы жасөспірімдердің Шығыс Қазақстан облыстық арнайы үйінің тәрбиеленушілері үшін виртуалды іс-шара өткізеді. Іс-шараға 30 адам қатысады.

Іс-шара бағдарламасында:

                      - «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» атты дәріс.  Дәріс барысында жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілеріне Конституция туралы түсінік беріліп, оның қоғамның әлеуметтік-экономикалық, рухани және құқықтық дамуының нәтижесі ретіндегі қалыптасу үдерісі қарастырылады, Конституцияның құрылымы мен мазмұны жайлы ақпарат беріліп, мемлекеттің Негізгі Заңының қоғам мен ел өміріндегі ролі туралы сөз болады. Қазақстан Республикасы азаматтарына берілген негізгі құқықтар мен міндеттер жайлы айтылады.

 - Мемлекетіміздің Негізгі Заңының тарихы  мен құрылу үдерісі жайлы әңгіме қозғалған  «Қазақстан Республикасының Конституциясы: кеше және бүгін» атты бейнеролик.

 - «Еліміздің Конституциясы» атты викторина.

2) 2019 жылдың 29 тамызы күні сағат 16.00-де музей-қорықтың  Горький көшесі, 59 ғимаратында белгілі суретші-зергер және коллекционер, жерлесіміз, ШҚО, Тарбағатай ауданының тумасы, «ЮНЕСКО Сапа белгісі» сертификатының иегері С.М. Бәшіровтың жеке топтамасынан алынған, қазақ халқының қолданбалы өнер туындыларынан тұратын «Бабалар мұрасы – ұрпаққа қазына» (Наследие предков – достояние потомков»)  атты көрмесінің ашылуы болады.

3) 2019 жылдың 30 тамызы күні сағат 9.00-де Қ. Қайсенов атындағы этнобақта сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі болып, онда  былғарыдан, матадан, шпоннан, қайыңтоздан, ағаштан жасалған бұйымдар мен зергерлік әшекейлер қойылады.

4) 2019 жылдың 30 тамызы күні сағат 9.00-де Қ. Қайсенов атындағы этнобақта  «Өз қолымызбен жасаған ғажайыптар» атты облыстық көрме болады. Онда бағбандар өз қолдарымен өсірген жеміс-жидектерді, гүлдер мен көшеттерді және тұқымдарды жайып салады.

5) 2019 жылдың 30 тамызы күні сағат 11.00-де музей-қорықтың Солжағалық кешені аумағында «Ертіс концерттің», Конституция күніне арналған мерекелік концерті болады.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …