• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Новосібірмен әріптестіктеміз. 2019

Новосібірмен әріптестіктеміз. 2019

Музей-қорық Новосібір қаласындағы бірқатар мекемелермен өзара түсіністік және келісім, сондай-ақ, әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Бұлар Новосібір облысының «Новосібір мемлекеттік өлкетану музейі» мемлекеттік автономиялық мәдениет мекемесі, «Р.А.Шило атындағы Новосібір зообағы» МУМ және Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Орталық Сібір ботаника бағы.

Музей-қорық директоры Арсен Теннің пікірінше, біздер алдағы уақытта коммерциялық негіздегі емес келісімдер шеңберінде музейге арналған тиімді дүниелерді ала аламыз. «Бізде тәжірибе алмасу мақсатында аталған мекемелерге көрсететін және ұсына алатын дүниелер баршылық, - дейді Арсен Владимирович, - Мысалы,  Орталық Сібір ботаника бағымен ғылыми ақпараттармен, сәндік өсімдіктерді отырғызатын материалдармен алмасып, кеңес беру қызметін көрсету және алу турасында тәжірибе алмасуға әбден болады. Новосібір музейімен жасалған меморандумда қызметкерлердің біліктілігін арттыруы және тәжірибеден өтуі де қарастырылған.

Новосібір зообағы – Ресейдегі ең ірі зообақтардың бірі. Олармен әріптестік біздің өлкенің фаунасы бөлімінің жұмысында айтарлықтай жемісті болары сөзсіз. Ал оның даму перспективасына келетін болсақ, онда музей-қорық зообағындағы жануарлардың оңалуына ерекше көңіл бөлінетін болады. Әдетте, олар облысымыздың әр аймағында қысылтаяң  жағдайларға тап болып жатады. «Біз оларды мейлінше оңалтатын боламыз, кейбіреулерін өзімізде қалдырамыз, енді біреулерін табиғат аясына жібереміз, - дейді музей-қорық директоры.

Келешекте музей-қорықтың Қазақстанның басқа да қалаларындағы бірқатар музейлермен әріптестік орнатуы көзделінуде.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …