• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары Музей-қорықта Абай Құнанбайұлы туралы телебағдарлама түсірілді!

Музей-қорықта Абай Құнанбайұлы туралы телебағдарлама түсірілді!

Музей-қорықта Абай жайлы баяндайтын «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» атты телебағдарлама  циклінің алғашқы түсірілімі болды. Оны С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Altai jastary» телестудиясы мен медиаорталығы түсірген.

Телебағдарламалар сериясының мақсаты – жастарды Абай Құнанбайұлының мұрасымен таныстыру және ұлы ақынның мұраларын кеңінен тарату және насихаттау. Телебағдарламаны жазу жұмысы М.Горький көшесі, 59 ғимаратында орналасқан қазақ этнографиясы залындағы киіз үйде өтті. Жүргізушілер – С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қазақ тілі және әдебиеті мамандығының 4-ші курс студенті Естай Жаңабаев пен журналистика   мамандығының  2-курс студенті Талшын Нұрланова.

Қазақ және орыс филологиясы мен журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Сәкен Қасенов «Абай. Оның дәуірі» атты алғашқы бағдарламаның қонағы әрі қатысушысы болды.

Бағдарламаны аталған ЖОО сайтының YouTube  арнасынан және университеттің әлеуметтік желілерінен көруге болады.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …