• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты этновикторинаның қорытындысы шығарылды.

«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты этновикторинаның қорытындысы шығарылды.

2020 жылдың 27 сәуірі мен 3 мамыры аралығында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы Қазақстан халқының бірлігі күніне арнап «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты он-лайн этновикторина өткізді. Бір қуанарлығы сол, аталған викторинаға шығысқазақстандықтар ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінің де тұрғындары атсалысты. Викторинаға жиыны 45 адам қатысты.

 

1 орын 25-тен 24 балл жинаған Алина Трунина мен Венера Көкеноваға бұйырды.

2 орын 25-тен 22 балл жинаған Екатерина Сергееваға берілді.

3 орынды төрт қатысушы, атап айтқанда, Мирина, Роман Шишкин, Махмуди Шамшиев және Никита Казначеев өзара бөлісті. Олардың нәтижесі – 25-тен 21 балл.

Қадірлі достар! Сіздерді мамыр айындағы мерекелермен құттықтаймыз, аталған викторинаға қатынасқандарыңыз үшін алғыс айтамыз және толағай табыстар тілейміз! Сіздерді музей-қорықта қонақ ретінде күтеміз.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …