Ресейліктер орыстың бейнелеу өнерін көпшілікке таратуда мұражай-қорықтың қосқан үлесін атап өтті. Алматыда өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Мемлекеттік Орыс мұражайының директоры Владимир Гусевтің атынан үш алғыс хат ШҚО мұражай-қорығының ақпаратық-білім беру бөлімінің меңгерушісі Шынар Кәрібаеваға тапсырылды. Ол ҚР Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының 80 жылдығына орай ұйымдастырылды және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтті.