Бауырымен жорғалаушылар тобы Reptilia
Тасбақалар отряды
Құрлық тасбақалары тұқымдастар
1. Дала тасбақасы – Степная черепаха – Аgrionemys horsfieldi
Оңтүстік Қазақстанның Каспий маңынан Алакөлге дейінгі құмды және сазды шөлдалалары мен шөлейт далаларын мекендейді.
Қыста ұйқыға кетеді. Алғашқы көк шыға бастаған кезде, сәуір айында оянады.
Жылына екі рет 1- 4 жұмыртқадан салады.
Сату үшін браконьерлерлік аулауларға байланысты соңғы он жылда тасбақалар саны айтарлықтай азайып кетті.
Құстар тобы Aves
Қазтектестер отряды
Үйрек тұқымдастар
2. Қолға үйретілген қаз - қутұмсық – Одомашенный гусь-сухонос –
Сvgnopsis cvgnoides
Қаздар алғашқы құстардың бірі болған. Адамдар кейбір сүтқоректілерді қолға үйреткеннен кейін қаздарды да қолға үйрете бастады.
Оларды қолда ұстау қолайлы болып шықты: адамға үйір, еті көп, қамауда да жақсы көбейеді, шөп қоректі, оларды азықтандыру жеңіл.
Қаздар жұмыртқа басады: жұмыртқаны жарып шыққан мамықты балапан жүруге, жүзуге, жемін тауып жеуге өте бейім келеді. Олардың осындай қасиеттері қолға үйретуде үлкен роль атқарды.
Жер шарындағы ондаған түрлі қаздардың ішінен африкалық, еуропалық және азиялық қаздар, яғни олардың үш түрі: Африканың солтүстігін мекендейтін нілдік, Еуропада – сұры қаз, Қытайда – қутұмсық қаздар таңдап алынды.
Хайуанаттар бағындағылары – қытай қазы-қутұмсық тұқымы. Қаздар тараған аумақтар айтарлықтай кең болған. Күршім өзенінің Ертіске құяр тұсына таяу жердегі Зайсан қазаншұңқырының су-шалшықты алқаптарына ұя салады.
Қаздарды кейде мәдени өсімдіктерді арам шөптерден тазартуға пайдаланады. Мысалы, Оңтүстік Америкада бір жарым миллионнан астам қаз мақта алқабына жайылуға жіберіледі.
Қаздар «Римді құтқарып қалған» деген аңыз бар. Бұл жөнінде екі мың жылдан аса уақыт бойы және күні бүгінге дейін жазып та, дауласып та келеді. Алайда, бүгін де қаздардың тамаша күзетші ретінде ерекше маңызды, соның ішінде стратегиялық нысандарды күзетуге пайдаланылуымен аңыз расталады деуге болады.
Ұяда 5-тен 6-ға дейін жұмыртқа болады.
Жойылып бара жатқан түр. Қызыл кітапқа енгізілген.
3. Мускустық үйрек – Мускусная утка – Рiectropterus gairina
«Жарқыраған» деп аталатын үйректер тобына жатады. Бұл морфологиялық тұрғыда алғанда өте күрделі түр.
Бұл түрлер биологиясының зерттелуі әлі де әлсіз болып отыр.
Табиғатта Оңтүстік және Орталық Америка мен Азияны мекен ететін мускустық үйректердің екі түрі бар.
Соңғысы қолға үйретіліп, тұрмыста «үндіүйрек» деп аталып кеткен мускустық үйректер тұқымының арғы тегі болып табылады.
Күй таңдамайды. Қолда жақсы көбейеді.
Үйректерді еті, жұмыртқасы үшін өсіреді.
Құстар тобы Aves
Сұңқартектестер отряды
Қаршыға тұқымдастар
4. Кезқұйрық - Черный коршун – Milvus migrans
Жыл құсы.
Сусыз және ормансыз жерлерден басқа жердің бәріне ұя салады.
Су айдыны жағасындағы орманды жерлерді мекендегенді ұнатады.
Орта көлемді жануарлар: сүтқоректілермен, құстармен, рептилиялармен қоректенеді. Өлі балықтарды, өлімтіктерді және қалдықтарды құмарлана жейді.
Ұясына 1-5 жұмыртқаға дейін салады
Экологиялық маңызы бар.
5. Жамансары - Канюк - Buteo buteo
Жамансары Шығыс Қазақстанның таулы-орманды жерлерінде кең тараған. Республиканың оңтүстік-шығысында қыстайды.
Ұсақ кеміргіштермен, құстармен, бауырмен жорғалаушылармен, ірі жәндіктермен қоректенеді. Жыландарды құшырлана жейді.
Ұясында 2 – 5 жұмыртқа болады.
Экологиялық маңызы бар.
6. Дала қыраны - Степной орел - Аguila rapax Temminck
Зайсан қазаншұңқырында, Маңырақ жотасының сілемдерінде ұя салады, Қалба Алтайының аумағында да ұя салуы ықтимал.
Жазық дала мен ұсақ шоқыларды таңдайды.
Ұясын жерге салады. Ұяда әдетте 1-3 жұмыртқадан болады.
Негізінен көлемі суыр, қоянға дейін жететін кеміргіштермен қоректенеді. Сондай-ақ, құстарды, бауырымен жорғалаушыларды аулайды. Өлімтіктер жейді.
Қызыл кітапқа енгізілген.
7. Қарақұс – могильник – Аguila heliaca
Ағаш немесе бұталы өсімдіктері бар далалы және шөлге айналған аудандарды, жартастарды мекендейді.
Қазақстан Алтайының таулы бөлігінен, Шілікті жазығынан және Маңырақ жотасынан табылған.
Жыл құсы. Қыстақ жерлерде өте сирек кездеседі.
Негізінен саршұнақ, қоян, суыр сияқты сүтқоректілермен, сонымен бірге тауық, үйрек, шағала, балшықшы сияқты құстармен қоректенеді. Кейде тасбақаларды аулайды. Бұл ретте оларды жоғарыдан тасқа тастап жарады.
Ұясын ағаштарға, бұталарға, жартастарға салады.
Ұяда 1-3 жұмырқа болады.
Қызыл кітапқа енгізілген.
8. Бүркіт– Беркут - Aquila heliaca
Бір жерді мекендейтін немесе көшпенді құс.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысына ұя салады. Қоныста және қыста барлық жерлерден кездестіруге болады. Орманды және қуаң жер өсімдіктері бар тауларда, сондай-ақ, жазықта мекендейді.
Орта көлемді сүтқоректілермен қоректенеді; кекіліктерді аулайды; кейде ұсақ тұяқтыларға шабуыл жасайды. Сондай-ақ тасбақаларды, тышқан текті кемірушілерді, өлімтіктерді жейді.
Ұясына 1-3 жұмыртқаға дейін салады.
Қызыл кітапқа енгізілген.
Құстар тобы Aves
Сұңқартектестер отряды
Сұңқар тұқымдастар
9. Кәдімгі күйкентай – Обыкновенная пустельга - Falco tinnunculus
Қазақстанда 12 түршелерге бөледі. Жыл құсы, кей жерлерде қыстап қалады.
Қазақстанның барлық жерлерінде жазықты және ағаш-бұталы өсімдіктері бар өзенді далаларды, ксерофитті таулар мен биік таулы жерлерді таңдап, ұя салады. Ұшып өту кезінде барлық жерде кездеседі. Республиканың оңтүстік-шығысында қыстайды.
Ұясына 3–8, әдетте 4–5 жұмыртқа салады. Жылына 1 балапан шығарады.
Ұсақ кеміргіштермен (тышқан, сұртышқан, саршұнақ), құстармен (бозторғай, торғай, бөдене), кесірткелермен және жәндіктермен (тікқанаттылар, қоңыздар, шегірткелер және басқалар) қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар.
Құстар тобы Aves
Тауықтектестер отряды
Мысыр тауығы тұқымдастар
10. Кәдімгі мысыр тауығы – Обыкновенная цесарка – Numida meleagris
Кәдімгі мысыр тауығы – қолға үйретілген тұқымның арғы тегі.
Отаны – Африка, Мадагаскар аралы. 7 түрі белгілі. Мекендейтін жері табиғатта – ормандар, бұталы жерлер, саванналар.
Басы мен мойнының ашық түстілігімен күрке тауыққа ұқсайды, шағын көлемімен тауыққа ұқсас. Қара тұсты жерде оның қауырсындары құбылып, ұсақ інжу теңбілдері жалт-жұлт етеді. Оның кішкентай басындағы көтеріліп тұрған ұзын «мүйізі» ерекше таңғалдырады. Басқа үй құстарына қарағанда мысыр тауығы өте шақар болады.
Өсімдіктердің жасыл бөлігімен, тұқымдармен, сондай-ақ омыртқасыз әртүрлі жануарлармен қоректенеді.
Моногамиялы – аталығы мен аналығы тұрақты жұп құрады. Ұясын жерге салады. Ұяда 9-дан 20-ға дейін жұмыртқа болады. Ұрғашысы басып шығарады. Балапандарын екеуі де ертіп жүреді. Мысыр тауығының жұмыртқасы тауық жұмыртқасынан ұсақтау, қабығының түсі жирендеу болып келеді. Табиғатта аулау нысаны болып табылады.
11. Бентамка тауығы – Куры бентамка – Сallus gallu
Үндістанда мекендейтін жабайы банки тауықтары үй тауықтарының арғы тегі.
Алғаш рет Еуропаға 1493 жылы әкелінген.
Өз отанында және Оңтүстік Шығыс Азияда әтештер төбелесі кең тарауына байланысты ертеде қолға үйретілген. Содан бері көптеген түрлі тұқымдары – жұмыртқа беретін, етті бағыттағы және төбелеске қосатын түрлері пайда болды.
Хайуанаттар бағында оның ұсақ тұқымдарының бірі – «бентамка» бар.
Құстар тобы Aves
Тауықтектестер отряды
Күрке тауық тұқымдастар
12. Күрке тауық – индейка – Мeleagris galliopavo
Табиғи жағдайда Америка континентінде мекендейді. Үндістердің майя тайпалары ежелден пір тұтып қолға үйреткен, онда иттен кейін қолға үйретілген екінші жануар болды және оны еті үшін ұстаған.
1519 жылы Еуропаға отарлаушы Фернандес Кортес әкелген. Үндістерден алғандықтан оны индейка (күрке тауық) деп атаған. Содан кейін Францияға, Австрияға және Түркияға апарылған. Сол себепті де оны «турчанка» деп те атаған. Алайда, ол «индейка» деп аталғандықтан басқа халықтар оның отаны Үндістан деп ойлаған.
Оны қауырсынының әдемілігі үшін ғана емес, еті үшін де ұстаған.
Ұрғашысы басқа құстардың да жұмыртқасын басып шығара береді, сол үшін де оларды «инкубатор-құс» деп атайды. Алайда күрке тауықтарды, әсіресе жас тауығын ұстау ерекше күтімді талап етеді.
Еркін жүргенде түрлі шөптердің тұқымдарымен; үй жағдайында негізінен дәнмен қоректенеді. Өсімдіктердің жасыл бөлігін сүйіп жейді.
Құстар тобы Aves
Тауықтектестер отряды
Қырғауыл тұқымдастар
13. Алтын түстес қырғауыл – Золотистый фазан – Phasianus pictus
Шығыс Монғолиядан Амурға дейін және Оңтүстік-Батыс Қытайда тараған.
Оны Қытайда «кинки» деп атайды, бұрын «алтын тауық», сондай-ақ феникс деп те атаған.
Ағаш-тал өскен тау баурайларын мекендейді.
Ұяларын кепкен шөптерден және басқа да өсімдіктік материалдан салады. Оларды бұталардың астындағы жасырын жерге орналастырады.
Ұяда 8-ден 12-ге дейін жұмыртқа болады. Балапан басу 21-23 күнге созылады. Бұлар басқа қырғауылдардан ептілігімен және сезімталдығымен ерекшеленеді. Үйде өсірілген қырғауылдар басқаларға қарағанда иелерін жақсы таниды.
Өсімдіктермен және жануар азығымен қоректенеді.
14. Қоңыр салпаңқұлақ қырғауыл – Коричневый ушастый фазан – Crossoptilon mantchuricum
Тибеттің шығыс шет жағында және Қытайдың Солтүстік-Шығысында мекендейді.
Ол өз атауын басының екі жағынан жоғары қарай өскен ұзын ақ қауырсын шоқтарына байланысты алған.
Теңіз деңгейінен 3000-нан 5000 метрге дейін жоғары өскен ормандардың үстіңгі жағындағы ағаш-бұталы тоғайларды ұнатады.
Ұясын жерге салады. Ұяда 5-тен 8-ге дейін жұмыртқа болады.
Қамауда көбейеді.
15. Свайно қырғауылы – Фазан свайно – Swinhoei
Свайно қырғауылы Тайваньда тараған, ол тау ормандарын мекен етеді.
Өте ширақ, үркек.
Түрлі шөптердің тұқымдары мен көк бөлігі оларға қорек болып табылады. Сондай-ақ, жәндіктерді және олардың дернәсілдерін жейді.
Ұясын жерге, жасырын тұсқа салады.
Ұяда 6-дан 15-ке дейін жұмыртқа болады.
Қамауда көбейеді.
16. Сақау немесе жапон бөденесі – Немой или японский перепел – Coturux japonica
Түр-түсі бойынша кәдімгі бөденеден айырмашылығы жоқтың қасы.
Сібірдің оңтүстігінде Байкалдан шығысқа таман, Манчжурияда, Үндіқытайда және Монғолияда тараған.
Бұталы өсімдіктер өскен далалы және ашық жерлерде жүреді.
Кәдімгі бөденеден айырмашылығы ызыңдаған қатқыл дыбыс шығарады, сондықтан «сақау» деп атайды.
Мекиені 20-ға дейін жұмыртқа салады. Барлық тауық тектестер сияқты, балапандары жұмыртқадан тығыз мамықты болып шығады.
Өсімдік тектестермен, сондай-ақ, ұсақ жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен қоректенеді.
Қамауда да көбейеді.
Жұмыртқасының емдәмдік қасиеті бар.
Құстар тобы Aves
Тауықтектестер отряды
Тауыс тұқымдастар
17. Үнділік немесе айдарлы тауыс - Индийский или хохлатый павлин - Pavo cristatus
Тауық отрядының ең ірі түрі.
Үндістанда, Шри-Ланка аралында, Ассамда тараған.
Таулы жерлерді, сонымен қатар жартасты жерлердегі сирек ормандар мен нулы жерлерді мекендейді. Бәрінен бұрын бұталар мен шөпті өсімдіктер қалың өскен жерлерді қалайды. Қауіп төнгенде және ұйықтау үшін ағашқа қонады. Тауыстардың іс-қимылына қарап үнділер жолбарыстардың таяп қалғанын біледі.
Үндістанда қасиетті құс саналған: оны өлтіргендерге жазалау қаупі төнген.
Бір үйірде 30-40 тауыс топталып жүреді. ХҮІІІ ғасырда мыңнан аса құсқа жеткен үйірлер байқалған.
Тауыстар үшін үй тауықтарына тән жем қорек болады.
Ұясын жерге, бұталармен бүркелген тұсқа салады. Ұя жіңішке сабақты шөптерден және кепкен жапырақтардан салынады.
Ұяда 4-тен 15-ке дейін жұмыртқа болады. Тауыс мекиені өте орнықты отырады.
Қолға үйретілген құстарды Еуропаға алғаш рет Александр Македонский әкелген.
Тауыстар ежелден сарайларда, саябақтарда және әуесқойларда ұсталған.
Бұрын олардың етін «патшалық» тойлар кезінде пайдаланған.
Зообақта оларға дәндер және жеміс, көкөніс, ірімшік... сияқты жеңіл азық беріледі.
Қамауда да көбейеді.
Құстар тобы
Тырнатектестер отряды
Тырна тұқымдастар
18. Ақбас тырна - Журавль красавка - Anthropoides virgo
Қазақстанның далалары мен шөл далаларында кеңінен тараған. Ірі өзендердің аңғарларын да жағалайды.
Жыл құсы. Бұрынғы кездері ұшып өтетін осындай тырналар тобындағылардың саны Қазақстанда елу мыңға дейін жететін болған.
Негізінен өсімдіктік өніммен – тұқыммен, жеміс түйіндерімен, өсімдік өскіндерімен, сондай-ақ түрлі қоңыздармен, шегірткелермен және басқа да жәндіктермен қоректенеді.
Ұяға әдетте 2 жұмырқа салады.
Қызыл кітапқа енген.
Құстар тобы Aves
Үкітектестер отряды
Үкі тұқымдастар
19. Филин – үкі – Bubo bubo
Қазақстанда 19 түршелерге бөледі. Бір жерді мекендейтін құстар.
Еділ-Жайық өзендері аралықтарынан, Маңғыстау мен Үстірттен және Орталық Қазақстанның көптеген аудандарынан басқа жерлердің бәрінде дерлік ұя салады және ұшып өткен кезде барлық жерден кездеседі. Атырауда, Семейде, Алматыда және Іле алабында қыстайтыны байқалған.
Таудағы және өзен бойындағы ормандарды, ағаш-бұта өсімдікті жазықтарды мекендейді.
Ұяда 6-ға дейін, әдетте 2-4 жұмыртқадан болады. Жылына 1 рет балапан басып шығарады. Басқан жұмыртқалары шіріген жағдайда қайтадан көбейудің қамын жасайды.
Ұсақ кеміргіштермен және құстармен, анда-санда жәндіктермен қоректенеді.
Экологиялық маңызы бар. Қызыл кітапқа енгізілген.
20. Саз жапалағы - Болотная сова - Аsio flammeus
Ашық ландшафттар – далаларда, жайылма шалғындарда, жартылай шөл далаларда кең тараған. Тау мен орманнан қашады.
Ұсақ құстар мен аңдар, ірі жәндіктер оларға азық болып табылады. Мұндай жапалақтарды күндіз аң аулаған кезде жиі кездестіруге болады.
Ұясын жерге салады. Ұяда әдетте 5-6 жұмыртқа, сирек жағдайда 9-ға дейін болады. Кеміргіштер көбейген жылы аналығы ұяға жұмырқа үстемелеп сала береді, осылайша бір ұяда ұшуға дайын қанаттанған балапан, жұмыртқаны жаңа жарып шыққан балапан және жаңадан салынған жұмыртқа бір уақытта болуы мүмкін. Сондықтан жұмыртқаның ең көп саны 16-ға жетуі ықтимал. Жылына 1-2 рет балапан басып шығаруы да мүмкін.
Барлық жерде қорғалуға жатады.
21. Маубас жапалақ - Сплюшка – Оtus scops
Маубас жапалақ – біздің жапалақтардың ішіндегі ең кішкентайы. Ағаш дінінің жанында отырған құсты байқау өте қиын, бұл оның түсінің өзіне қорғау болатынының айғағы.
Жыл құсы.
Мекендейтін орындары - өзен жайылымдары, аңғарлар, ормандар мен тоғайлардың аралдық алаптары. Тауда аса биікке көтерілмейді. Соңғы жылдары саяжайлардан көру дағдыға айналды, өйткені олар үшін ыңғайлы жағдай бар.
Ұясын ағаш қуыстарына және қараторғайға арналғанн жасанды үйшіктерге, шағын қуыстарға, сондай-ақ, адамдар тұрғызған құрылыстарға салады.
Ұяға әдетте 3-5, сирек жағдайда 6-7 жұмыртқа салады.
Негізгі азығы – түнгі жәндіктер, ұсақ кеміргіштер мен құстар. Жарғанаттарды аулайды.
Қорғалады. Экологиялық маңызы бар.
Құстар тобы Aves
Тотытектестер отряды
Тоты тұқымдастар
22. Корелла тоты – Попугай корелла – Рarrot
Австралияны мекендейді. Жеке немесе бір топ ағаш өсіп тұрған ашық даланы таңдайды.
Балапандары түлеп шыққаннан кейін үлкен топқа бірігеді.
Ұясын ағаштардың қуысына, адамдардың тұрғын үйлеріне салады. Ұяда 3-тен 6-ға дейін жұмыртқа болады. Жұмыртқаны жарып шыққан кезде балапандары сарғыш мамықты болады.
Шөп тұқымдарымен қоректенеді. Өнген өсімдіктерді, ағаш және бұта бүршіктерін жейді, аратұра жәндіктермен, олардың құрттарымен қоректенеді.
Құстармен әуестенушілер арасында кең тараған. Қауырсындарының түсі сұрғылт болады. Еркегінің жақтары сары, «құлақтары» қызғылт.
Құс әуесқойлары ақ, ақшыл қоңыр, түрлі-түсті тотылар шығарған.
23. Бұйра тоты – Волнистый попугайчик – Мelopsittacus undulates
Австралияда кең тараған түрлердің бірі. Мекендейтін орны – қалың шөп өскен және жеке ағаштар өсетін саванна.
Негізінен шөпті өсімдіктер тұқымымен, анда-санда жәндіктермен қоректенеді.
Өте шапшаң ұшады. Су көздерін табу үшін ондаған шақырым қашықтықты ұшып өте алады.
Кейде мыңдап топтанады.
Көбею кезінде ағаш қуыстарына, жарғақ қанаттылар илеуіне ұя салады.
Ұяда 4-9 жұмыртқа болады. Жұмыртқаны аналығы басады. Балапандары тақыр терілі және көзін ашпай туады. Бұл мезетте оны аталығы қоректендіреді. 20-25 күннен кейін балапандар ұяны тастап, ұшып кетеді.
Бұйра тоты Еуропаға ХҮІІІ ғасырдан бастап әкелінген. Құс әуесқойлары оларды үлкен сүйіспеншілікпен ұстайды. Табиғи түсі – жасыл. Әуесқойлар олардың көптеген түрлерін өсіріп шығаруда.
Еркіндік жоқ жерде күй таңдамайды, сөйлесуге ықтиятты.
24. Жолақ амадина – Зебровая амадина – Тaeniopvgia guttata
Австралия континентінде кең тараған түр.
Шөпті өсімдіктермен қатар жекелеген ағаштар өсетін саванналық ландшафттарды мекендейді. Өсімдіктер тұқымдарымен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді.
Ұяларын түрлі жабық жерлерге – ағаш дінінің жықпылдарына, қуыстарына, сондай-ақ, ұя тоқитын көптеген құстар сияқты қалың шөптер мен бұталардың арасына өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтарынан өріп ұя салады. Қолайлы жағдай туса жыл бойы көбейе береді. Ондаған мың басқа жететін топқа жиналады.
Сырт көрінісі сүйкімді, күй таңдамайтындықтан олар қолда ұстауға қолайлы. Табиғи түсі қоңыр-сұр түсті. Әуесқойлар амадинаның ақ, қуқыл-сарғылт, ала түрлерін шығарды.
Құстар тобы Aves
Түйеқұстектестер отряды
Түйеқұс тұқымдастар
25. Түйеқұс - Страус - Struthio camelus
Ең ірі жақсы жүгіретін (ұшпайтын) құс, оның биіктігі 270 см, ал салмағы 175 кг дейін жетеді, жүгіргенде жылдамдығын сағатына 60-70 км дейін арттыра алады.
Оның грек тілінен аударғандағы ғылыми атауы «түйе-құс» дегенді білдіреді.
Экваторлық ормандардың солтүстік және оңтүстік аймақтарындағы ашық саваннаны және жартылай шөлейтті даланы мекендейді.
Негізгі қорегі өсімдіктер – өркендер, гүлдер, тұқымдар, жемістер болып табылады, бірақ кейбір кездерде олар жануарлар мен жәндіктерді (көкқасқа шегірткені), рептилияларды, кеміргіштерді және жыртқыштардың тамақтанғанынан қалған қалдықтарды жейді. Олар қоректенген өсімдіктерінен ылғалды жеткілікті мөлшерде алатындықтан, көп уақытқа дейін сусыз жүре алады.
Олардың тісі жоқ, сондықтан тамақ асқазанда қорытылу үшін олар: ұсақ тастарды, шегелерді, темірлерді, пластмассаларды, кесек ағаштарды және тағы басқаларды жұтып қояды.
Ұясын жерге салады. Ұясында 12-15 жұмыртқаға дейін болады.
Класс Млекопитающие Mammalia
Отряд Насекомоядные
Семейство Ежовые
Сүтқоректілер тобы Mammalia
Жәндікқоректілер отряды
Кірпі тұқымдастар
26. Кәдімгі кірпі – Обыкновенный еж – Еrinaceus europaeus
Кәдімгі кірпі Батыс Сібірдің орманды-далалы жазықтығынан Шығыс Қазақстан аумағына осыдан 50 жыл бұрын қоныс аударған. Құлақты кірпіден ірі көлемімен, қалың жылы жүнді терісімен және жүні жасырып тұратын құлағымен ерекшеленеді.
Ертіс жайылмасын мекендейді және біртіндеп оған іргелес орманды- далалы учаскелерге қоныстануда.
Түрлі жәндіктермен, құрттармен қоректенеді; тышқан тәріздес кеміргіштер мен жерге ұя салатын ұсақ құстар ұяларын бұзады.
2-7 баласы болады.
Қыста ұйқыға кетеді.
27. Құлақты кірпі – Ушатый еж – Еrinaceus (Hemiechinus) auritus
Қазақстанның солтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің шөл және далалық аймағында кеңінен тараған, елдің шығысында Зайсан қазаншұңқырына дейін жетеді, сол жақтағы таралуының солтүстік шекарасы Көкпекті ауданының Қызылқұм құмын қамтиды.
Ұрғашысы жылына бір рет балалап, 3-тен 9-ға дейін кірпіше әкеледі.
Негізінен түнде тірлік етеді.
Жәндіктер, өрмекшілер, құрттар... сияқты түрлі омыртқасыздармен қоректенеді. Кейде бауырымен жорғалаушылардың ұсақтарын – кесірткелерді, жыландарды жейді; тышқандар мен жерге ұя салатын ұсақ құстардың ұяларын бұзады. Қыста ұйқыға кетеді.
Пайдалы жануар.
Сүтқоректілер тобы Mammalia
Жыртқыштар отряды
Ит тұқымдастар
28. Қасқыр – Волк – Сanis Lupus
Шығыс Қазақстанның далаларында, тауларында, шөл далалары мен ормандарында кең тараған.
Өздеріне жемтік іздеп, әсіресе тұяқты жануарлардың ізіне түсіп айтарлықтай қашықтыққа жортады.
Бұғыларды, қояндарды, кеміргіштерді, құстарды аулайды. Өлексе жейді. Үй жануарларына шабуыл жасайды.
Ұрғашысы 2-ден 12 бөлтірікке дейін әкеледі.
Аңшылық-кәсіпшілік маңызы бар.
Сүтқоректілер тобы Mammalia
Жыртқыштар отряды
Аю тұқымдастар
29. Қоңыр аю - Бурый медведь – Ursus arctos
Қазақстан Алтайының таулы-орманды бөлігінде және Сауыр-Тарбағатай тауларында тараған.
Негізінен шөптеc өсімдіктермен, жемістермен, жидектермен, саңырауқұлақтармен қоректенеді. Оқта-текте бұлан мен марал сияқты жабайы жануарларға, сондай-ақ, үй малына да шабуылдап қояды. Сирек жағдайда адам оның құрбаны болып қалады. Омартаға «баруға» құмар.
Ұрғашысы жылына бір рет 1-3 қонжық туады.
Аю өте күшті хайуан. Қыста өзінің апанында ұйқыға кетеді. Хайуанаттар бағында қыс бойы сергек жүреді. Суық кездері тысқа шықпайды.
Әуесқой және кәсіпшілік аңшылық нысанасы болып табылады.
Сүтқоректілер тобы Mammalia
Аша тұяқтылар отряды
Шошқа тұқымдастар
30. Жабайы шошқа - Кабан - Sus scrofa
Тауда, қамыс арасында, көлдер мен өзендердің тоғайлы жерлерінде жүреді. Алтайдың орманды бөлігінде, Маңырақ тауында, Зайсанның, Алакөлдің және Сасықкөлдің қамысты жерлерінде ішінара кездеседі.
Өсімдіктердің жер үстіндегі және астындағы: жемістерімен, тамыр жемістермен, сондай-ақ, жемтіктермен және жәндіктермен қоректенеді.
Ұрғашысы 2-ден 10 торайға дейін әкеледі.
Қабандарды қасқырлар, кейде аюлар торуылдайды. Азулы кәрі қабандар өте күшті болады, жыртқыштар оларға тимейді.
Аңшылық-кәсіпшілік маңызы бар.
Сүтқоректілер тобы Mammalia
Аша тұяқтылар отряды
Бұғы тұқымдастар
31. Марал - Благородный олень - Сervus elaphus
Таулы Алтайдың Қазақстан бөлігінде, Сауырда тараған.
Шөпті өсімдіктермен, сондай-ақ, ағаштар мен бұталардың жапырақтарымен, сабақтарымен, қабықтарымен, бұтақтарымен қоректенеді.
Аналығы бір бұзау, сирек жағдайда екі бұзау туады.
Еркектерінің жас мүйіздері – панты медицинада өте бағалы дәрі-дәрмек – пантокрин дайындауға қолданылады. Панты үшін Еуропада кеңінен жерсіндірілген.
Шығыс Қазақстан марал өсіруші өлке ретінде әйгілі.
Бағалы аңшылық-кәсіпшілік түр болып саналады..
32. Теңбіл бұғы - Пятнистый олень - Сervus nippon
Жабайы күйінде Оңтүстік Приморьеде тараған.
Жалпақ жапырақты ормандарды мекендейді. Топтанып жүреді, кейде табын болып үйіріледі. Қас қарайғанда және түнде жайылады.
Негізгі жаулары: жолбарыс, сілеусін, қасқыр, аю.
Ұрғашысы үш жасында, әдетте, бір бұзау әкеледі. Еуропа мен Алтайдадағы бұғы шаруашылықтарда бағылады.
Еркегінің жас мүйізі шикізат ретінде медицина мақсатында пайдаланылады.
33. Елік – Косуля – Capreolus capreolus
Қазақстанның батысында Жайық өзенінен бастап шығысында Алтай өлкесінің шекарасына дейінгі солтүстік бөлігін, сондай-ақ Орталық Қазақстанның орманды және бұталы алқаптарын қамтиды.
Таулы және жазықты облыстардың орманды, тоғайлы және қамысты жерлерін мекендейді.
Шөптес өсімдіктермен, бұталар мен ағаштардың бұтақтарымен қоректенеді.
Жылына бір рет лақтап, 1-3, көбінесе 2 еңлік туады.
Аңшылық-кәсіпшілік иаңызы бар.
Сүтқоректілер тобы - Mammalia
Тақ тұяқтылар отряды
Жылқы тұқымдастар
34.Пони - Eguus
Аласа жылқы тұқымы. Ұсақ жылқылар (бойы 80-140 см) Британ, Шетланд аралдарында, Исландияда, Корсикада, Сицилияда, Готландта, Хоккайдода (Жапония) және т.б. өсіріледі.
Уэльстік, шетлендтік, исландтық, шотландтық, готландтық, Хоккайдо-пони сияқты бірнеше тұқымы белгілі.
Пони көбінесе торы және қара түсті болып келеді, кейде жонында қара жолағы бар сұр және құласұр түрлері де кездеседі.
Пони ұсақ шаруа қожалықтарында таулы соқпақтардан теңдеп артылған жүк тасымалдау үшін, ал қала саябақтарында балалар экипажына жегу үшін пайдаланылады.
35.Қашыр – будан - Мул-гибрид – Mulus
Будан – бұл генетикасы екі түрлі жануарлардың бірінші ұрпағы. Қашыр классикалық және танымал будан болып табылады, оның «әкесі» – есек, «енесі» – байтал.
Жылқылар мен есектер хромосомаларының әртүрлі жиынтықтарын алу салдарынан олардың ұрпақтары (қашырлар мен мәстектер) көпшілік жағдайда төл бермейді, сондықтан, қашыр алу үшін есек пен байталды әр сайын будандастыру қажет.
Сүтқоректілер тобы Mammalia
Көнтабандылар отряды
Түйе тұқымдастар
36. Түйе – Верблюд – Сamelus bactrianus
Орта Азиядағы мемлекет – Бактрияда екі мың жыл бұрын қолға үйретілген.
Қазақ, қалмақ және монғол тұқымдары бар.
Өзіндік айрықша жануар.
Түйенің биіктігі 5 метрге дейін жетеді.
Су жоқ кезде қаны қоюланбайды. Су, сондай-ақ, оның қанының қызыл түйіршіктерінде – өз көлемінен 3 есе көп су сіңіретін эритроциттерде болады.
Ол 1000 шақырым жерді сусыз жүріп өте алады, сол үшін де оны «шөл дала кемесі» деп тегін айтпаса керек. Жануар 30 – 40 шақырым жерге 250 кг. жүк көтеріп жүре алады.
45 тәулікке дейін су ішпей, өз салмағын 30 пайызға дейін жоғалтса да өміріне қауіп төнбейді. Түйенің 186 литр – бір бөшке су ішкені белгілі. Сондықтан да, оның асқазанында суға арналған «қалтасы» бар деп саналған.
Ол терлемейді, егер ол өте көп су ішсе ғана тер шығуы мүмкін.
Түйенің 100 гр. майында 107 гр. су болады, күйлі жануар өзінің өркешінен 500 литрге дейін су алады.
Ол қол тигізуге қорқынышты тікенек өсімдіктерді жейді.
Аналығы екі жылда бір рет бір бота туады.
Сүтінен шұбат, ірімшік және басқа да қышқыл өнімдер әзірленеді, жүнінен – киім, көрпе тігеді.
Сүтқоректілер тобы - Mammalia
Тақ тұяқтылар отряды
Жылқы тұқымдастар
Пони - Eguus
Аласа жылқы тұқымы. Ұсақ жылқылар (бойы 80-140 см) Британ, Шетланд аралдарында, Исландияда, Корсикада, Сицилияда, Готландта, Хоккайдода (Жапония) және т.б. өсіріледі.
Уэльстік, шетлендтік, исландтық, шотландтық, готландтық, Хоккайдо-пони сияқты бірнеше тұқымы белгілі.
Пони көбінесе торы және қара түсті болып келеді, кейде жонында қара жолағы бар сұр және құласұр түрлері де кездеседі.
Пони ұсақ шаруа қожалықтарында таулы соқпақтардан теңдеп артылған жүк тасымалдау үшін, ал қала саябақтарында балалар экипажына жегу үшін пайдаланылады.
Қашыр – будан - Мул-гибрид – Mulus
Будан – бұл генетикасы екі түрлі жануарлардың бірінші ұрпағы. Қашыр классикалық және танымал будан болып табылады, оның «әкесі» – есек, «енесі» – байтал.
Жылқылар мен есектер хромосомаларының әртүрлі жиынтықтарын алу салдарынан олардың ұрпақтары (қашырлар мен мәстектер) көпшілік жағдайда төл бермейді, сондықтан, қашыр алу үшін есек пен байталды әр сайын будандастыру қажет.