Шығыс – Қазақстан облыстық
сәулет-этнографиялық және
табиғи-ландшафтық
мұражай-қорығы

МҰРАЖАЙ-ҚОРЫҚТЫҢ ҚОРЫНДАҒЫ ТІЗІМДЕМЕЛЕР


Қазақтардың зергерлік әшекейлері

Сақиналар

61. Сақина

ХІХ ғасыр ортасы

800 сынамалы (қасы), 600 сынамалы (шығыршығы) күміс, тас

Соғу, жозылау, бедерлеу, сымкәптеу

2,2 х 0,8 х 2,1 (см)

12 г 108 мг

Жалпақтығы біркелкі шығыршықтан және дөңгелек пішінді үстіңгі беттен тұрады. Шығыршықтың шеттері үш дөңес сызықтармен әшекейленген, ортаңғы дөңес сызық көлденең сызықшалармен қиылысады.

Қастың орталық бөлігі қабырғалары имек төртбұрыш пішінді, қоңыр түсті тас ендірмемен әшекейленген. Ендірменің айналасындағы бос жерлер ұсақ ромбиктер жасап қиылысатын сызықтармен сәнделген. Қалқаншаның қапталдық таспасының табаны айнала ширатпа сымкәптеумен әшекейленген.

Айгүл Насыровадан алынған, ол 1899 жылы туған, Ұлан ауданы Алмасай ауылының тұрғыны.

Бұл сақина оның әкесі мен атасы туралы ескерткіш ретінде сақталған. Сақина қолдан жасалған, отбасылық ескерткіш, тұмар ретінде ұрпақтан ұрпаққа өтіп отырған.

ШҚО Ұлан ауданының Алмасай ауылы

1985 жыл

КП – 7 - 16238 / КДМ зсв 1 – 51

№ 114 акт – 1985 жыл

Сыйлық


62. Құдағи жүзік

ХІХ ғасыр

875 сынамалы күміс

Дәнекерлеу, түйіршік, керту, қалыптау, алтын жалату, жалған түйіршік

2,1 х 1,5 (см) (1), 2 х 1,4 (см) (2) (шығыршықтары), 6,8 х 1,3 (қасы)

103 г 46 мг

Диаметрлері 2,1 см, 2 см болатын екі шығыршықтан және диаметрі 6,8 см болатын дөңгелек қастан тұрады.

Қас екі тілімнен және жалпақтығы 1 см бүйірлік таспадан дәнекерленген. Ішкі қуыс жеріне паста толтырылған. Бет жағы екі сопақ және екі үшбұрышты тіліммен әшекейленген, олар бір біріне түйісіп тұр. Тілімдердің орталық бөліктері ақыққа ұқсатылған қоңыр түсті шыны ендірмелермен әшекейленген. Ендірмелердің пішіндері тілімдердің пішіндерін қайталайды. Сопақ ендірмелер түйіршіктермен әшекейленген жақтауларға қондырылған, үшбұрыштылары – ширатылған сымкәптеумен көмкерілген. Ендірмелер биіктігі 0,3 см болатын тұтас қасқа орнатылған. Ендірмелердің үстіңгі беті түйіршік үшбұрыштармен, сопақтары – түйіршіктерден тұратын екі үшбұрышпен, үшбұрыштылары – бір үшбұрышпен сәнделген.

Сопақ тілімдердің шеттері ширатылған сымкәптеумен көмкерілген “ирек” өрнекпен әшекейленген. Үшбұрышты тілімдердің шеттері ширатылған сымкәптеудің көмкеруіндегі түйіршіктер тізбесімен көркемделген.

Қастың оң жақ бетінің негізі алтын түстес, тілімдердің екі жақтарынан бастап әр жақта тоғыз-тоғыздан орналастырылған түйіршік үшбұрыштармен әшекейленген. Тілімдерден бастап төрт жақта – түйіршіктерден тұратын үшбұрышты бұрыштар.

Оң жақ бетінің сұлбасы бойымен ирек өрнектен тұратын ою-өрнекті жолақ өтеді, ол ширатылған сымкәптеумен көмкерілген.

Бүйірлік таспа ирек өрнектің екі қатарынан, ширатылған сымкәптеу мен түйіршіктер қатарларынан тұратын ою-өрнекті жолақтармен сәнделген.

Кәсіби зергер әрі коллекционер Бәшіров Сержан Мұратұлынан сатып алынған, ол 1964 жылы туған, Алматы қаласының тұрғыны, ШҚО Тарбағатай ауданының тумасы.

Батыс Қазақстан

2006 жыл

КП – 42 - 27742 / КДМ зсв 1 – 199

№ 47 акт – 2006 жыл


63. Құдағи жүзік

1920 жыл

870 сынамалы (қасы), 500 сынамалы (шығыршығы) күміс

Соғу, керту, дәнекерлеу

1,9 х 1,2 х 2,5 (см)

13 г 683 мг

Төбесінің ортасына қарай жалпаятын шығыршықтан және сопақ қалқаншадан (2,5 х 1,8 (см)) тұрады.

Сопақ тілім кертпемен әшекейленген, ортасында “ай”, “күн” мен “шаян” өрнектері бар.

Мұражайға Халима Исаева сыйлаған, ол 1937 жылы туған, Зайсан ауданы Қаратал ауылының тұрғыны. Сақинаны ұлы атасы Мұстафа Мұхамеджанов (1870 жылы туған) жүзікті өткізушінің анасы Фатима Қарымсановаға (1910 жылы туған) арнап 1920 жылы соққан.

ШҚО Зайсан ауданының Қаратал ауылы

1989 жыл

КП – 10 - 18716 / КДМ зсб – 177

№ 32 акт – 1989 жыл

Сыйлық


64. Сақина

ХІХ ғасыр соңы

800 сынамалы күміс, паста

Құю, сымкәптеу, дәнекерлеу, жалған түйіршік

2 х 0,6 х 2,4 (см)

12 г 90 мг

Ортасына қарай жалпайған тілім түріндегі шығыршықтан және сопақ қастан тұрады.

Қасы биік (2,4 х 1,8 х 0,9 (см)), қызыл күрең түсті пастадан жасалған тұтас ендірмесі бар. Жалпақтығы 1,5 см болатын бүйірлік таспа екі жағынан білікшелермен безендірілген, олар ширатылған сымкәптеудің екі қатарымен сәнделген. Ендірменің үстіңгі беті жалған түйіршіктен тұратын сегіздік түріндегі өрнекпен әшекейленген. Қастың өң жақ бетінің шеттері жалған түйіршік өрнегімен әшекейленген.

ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металлдар музейі (Астана қаласы) сыйлаған.

Ақтөбе қаласы

2003 жыл

КП – 34 - 25345 / КДМ зсв 1 – 164

№ 30 акт – 2004 жыл

Сыйлық


65. “Құс мұрын” сақинасы

ХІХ ғасыр соңы

750, 800 сынамалы күміс

Түйіршік, сымкәптеу, керту, дәнекерлеу

2 х 0,4 х 4,7 (см)

29 г 51 мг

Үстінің ортасына қарай жалпайған шығыршықтан және құс тұмсығы түріндегі үстіңгі беттен тұрады.

Шығыршықтың орталық бөлігі зерленген. Шығыршық екі жағынан жалпайтылған, спираль тәріздес торкөз өрнектермен әшекейленген. Спираль тәріздес ширатпалардың табаны түйіршікпен сәнделген. Шығыршық торкөз бөліктерімен қалқаншаға дәнекерленген.

Қас (4,7 х 2,6 (см)) құстың тұмсығы пішініндегі екі тілімнен және жалпақтығы 1 см бүйірлік таспадан тұрады. Бет жақ тілім торкөзді, спираль тәрізді “шимай” өрнегімен және түйіршікпен безендірілген, сұлбасы ширатылған және бұдырлы сымкәптеу техникасында орындалған. Бүйірлік таспа ширатылған және бұдырлы сымкәптеу қатарларымен сәнделген. Шеті тіс-тіс болып келген төменгі тілім домалақ түйіршіктермен безендірілген, үшкір бөлігі түйіршікпен көмкерілген.

Кәсіби зергер әрі коллекционер Бәшіров Сержан Мұратұлынан сатып алынған, ол 1964 жылы туған, Алматы қаласының тұрғыны, ШҚО Тарбағатай ауданының тумасы.

Батыс Қазақстан

2005 жыл

КП – 40 - 26964 / КДМ зсб 3 – 467

№ 133 акт – 2005 жыл


66. “Құс мұрын” сақинасы

ХІХ ғасыр соңы

500 сынамалы күміс

Бедерлеу, жалған түйіршік

2 х 0,6 х 1,9 (см)

5 г 611 мг

Жұқа тілім түріндегі шығыршықтан және құс тұмсығы пішініндегі үстіңгі беттен (1,9 х 1,2 (см)) тұрады.

Сақина айнала жидектері бар иір бұтақтар түріндегі өсімдіктік өрнекпен әшекейленген.

Қалқаншаның орталық бөлігі екі элементтен құралған өрнекпен сәнделген – жоғарғы бөлігі “жүрек” пішінінде – “түйетабан” өрнегі біртіндеп найза тәріздес элементке ауысқан. Өрнек тамшы пішініндегі сызық жақтаумен қоршалған. Беті түйіршікті.

Зәуре Алпысбаевадан алынған, ол 1903 жылы туған, Ұлан ауданы Алмасай ауылының тұрғыны. 1923 жылы төрт сырмақ жасауға көмектескені үшін оған көршісі сыйлапты. Жұмыс ауыр болғандықтан, көрші әйел көмектескендердің барлығын тамақтандырып, оларға осындай шағын сыйлықтар берген екен.

ШҚО Ұлан ауданының Алмасай ауылы

1985 жыл

КП – 7 - 16242 / КДМ зсб 1 – 123

№ 116 акт – 1985 жыл

Сыйлық


67. “Құс мұрын” сақинасы оймағымен

ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы

800, 600 сынамалы күміс

Қалыптау, сымкәптеу, түйіршік, ою

1,9 х 0,6 х 3,2 (см); 1,6 х 0,6 х 1,5 (см) (оймақ)

17 г 47 мг

Екі бөліктен – шынжырбау арқылы қосылған сақина мен оймақтан тұрады. Сақина зерленген шығыршықтан және құстұмсық тәріздес үстіңгі беттен тұрады. Оймақ шығыршықты және дөңгелек қалқаншалы сақина түрінде.

Құстұмсық тәрізді қас (3,2 х 1,6 х 0,7(см)) екі тілім мен бүйрлік таспадан дәнекерленген. Бүйірлік таспаның шеті ширатылған сымкәптеу қатарларымен әшекейленген. Бет жағындағы тілім ойынды жапырақ түрінде. Қастың төбесі түйіршік тамшымен көркемделген.

Қастың жіңішкертілген бөлігінің тесігіне сым шығыршық енгізілген, оған ұзындығы 10 см шынжырбау бекітілген. Шынжырбаудың ұшында – дөңгелек қалқаншалы сақина түріндегі оймақ. Қас шетінің бойымен тегіс жалпақ өңір өтеді, ортасында – көптеген терең түртпелер. Оймақ шығыршығының шеті дөңес өңірлі, оның ортасына қарай үш шығыршық етіп иілген сым дәнекерленген, оған шынжырбау бекітілген.

ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металлдар музейі (Астана қаласы) сыйлаған.

Оңтүстік Қазақстан

2003 жыл

КП – 34 - 25350 / КДМ зсб 3 – 435

№ 33 акт – 2004 жыл

Сыйлық


68. “Құс мұрын” сақинасы

ХХ ғасыр басы

800, 600 сынамалы күміс, шыны

Қалыптау, сымкәптеу, керту

2 х 0,7 х 2,1 (см)

8 г 13 мг

Екі терең сызықпен зерленген шығыршықтан және құс тұмсығы пішінді қастан (2,1 х 1,2 х 0,6 (см)) тұрады.

Қастың табаны бұдырлы білікшемен, сымкәптеу техникасындағы „бұрыммен” әшекейленген. Қас жасыл шыныдан орнатылған ендірмеге ұя болып қызмет етеді; ұяның тіс тәріздес шеттері ендірмені жан-жағынан қапсырып тұр. Тұмсықтың ұшында төрт домалақ түйіршік бар.

ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металлдар музейі (Астана қаласы) сыйлаған.

Солтүстік Қазақстан

2003 жыл

КП – 34 - 25346 / КДМ зсв 1 – 165

№ 31 акт – 2004 жыл

Сыйлық


69. “Құс мұрын” сақинасы

ХХ ғасырдың 20-шы жылдары

700, 870 сынамалы күміс

Батырма, сымкәптеу, жалған түйіршік, керту, алтын жалату

2,1 х 0,6 х 3,4 (см)

13 г 800 мг

Шығыршық пен құс тұмсығы пішініндегі қастан (3,4 х 2 х 0,8 (см)) тұрады. Шығыршығының ортасы сымкәптеумен және шеті кертпемен сәнделген.

Қас құс тұмсығы пішінінде, шетінің бойы сымкәптеумен және түйіршікпен әшекейленген, орталық дөңес бөлігіне алтын жалатылған.

Күлсін Қоқаевадан сатып алынған, ол 1918 жылы туған, елі “Тұзақшы”, атасы “Төре сары”, Зайсан ауданы Мұжықсу ауылының тұрғыны. Сақина оған әкесінен қалған, ол кезінде зергер шеберге тапсырыс беріп соққызған екен.

ШҚО Зайсан ауданының Мұжықсу ауылы

1989 жыл

КП – 11 - 18679 / КДМ зсв 1 – 73

№ 20 акт – 1989 жыл


70. Сақина

ХХ ғасыр басы

800 сынамалы күміс, шыны, паста

Қалыптау, түйіршік, батырма

1,9 х 2 х 5,8 (см)

50 г 94 мг

Шығыршық пен сопақ пішінді қастан тұрады.

Шығыршығы тегіс, табанынан ортасына қарай біртіндеп жіңішкерген.

Қас (5,8 х 5,1 х 0,8 (см)) сопақ пішінді екі жұқа тілімнен және жалпақтығы 0,5 см бүйірлік таспадан дәнекерленген. Ішкі жағына паста толтырылған. Бет жағы ақықты елестетеін сопақ екі шыны ендірмемен әшекейленген. Биіктігі 0,3 см ұялар тілімге дәнекерленген, олардың үстіңгі шеті ендірмелерді айнала қапсырып тұр және қалып арқылы ширатылған, бұдырлы, тегіс сымкәптеумен сәнделген. Ендірмелер түйіршіктерден тұратын дөңгелек гүлөрнектермен жабылған. Ендірмелердің аралары “бау” пішініндегі дөңес жапсырмамен әшекейленген. Сопақ ендірмелер мен “бауды” айнала түйіршіктер жолағы өтеді. “Баудың” екі ұштарынан түйіршік шоғыры кеткен. Қалқаншаның үстіңгі және төменгі бөліктері төбесінде түйірі бар түйіршікті үшбұрыштармен және түйіршікті үзік сызықтармен толтырылған. Қалқаншаның шеттері қалып арқылы ширатылған және тегіс сымкәптеу мен жалған түйіршік жақтаумен көмкерілген. Бүйірлік таспа жалған түйіршікті үшбұрыштармен сәнделген.

ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металлдар музейі (Астана қаласы) сыйлаған.

Батыс Қазақстан

2003 жыл

КП – 342534 / КДМ зсв 1 – 161

№ 28 акт – 2004 жыл

Сыйлық


71. Сақина

ХХ ғасыр басы

600 сынамалы күміс, паста

Құю, қалыптау, түйіршік, кіреуке

2,1 х 0,4 х 2,5 (см)

9 г 72 мг

Қиындысы дөңгелек шығыршықтан және айқас түріндегі үстіңгі беттен тұрады.

Қасы (2,5 х 2,5 (см)) айқас пішінді, оның төрт ұшында үш-үш түйірден өрнек бар. Ортасында диск, оған қызыл түсті кіреуке толтырылған. Ортасы түртпемен белгіленген.

ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металлдар музейі (Астана қаласы) сыйлаған.

Оңтүстік Қазақстан облысының Шәуілдір ауылы

2003 жыл

КП – 34 - 25344/1 / КДМ зсв – 162

№ 29 акт – 2004 жыл

Сыйлық


72. Сақина

ХХ ғасыр басы

600 сынамалы күміс, паста

Құю, қалыптау, түйіршік, кіреуке

2,1 х 0,5 х 2,5 (см)

9 г 72 мг

Қиындысы дөңгелек шығыршықтан және айқас үлгісіндегі үстіңгі беттен тұрады.

Қасы (2,5 х 2,4 (см)) айқас пішінді, оның төрт ұшында үш-үш түйірден өрнек бар. Ортасында диск, оған қызыл түсті кіреуке толтырылған. Ортасы нүктемен белгіленген.

ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металлдар музейі (Астана қаласы) сыйлаған.

Оңтүстік Қазақстан облысының Шәуілдір ауылы

2003 жыл

КП – 34 - 25344/2 / КДМ зсв – 163

№ 29 акт – 2004 жыл

Сыйлық


73. Сақина

ХХ ғасыр басы

875 сынамалы күміс, шыны

Соғу, сымкәптеу

1,8 х 0,2 х 1,3 (см)

2 г 213 мг

Айналасының жалпақтығы біркелкі шығыршықтан және сопақ пішінді қастан тұрады.

Үсті торкөз жақтауға (1,3 х 1,2 х 0,4 (см)) орнатылған қызыл түсті шыныдан жасалған, жақтауға әрбір жағынан екі-екіден ширатпа түйіскен.

Мәрзия Қасынбаевадан алынған, ол 1908 жылы туған, Орта жүздің “Найман” руынан, елі “Байбол”, Ұлан ауданы Сібе (Алғабас) ауылының тумасы. Сақинаның иесі – өткізушінің өзі.

ШҚО Ұлан ауданының Алғабас ауылы

1979 жыл

ГИК – 17 - 5660 / КДМ зсв 1 – 24

№ 1220 акт – 1979 жыл

Сыйлық


74. Сақина

ХХ ғасыр басы

875 сынамалы күміс

Соғу, сымкәптеу, түйіршік, керту

1,8 х 0,3 х 2,9 (см)

6 г 892 мг

Ортасына қарай екіге жарылған жұқа тілім түріндегі шығыршықтан және ромб тәріздес үстіңгі беттен тұрады.

Шығыршығының екіге бөлінген жерлерінде екі жағынан – әр жағында төрт көлденең айшықтар бар.

Қалқаншасы (2,9 х 1,4 х 1,9 (см)) ирек шетті ромб тәріздес, оның ортасында сопақ қас, тасы жоқ. Сақинаның жоғарғы төбесінің бүкіл беті сымкәптеу техникасында орындалған гүлдермен әшекейленген. Гүлдердің ортасы домалақ түйіршіктермен көркемделген.

Мейрамкүл Зайноллақызы Низамутдиновадан (тұрмысқа шыққанға дейін Жүнісова) сатып алынған, Меновное селосының тұрғыны. Әшекей оның әжесінікі, әжесі 1898 жылы туған, ШҚО тумасы. Бұл зат оның қолына қазақтардың қайтыс болған адамның киімі мен заттарын туыстары мен көршілеріне тарату дәстүрі бойынша тиген.

ШҚО Таврия ауданының Меновное селосы

1985 жыл

КП – 7 - 15895 / КДМ зсб – 114

№ 18 акт – 1985 жыл


75. Сақина

ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдары

925 сынамалы күміс, түрлі-түсті паста

Қалыптау, түйіршік

1,8 х 0,6 х 3,2 (см)

13 г 15 мг

Шығыршықтан тұрады, ол біртіндеп үлкен сопақ қалқаншаға (3,2 х 1,8 х 0,4 (см)) айналады.

Қалқаншаның орталық бөлігі дөңгелек пішінді үш биік тұтас қаспен әшекейленген, оларға түрлі-түсті паста, ортасындағыға – көгілдір түсті, екі жағындағыларға – қызыл түсті паста толтырылған. Қастар қатарға биіктігі (һ – 4 мм) бойынша орналастырылған. Қастардың табандары ширатылған сымкәптеу қатарларымен айнала әшекейленген. Орталық қас төрт жақтан домалақ түйіршіктермен белгіленген.

Қалқаншаның бет жағы, сондай-ақ, сопақ жапырақшалар мен айшықтардан тұратын өсімдіктік өрнекпен сәнделген.

Қалқаншаның шеті сұлбасының бойымен қос сызықпен көмкерілген, екі жақтан жоғары қарай қайырылған.

Жүзіктің сырт жағында қастар орналасқан жерлерде үш дөңгелек ойық бар, сондай-ақ “925” саны белгіленген.

Қапаш Найгүлден сатып алынған, ол Зайсан ауданы Қаратал ауылының тұрғыны. Сақина оның анасы Бақтыкамал Әшімхандікі, ол 1929 жылы туған, елі “Төре”, атасы “Санияз”, КХР-дағы Сауыр ауылының тумасы, 2005 жылы Қытайда қайтыс болған. Сақинаны мерекелерде таққан.

ҚХР, Сауыр ауылы

2006 жыл

КП – 44 - 28308 / КДМ зсв 1 – 206

№ 239 акт – 2006 жыл

В начало страницы © 2010 восточно-казахстанский архитектурно-этнографический природно-ландшафтный музей-заповедник