
«Аламан құрақ» шеберлік-дәрісі өтті. Спикері - Нұргүл Абайхан, «Аламан құрақ» жобасының негізін қалаушы. «GlOBAL BEST OF RECORDS» дүниежүзілік рекордтар кітабына енген және күміс медаль иегері.
Кездесу барысында алда өтетін «Аламан құрақ» жобасымен таныстырып, «шығыс бітпесі» деп аталатын құрақ түрін тігу жолдарын көрсетіп, тәжірибесімен бөлісті.
«Аламан құрақ» жобасының негізгі мақсаты - ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі қолөнерді, соның ішінде құрақ құрау өнерін жаңғырту және дәріптеу арқылы ұлттық сананы қалыптастыру, ел бірлігін нығайту. Сонымен қатар, жоба мәдени мұраны сақтап, оны жас ұрпаққа насихаттауды, қолөнершілерді біріктіріп, ұлттық өнерді халықаралық деңгейде танытуды көздейді.









