қонақтар, делегациялар
қонақтар, делегациялар

ОАР-дың Төтенше және Өкілетті елшісі музей-қорықта болды. 2019

2019 жылдың 29-30 шілдесі күндері ОАР-дың Орталық Азия елдеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Кийтуметци С.Т. Мэттьюс ханым ШҚО-да сапарда болды. Дипломат 30 шілде күні музей директорының орынбасары Е.Ю. Рахматулинамен бірге музей-қорықтың бірқатар көрме нысандарында болды. Елші ханым мен онымен бірге жүргендер М. Горький көшесіндегі 59 ғимаратта орын тепкен «Шығыс Қазақстан қазақтарының ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы этнографиялық мұрасы» атты экспозициямен, кор топтамасынан алынған «Орыс сүлгісі» көрмесімен, сондай-ақ, Қ. Қайсенов (Жастар) этнобағындағы этнографиялық қоныс-үйлермен ден қоя танысты.

 

Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі музей-қорықта болды. 2019

2019 жылдың 21 – 24 шілдесі күндері Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумар мырза Шығыс Қазақстан облысында болды.

Біздің музей-қорық көп жылдан бері Үндістан Республикасының Елшілігімен және үнді мәдениет орталығымен жемісті әріптестік орнатқанын атап өткен жөн.  Мұнда бірнеше мәрте үнді мәдениетінің фестивальдары, көрмелер мен шеберлік дәрістері өтті. Ерекше достықтың белгісіндей болып саябақ аумағында үнді халқының белгілі ұлы, ойшылы, Нобель сыйлығының лауреаты Робиндранат Тагорға кеуде мүсін орнатылған. Сол себепті де мәртебелі қонақтың сапары ерекше мәнге ие.

 

Дәстүрлерді ұстану Германияның Қазақстандағы елшісін таң қалдырды. 2019

Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер, Шығыс Қазақстанға сапары кезінде 25 сәуір күні музей-қорығында болды. Дипломат музей директоры Медет Нұрғалиевпен бірге көрме залдары және Солжағалық кешен аумағын аралады.

 

Қытайлық туроператорлар Солжағалық кешенде болды. 2019

27 ақпан күні «Тамсандырған Шығыс Қазақстан, әсемдігімен баураған Қытай» атты алғашқы қытай мәдени-туристік көрмесінің ашылуымен байланысты облысымызда жүрген қытай туристік компаниялардың өкілдері музей-қорығының Солжағалық кешен аумағындағы  саябақта болды.

 

Қытай делегациясы музей-қорықта болды. 2018

Жұмыс сапарымен Өскемен қаласына келген Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері музей-қорықта болып қайтты.

Бас консулдықтың мәдениет және туризм жөніндегі консулы  Ван Цинпин айтқандай Қытай Халық Республикасының өкілдері Шығыс Қазақстанға өлкеміздегі түрлі ұйымдармен мәдениет, туризм саласында және басқа да салаларда байланыс орнатып, нығайту үшін келген екен. Екі күн бойы, 22 – 23 қазанда қонақтар  музей-қорық экспозицияларымен танысты.

 

Алғашқы «Алтай базары» бүкіл Шығыс Қазақстан облыстағы қолөнершілердің басын қосты. 2016

Алтайскиий базар - фото Алексея МазницинаАлтайскиий базар - фото Алексея Мазницина

Өскемен қаласындағы музей-қорықтың Солжағалық кешені Шығыс Қазақстан облысының 60 қөлөнершілеріне екі күнге шығармашылық пана, халық арасында сәндік-қолданбалы өнерді әйгілеу және тәжірибе алмасу алаңы болып табылды. «Алтай базарының» алғашқы фестивалін Шығыс Қазақстан облысының Туристік -ақпараттық оталығы мен музей-қорығы ұйымдастырды.

 

Сабантой -2016

Сабантуй -2016Сабантуй -2016

2016 жылғы 16 шілдеде Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықтың Солжағалық кешең аумағында татар халқының көктемгі өріс жұмыстарының аяқталуына арналған «Сабантой-2016» жыл сайынғы халық мейрамы атап өтілді. Халық серуені Солжағалық кешеннің орталық алаңында орнатылған киіз үйдің жанында өтті.    

Келген қонақтар алдында Ресей Федерациясының Бас консулдық атташе Айрат Маратұлы Хамидуллин мырза, Қазақстандағы татарлар мен башқұрттар Республикалық қауымдастығының төрағасы Г.М. Ішмұратов мырза, татарлар этномәдени бірлестігінің төрағасы С.В. Фаизов мырза және Шығыс Қазақстан халық ассамблеясының өкілі Л.Б. Шик мырза құттықтап сөз сөйледі.

 

Үндістан шақырады! Музей-қорықта ұмытылмайтын «Музейдегі түн» өтеді! 2016

Фото Алексея Мазницина в этнопарке «Жастар» у памятника  Рабиндраната ТагораФото Алексея Мазницина акция «Ночь в музее »

 

 

Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Консулы О.М.Вонсяк мұражай-қорыққа келді. 2015

Консул Республики Беларусь  в Республике Казахстан  О.М. Вонсяк посетил музей-заповедник. 20152015 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Консулы О.М.Вонсяк Өскемен қаласына Белорусь этномәдени бірлестігінің 15 жылдығына арналған мейрамға келді. Консул келген кезінде мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніне, «Жастар» саябағының этноауылына және мұражай-қорықтың тұрақты экспозицияларына барды. Мұражай-қорық директоры Н.А. Зайцевпен Белорусь елшілігі және мұражай-қорық арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайында әңгіме-дүкен құрды.

 

Алтай өлкесінен келген кәсіпкерлер делегациясы мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде болды. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаМұражай-қорықтың этноауылы Алтай өлкесінен келген кәсіпкерлерге  ұмытылмастай әсер қалдырды

Шығыс Қазақстан облысына Алтай өлкесінен келген кәсіпкерлердің іскерлік сапары аясында біздің жақын көршілерімізді ШҚО мұражай-қорығының Солжағалық кешенімен  таныстырды.  Қонақтар үшін экскурсияны мұражай-қорықтың директоры Николай Зайцевтің өзі жүргізді.

 

«Шығыс Қазақстандағы ара шаруашылығының келешегі мен дамыту мәселелері және оларды шешу жолдары» дөңгелек үстел. 2015

Фото Виктора КоржаФото Виктора Коржа

2015 жылғы 30 тамызда Солжағалық кешендегі «Бір шаңырақ астында» атты конференц-залында «Қазақстандағы ара шаруашылығының келешегі мен дамыту мәселелері және оларды шешу жолдары» дөңгелек үстел басында талқыланды.  Іс-шара Өскемен қаласындағы облыстық бал фестивалі аясында өтті. Конференцияны облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсембай Селиханов және  ҚР «Бал Ара» Ұлттық ара өсірушілер одағының   вице-президенті Нұрәділ Ғабит ашып, жұмыс қорытындылары туралы айтып өтті. Сондай-ақ, басқа да дөңгелек үстелге қатысушылар сөз сөйледі. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің атына саланы дамыту жөніндегі ұсыныстарымен декларация қабылданды. 

 

Мұражай–қорықтың Солжағалық кешенінде «TALKS 2050 – Шығыс Қазақстан: бүгін, ертең» форумы өтті. 2015

В конференц-зале  «Под единым шаныраком» (юрте) левобережного комплекса музея-заповедника прошёл неформальный форумВ конференц-зале  «Под единым шаныраком» (юрте) левобережного комплекса музея-заповедника прошёл неформальный форум

2015 жылғы 15 тамызда мұражай-қорықтың Солжағалық кешендегі «Бір шаңырақ астында» конференц-залында бейресми форум өтті, Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып,  ШҚО әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырды.

Форумға қатысушылар арасында экономистер, саясаткерлер, өкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, кәсіпкерлер, қаланың белсенділері болды.  Форумға қатысушылар Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін бүгінде аймақты қай бағытта дамыту аса өзекті, қайсысына мемлекет қолдау көрсетеді  және тұрғындардың пікірі бойынша бар күш пен қаражатты қайда салу керек екенін талқылады. Форум барысында қатысушылар әр түрлі саладағы кәсіпқойлардан аймақтың дамуы туралы болжамдарды тыңдауға мүмкіндік алды. Мына мәселелер қарастырылды: демографиялық мәселелер, эко-туризм, аймақ экологиясына өнеркәсіптік саласының әсері, азаматтық белсенділікті ынталандыру факторы ретінде психологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері, ТКШ тарифі және т.б.

вопросы формирования психологической культуры как фактора стимулирования гражданской активности, демографические проблемы, тарифы ЖКХ и др.

Источник: http://altaynews.kz/19727-forum-talks-2050-east-kazakhstan-ust-kamenogorsk.html

Перепечатка материалов и использование их в любой форме, в том числе и в электронных СМИ, возможны только при наличии активной гиперссылки на Altaynews.kz © Нарушение авторских прав преследуется законом.
вопросы формирования психологической культуры как фактора стимулирования гражданской активности, демографические проблемы, тарифы ЖКХ и др.

Источник: http://altaynews.kz/19727-forum-talks-2050-east-kazakhstan-ust-kamenogorsk.html

Перепечатка материалов и использование их в любой форме, в том числе и в электронных СМИ, возможны только при наличии активной гиперссылки на Altaynews.kz © Нарушение авторских прав преследуется законом.
 

ҚХР-дан және ШҚО-дан бизнес-кездесуге келген қатысушылар мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніне келді. 2015

2015 жылғы 3 шілдеде –ҚХР делегациясы – ШҚО және ҚХР Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы кәсіпкерлерінің бизнес – кездесуіне қатысушылар мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніне келді.

 

Польша Республикасынан келген бизнес-делегация мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде болды. 2015

2015 жылғы 2 шілде күні – Польша Республикасынан келген бизнес-делегация – энергоресурсты, логистиканы, құрылыс пен агроөнеркәсіп кешенін өңдеумен айналысатын тау-шахталы машина жасау, автомобильді және инфрақұрылымды кластерлер саласы кәсіпорнының басшылары мен өкілдері мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніне ат басын тіреді.

 

Корей Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чо Ёнгчон мұражай-қорықтың Солжағалық этнографиялық кешеніне келді. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина2015 жылғы 26 маусымда Корей Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чо Ёнгчон мұражай-қорықтың Солжағалық этнографиялық кешеніне келді.

Алексей Мазнициннің фотосуреттері

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

 

Мұражай басшылары мен мамандарының «Мұражай-қорықтың мәдени және рухани құндылықтарды сақтау, дамыту және танымал ету жөніндегі жұмыс тәжірибесі» атты халықаралық семинар-кеңесі. 2015

Фото Алексея Мазницина и Виктора КоржаФото Алексея Мазницина и Виктора Коржа

Семинар-кеңесті ұйымдастырушылар:

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

- ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

- Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығы

Семинар-кеңеске қатысушылар – директорлар мен Қазақстанның, Ресейдің, Қытай Халық Республикасының, Иран Ислам Республикасының мұражай мамандары

 

«Наурыздың Иранда және әлемде мерекеленуі» тақырыбындағы дөңгелек үстел. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

2015 жылғы 18 наурызда Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шаралар аясында «Наурыздың Иранда және әлемде мерекеленуі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Ұйымдастырушылар:

- Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің Мәдени өкілділігі

- Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығы.

 

Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Асқар Сабери жұбайымен мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде болып қайтты. 2015

Фото Алексея Мазницина

2015 жылғы 17 наурызда Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Асқар Сабери жұбайымен мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде болып қайтты.

 

Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулдығының вице-консулы – Даниел Брачишевский мұражай-қорыққа келді. 2014

Даниел БрачишевскийДаниел Брачишевский2014 жылғы 27-28 қарашада Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулдығының вице-консулы Даниел Брачишевский мұражай-қорыққа келді.

Кездесу барысында мұражай-қорық директоры Н.А. Зайцевпен Қазақстандағы поляк мәдениетін дамыту және көпшілікке тарату бойынша ары қарайғы бірлескен жұмыс туралы диалог жүргізілді. Вице-консул мұражай-қорық қорына Польша жайлы альбомдар, бүктемелер және поляк халық әндері жазылған диск сыйға тартты.

 

«Мыңжылдық керуені. Қырғызстанның сәндік-қолданбалы өнері». 2014

Фото Алексея Мазницина «Караван тысячелетий. Декоративно-прикладное искусство Кыргызстана»Фото Алексея Мазницина «Караван тысячелетий. Декоративно-прикладное искусство Кыргызстана»

2014 жылғы 12 қыркүйек күні мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің Кіші павильонында біздің қаламыздың мәдени өмірінде жарқын және ұмытылмас оқиға - «Жібек жолының жазираларында» жобасы аясында «Мыңжылдық керуені. Қырғызстанның сәндік-қолданбалы өнері» атты халықаралық көрменің ашылуы болды.

Көрмеге қазіргі заманғы қырғыз шеберлерінің бірегей шеберліктерін көрсететін сәндік-қолданбалы өнердің дәстүрлі түрлері ұсынылған.

Толығырақ...

 
  • «
  •  Босының алдындағыірінші 
  •  Осының алдындағы 
  •  1 
  •  2 
  •  Келесі 
  •  Соңғы 
  • »


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …