бөлімдер ақпараттық-техникалық қызметпен қамту бөлімі ( Ауани мұражай ) Рабиндранат Тагордың 150 жылдығына арналған іс-шаралар

Рабиндранат Тагордың 150 жылдығына арналған іс-шаралар

2011 жылдың мамыр айында ұлы үнді ақыны, Нобель сыйлығының лауреаты, философ әрі суретші Рабиндранат Тагордың туғанына 150 жыл толуына арналған салтанатты іс-шаралар өтті.


 

2011 жылғы 12 мамырда мұражай-қорықтың «Жастар» этнобағында сағат 13.00-де Үндістанның ұлы перзентінің шығармашылығын қадір тұтатындар Р.Тагордың ескерткіші алдына жиналды.

«Үндістанның ұлы гуманисі» атты іс-шараны ШҚО мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Мұқашұлы Омар ашты. Р.Тагор ескерткішіне салтанатты түрде гүлшоқтары қойылды.

Рабиндранат Тагор – Азия елдерінің ішінде Нобель сыйлығына ие болған алғашқы лауреат. Оның жазушылық дарыны санқырлы. Ол әрі ақын, әрі прозашы, әрі драматург, әрі журналист, мектеп оқулықтарының, тіл мен әдебиет, дін және Үндістан тарихы мәселелері жөніндегі көптеген еңбектердің авторы.

Ақынның поэтикалық мұрасы орасан мол. Оның өлеңдері, ал олар 2000-нан асады, лирикалық та сазды болып келеді, және өлеңдерінің көпшілігі әнге айналған. Осындай әндердің бірі Үндістанның әнұраны болып табылады, ал екіншісі – Бенгалияның гимні. Ол 12 роман, бірнеше повесть, 200-ден астам әңгіме жазған. Тагор бірінші болып бенгаль тілінде әңгіме жаза бастады және осы жанрда үлкен жетістікке жетті.

Ғалымдар, инженерлер мен мамандар одағы Шығыс Қазақстан филиалының директоры Л.Н.Заболоцкая Үндістанға барған бес сапарының материалдары негізінде «Үндістан бойынша саяхат. Сәулеттің көне ескерткіштері» деген лекциясын мұражай-қорық ғимаратында оқыды.

ШҚМУ-дың орыс және әдебиет кафедрасының доценті, шығыстанушы, оқытушы Алма Ахметжанқызы Жылқыбаева бастаған университет студенттері Тагорға арналған іс-шараларға бірінші қатысып тұрған жоқ. Олар оның шабытты шығармашылығымен жақсы таныс және сүйіп оқиды. Жастар Тагор өлеңдерін қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде орындады.

Кездесудің қорытынды бөлігінде үнді биінің тарихы туралы «Madura Thillanas» бейнефильмі көрсетілді.

 

Р.Тагор ескерткішіне гүл шоқтарын қою. 12.05.2011 ж Р.Тагор ескерткішіне гүл шоқтарын қою: ШҚО мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Мұқашұлы Омар, мұражай-қорық директоры Николай Алексеевич Зайцев. 12.05.2011 ж. И. Григорьевтің фотосы

 

 

«Жастар» этнобағындағы Р.Тагор ескерткіші Іс-шараға қатысушылар. 12.05.2011 ж.

 

 

Іс-шараға қатысушылар. 12.05.2011 ж. ШҚМУ студенттері Р.Тагор өлеңдерін оқуда

 

 

Ғалымдар, инженерлер мен мамандар одағы Шығыс Қазақстан филиалының директоры Л.Н.Заболоцкая «Үндістан бойынша саяхат. Сәулеттің көне ескерткіштері» деген тақырыпта лекцияоқып тұр.

 

 

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …