бөлімдер сирек кітаптар және иконажазу бөлімі Мұражай-қорықтың сирек кітаптар және икона жазу бөлімінің маманы Әсел Кәрішалова көрнекті абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың мұрасын танымал етуге арналған дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.

Мұражай-қорықтың сирек кітаптар және икона жазу бөлімінің маманы Әсел Кәрішалова көрнекті абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың мұрасын танымал етуге арналған дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.

Әсел Кәрішалова – мұражай-қорықтың сирек кітаптар және икона жазу бөлімінің маманы көрнекті абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың мұрасын танымал етуге арналған дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.


Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражай-қорығы сирек кітаптар және икона жазу бөлімінің маманы Әсел Кәрішалованы көрнекті абайтанушының мұрасын танымал етуге арналған Дөңгелек үстелдің жұмысына (Алматы қаласы, 2010 жылғы 10 желтоқсан) қатысу үшін «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет Орталығы қоғамдық қорының директоры, профессор Дина Мұхамедхан шақырған болатын. Бұл іс-шара Қайым Мұхамедхановтың 2011 жылғы 5 қаңтарда болатын 95 жылдық мерейтойы қарсаңында өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Ресейден, Татарстаннан, Өзбекстан мен Қазақстаннан келген пікірлестер, Абайдың ұрпақтары, Қ.Мұхамедхановтың шәкірттері мен шығармашылығын зерттеушілер қатысты. Жұмыс барысында оның ғылыми және мәдени мұрасын сақтау, мұраны ғылымға, білімге жастарды патриоттық тәрбиелеу ісіне интеграциялау мәселелері талқыланды.

Әсел Кәрішалова «Қайым Мұхамедханов – этнографиялық мұражай-қорықтың ғылыми-зерттеу жұмысында және экспозицияларында» тақырыбында баяндама жасады.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …