|
 
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.
Қосымша фотосурет ... |
 
«Шабыт мекені»
12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!
Қосымша фотосурет ...
|
|
Халықаралық пленэрдің қатысушылары музей-қорықта. 2019
 Шығыс Қазақстанда мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы дала палитрасы» атты үлкен шығармашылық жоба жүзеге асырылуда. Таяу және қиыр шет елдердің 10 елінен келген 20 суретші өз картиналарын салуда. Жобаға қатысушылар 12 маусым күні музей-қорығының Солжағалық кешеніндегі саябақта болып қайтты.
|
Суретші В.Васнецовтың ертегі кейіпкерлерімен бірге ертегілер әлеміне саяхат
2019 жылғы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында музей-қорығының ақпараттық-білім беру бөлімінің қызметкерлері Санкт-Петербург қаласындағы Орыс музейінің материалдары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5518 әскери бөлімі әскери қызметкерлерінің балаларына арналған «Суреші В.Васнецовтың ертегі кейіпкерлерімен бірге ертегілер әлеміне саяхат» атты іс-шара өткізді. Іс-шараға 45 адам қатысты.
Сабантой да келіп жетті. 2019
 
8 маусым күні музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі этноаулда татар халқының ұлттық мерекесі Сабантой атап өтілді. Жүргізушілер қонақтарды үш тілде: татар, қазақ және орыс тілдерінде қарсы алды. Концертке әртүрлі ұлт өкілдері қатысты.
Тарих естеліктерін есте сақтау үшін..2019
 
31 мамыр күні С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандары: зерттеулер мен еске алулар» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Оған музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Кашаку қатысты.
Біз оларды мәңгі есте сақтаймыз. 2019
 
31 мамыр Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып аталып өтіледі. Музей-қорық қызметкерлері Қазақстан Республикасының ішкі істері ұлттық гвардиясының 5518 әскери бөлімінде іс-шара өткізді. Оның барысында әскерилер мемлекетіміз тармхының қасіретті беттері жайлы танып-білді.
«Рухани қазына-2019» республикалық байқауындағы жеңіс. 2019
 19 мамырдан 22 мамырға дейін Қазақстанның елордасында мәдениет және өнер қызметкерлерінің «Рухани қазына-2019» атты ІІ фестивалі өтті. Музей қызметінің қызметкерлері арасында «Облыстық маңызы бар мемлекеттік музейдің үздік қызметкері» номинациясы бойынша музей-қорықтағы ақпараттық-білім беру бөлімінің меңгерушісі Шынар Карибаева жеңімпаз атанды.
Жамбыл саябағының абаттандырылуы жалғасуда. 2019
 
Жамбыл атындағы саябақтың қалпына келтірілуі жалғасуда. Саябақ ортасында қазақ поэзиясының патриархы Жамбыл Жабаевқа жаңа тұғыр мен ескерткіш орнатуға арналған алаң дайындалып жатыр. Басқа да нысандар орнатылады.
Биылғы жылы Жамбыл атындағы саябақты абаттандыру аясында Ұлы ақын ескерткішінің астына тұғыр орнатумен бірге ескерткіштің өзін дайындау және орнату жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы «Монументті өнердің жаңа құрылыстарын құру қағидаларын бекіту туралы» № 371 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Шығыс Қазақстан облысы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссияның 2018 жылдың 17 қаңтарында өткен жиналыстағы шешімімен Жамбыл ескерткішінің алдын ала жасалған жобасы Қазақстандағы жаңа монументті өнер ескерткіштерін орнату жөніндегі республикалық комиссияның қарауына жіберілген. 2019 жылғы 19 наурыздағы республикалық комиссия отырысында жоба талқыланып, бірауыздан мақұлданды.
Кирилл мен Мефодий мұрасы ұмытылған жоқ. 2019
 Славян жазуы мен мәдениетінің мерекесі қарсаңында орыс этнографиясы мен сирек кітаптар және иконажазу бөлімдері аталған оқиғаға арналған іс-шараларға қатысты. Оның біреуі 19 мамыр күні облыстық Достық үйі\-қоғамдық келісім орталығында болып өтті. Ал 21 мамыр күні аталған бөлімдердің қызметкерлері Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталық кітапханадағы ескіні ұнататындар клубының отырысына қатысты.
Мен – патриотпын. 2019
  
2019 жылдың 16 мамыры күні музей-қорықтың ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері Жастар жылына орай Өскемен қаласындағы №26 орта мектептің 9 сынып оқушыларына арнап «Мен – патриотпын» атты викторина өткізді. Іс-шараға 25 адам қатысты.
Брейн-ринг түрінде өткен іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының тарихы, географиясы және мәдениеті турасында қойылған сауалдарға толыққанды жауап беріп, өздерінің білімдар және топ болып жұмыс істеуге қабілетті екендіктерін танытты.
Музей түні – жастар уақыты! 2019
 17 мамыр күні музей-қорығында Жастар жылына арналған дәстүрлі музей түні өтті. «Музей түні – жастар уақыты» акциясына облыс орталығының балалар және жасөспірімдер шығармашылық ұжымдары қатысты. Іс-шара бағдарламасы Жастар саябағының әртүрлі алаңдары мен музей-қорығының көрме залдарында өтті. Биыл музей түні «Қымызмұрындық» мерекесімен бірге өткізілді.
|
|
|
|
JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL |