|
 
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.
Қосымша фотосурет ... |
 
«Шабыт мекені»
12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!
Қосымша фотосурет ...
|
|
«Қазақтың ұлттық кесте өнері». 2016
 30 қараша 2016жылы №35 мектеп-гимназиясында этнографиялық мұражай –қорықтың қазақ бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Талдыбаева Сауле «Қазақтың ұлттық кесте өнері» тақырыбы бойынша іс-шара өткізді. Мұражай қорынан жәдігелер алынып, оқушыларға тақырып бойынша лекция-сабақ өткізілді.
Қазіргі таңда сәндік қолданбалы өнер саласындағы кесте тігу және көркемдеп тігу өнері көкейкесті мәселенің бірі.
|
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Сақтар мәдениеті. Қазақстан қорғандары» атты іс-шараның өткізілуі туралы ақпарат. 2016
 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау және «25 жұлдызды күн» атты жалпыреспубликалық акция шеңберінде 2016 жылдың 30 қарашасында сағат 15.00-де Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықта ақпараттық-білім бөлімінің мамандарымен «Сақтар мәдениеті. Қазақстан қорғандары» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
«Қазақ үйдын ішкі кеңістігі және символы» ҚР-ы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» іс-шарасы. 2016
 
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай мемлекеттік мерекесі қарсаңында мұражайдың «Шығыс Қазақстан қазақтарының этнографиялық мұрасы» атты экспозициялық көрме-залында №39 қалалық мектептің 7-ші сынып оқушыларына «Қазақ үйдын ішкі кеңістігі және символы» тақырыбында мұражайлық іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
«Қазақ батырлары туралы аңыз» тақырыбындағы әңгіме-лекция. 2016
2016 жылғы 26 қарашада музей-қорықтың М. Горький көшесі, 59 мекенжайда орналасқан ғимаратында Өскемен қаласындағы № 39 мектептің 5-ші сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақ батырлары туралы аңыз» тақырыбына әңгіме –лекция оқылды.
«25 жұлдызды күн» атты мерекелік іс-шаралар аясында ұйымдастырылған. 2016
 
ШҚ облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықтың көрме залында «Қазақтың дәстүрлі кестесі» атты жылжымалы көрме өткізілді. Көрмеге Өскемен қаласының қызмет көрсету колледжінің 2 курс студенттері және музейге келген келушілерде тамашалап қайтты. Студенттерге экскурсия жүргізу барысында «біз кесте» қолөнері жайлы көптеген сұрақтар қойылып, талқыланып қызықты өтті. Сондай-ақ студенттер «Өрімді тарихтар» және «Күзгі калейдоскоп» көрмелерін тамашалады. Жылжымалы көрмені ұйымдастырып және жүргізген халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің маманы Ж.Т. Рахатова. Келушілер саны 37.
«Күзгі калейдоскоп» көрмесінде шебер Н.Л. Баженованың «25 жұлдызды күн» атты жоспарлық іс-шара аясында ұйымдастырылып отырған шеберлік-дәріс. 2016
 
Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Р.Ч. Мухамеджанова және шебер Н.Л. Баженованың Өскемен қаласының сфералық қызмет көрсету колледжінің 2 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырды.
Біздің музей-қорық – республикадағы үздік музей-қорық!2016
 
Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткен «Ең үздік музей» атты республикалық конкурстың жеңімпазы деп танылды.
Іс-шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Ұлттық музейі халықаралық музейлер кеңесі қазақстандық комитетінің (Қазақстан ИКОМ) көмегімен ұйымдастырған болатын. Оған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай, Әскери-тарихи музей директоры Перизат Өтепова, республиканың еңбек сіңірген қайраткерлері, академиктер мен профессорлар, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты.
«Күзгі калейдоскоп» және мерейтой иелерінің өнері. 2016
 Музей-қорықтың Қасым Қайсенов көшесіндегі, 67 ғимаратында сәндік-қолданбалы өнерінің белгілі шығыс қазақстандық шеберлері Игорь Мартининның және Наталья Баженованың мерейтойлық көрмелері, сонымен қатар, Өскемен және Семей қалалары қолөнершілерінің «Күзгі калейдоскоп» атты ғажайып жұмыстарының көрмесі өтуде.
Музей-қорықта жаңа технология бойынша 2000 астам ағаш көшеттері отырғызылды. 2016
Балғарағай, самырсын, шырша, қарағай, шетен, қайың ағаштарының көшеттері музей-қорықтың ботаникалық бақ, балалар қалашығы, жағажай және «Жібек жолы» кешені аймағында тіркелді. Олар «Ағаш отырғыз!» акция барысында Солжағалық кешеннің жасыл тұқымдастар қатарын толтырды. Іс-шараның бастаушысы музей-қорық директоры Николай Зайцев болып шықты. Акцияға тек музей қызметкерлері қатысып, әрқайсысы 3 ағаштан отырғызды.
Ақ бауырдағы ұмытылмастай болған серуен. 2016

Шығыс Қазақстанның облыс орталығынан 35 шақырым жерде орналасқан атақты шатқалда болып қайтқан мүмкіндіктері шектеулі жастардан тұратын экскурсанттар ерекше әсер алып қайтты.
Осы тамаша іс-шараны ұйымдастыруға Өскемен қаласындағы мүгедек әйелдердің «Алтынай» қоғамдық бірлестігі «САД» жартылай стационарлық бөлімшесінің әкімшілігі мен музей-қорық бастамашылық жасады.
|
|
|
|
JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL |