|
 
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.
Қосымша фотосурет ... |
 
«Шабыт мекені»
12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!
Қосымша фотосурет ...
|
|
Рождество Христово» мерекесі. 2013
 «7 қаңтар күні «Рождество Христово» мерекесі күні «Бастеньки» ансамблі облыстық Достық үйі мен Өскемен қаласының Республика алаңында өткен мерекелік іс-шараларға қатысты.
|
Мұражай-қорықтың мәдени сенбілігі. 2012
 ШҚО мәдениет басқармасы бастап, ШҚО әкімі Б.М.Сапарбаевтың қолдауымен өткізілетін «Мәдени сенбілік» және әлеуметтік серіктестік аясында мұражай-қорық қызметкерлері 2012 жылғы 27 қарашада облыс денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала орталығында іс-шаралар өткізді. Оған бұқаралық ақпарат құралдары: «Рудный Алтай», «Өскемен» газеттерінің, «Астана», «Қазақстан-Өскемен», «31 арна», «Хабар» телеарналарының тілшілері шақырылды.
Қайық станциясының салтанатты ашылуы. 2012
 
2012 жылғы 6 маусымда мұражай-қорықтың Солжағалық кешені аумағында қайық станциясын ашу салтанаты өтті.
Қайық станциясы Көгілдір көлдердің оң жағасында салынып жатқан Балалардың көрмелік-ойындық кешеніне таяу жерде орналасқан. Көгілдір көл жағалауында қайықтар мен катамарандарға арналып арнайы жабдықталған орын – Аялдау орны салынды.
Жолдарды абаттандыру. 2012
 
2012 жылдың маусым айында мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніндегі Классикалық музыка аллеясын этнографиялық кешенмен қосатын жол бойындағы аумақ абаттандырылды.
Ертегілер елі. 2012
 22 тамызда мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде «Ертегілер елі» атты балалардың көрмелік-ойын кешенінің ашылуы болды. Кешен аумағында көрме залдары мен ішкі аулалары, балалардың ертегілік үйлері, алтыбақан, күрке, су бұрқақтар, құм алаңы, ойын кешендері, орындықтар, сәндік сауыттар, аспалы көпірлері бар Балалар қалашығы орналасқан.
Отырар ауласы. 2012
 2012 жылғы 22 тамызда Солжағалық кешенде мұражай-қорықтың қор коллекциясынан «Отырар ауласы» атты керамикалық бұйымдар көрмесі ашылды.
Қайық станциясының салтанатты ашылуы. 2012
 
2012 жылғы 6 маусымда мұражай-қорықтың Солжағалық кешені аумағында қайық станциясын ашу салтанаты өтті.
Қайық станциясы Көгілдір көлдердің оң жағасында салынып жатқан Балалардың көрмелік-ойындық кешеніне таяу жерде орналасқан. Көгілдір көл жағалауында қайықтар мен катамарандарға арналып арнайы жабдықталған орын – Аялдау орны салынды.
Жолдарды абаттандыру. 2012
 2012 жылдың маусым айында мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніндегі Классикалық музыка аллеясын этнографиялық кешенмен қосатын жол бойындағы аумақ абаттандырылды.
Ауыл көріністері. 2012
 
2012 жылғы 11 маусымда мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің аумағында «Ауыл көріністері» атты экспозиция ашылды.
Авторлары – А.И.Коробков, Н.М.Серова
Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы(1943-1993). 2012
«Жастар» саябағындағы этнографиялық ауылда орналасқан қазақ жазушыларының павильонында тұрақты істейтін «Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы» әдеби-мемориалдық экспозициясы өз жұмысын жалғастыруда. Ол Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылындағы Мұражай-үйінің үлгісінде жабдықталған. Павильон 2006 жылы ашылған. Экспозиция жыл сайын жазушы кабинетінің жабдықталуын бейнелейтін жаңа экспонаттармен толықтырылуда.
|
|
|
|
JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL |