көрмелер қордан Алтайдың алтын тамыры. 2014

Алтайдың алтын тамыры. 2014

Фото Алексея Мазницина и Виктора КоржаФото Алексея Мазницина и Виктора Коржа

Халық ақыны Т.Көбдіковтің 140-жылдығына және 2014 жылдың мерейгер-қаламгерлері: Ғ.Байбатыровқа, Ұ.Есдәулетке, Ш.Елеукеновке, С.Ғаббасовқа және М.Құмарбекұлына арналған көрме ашылды.

Көрме жазушылардың өздері және туыстары тарту еткен сыйлықтардан тұратын материалдар негізінде дайындалды, олар мұражай-қорықтың қорынан  алынды.

Көрермендердің назарына жазушылардың өмірі мен шығармашылықтарынан сыр шертетін фотосуреттер, құжаттар, поэтикалық және прозалық жинақтар мен мемориалдық заттар ұсынылды.

Фотосурет Алексей Мазницин мен Виктор Корждікі

Фото Алексея МазницинаФото Виктора КоржаФото Алексея МазницинаФото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Алексея МазницинаФото Виктора КоржаФото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

Ой толғап, ми қорытып, жүрек тербеп,

Сен аш деп сөздің кілтін тілге бермек.

Алмас тіл асыл сөзден нақыс салып,

Безеңдер алтын шашақ төгіп өрнек...

Т.Көбдіков

 

ТӨЛЕУ КӨБДІКОВ (КӨПЖЕРҰЛЫ)

(1874-1954)

Суырыпсалма ақын,  Абай Құнанбаевтың шәкірті,  Қазақ КСР Жазушылар одағының мүшесі (1948), Қазақ КСР-інің халық ақыны (1954)

 

Семей губерниясы Қарқаралы уезінің Дағанды болысына қарасты № 2 ауыл, Мұзбел жерінде (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында) дүниеге келген. Ауыл молдасынан сауатын ашқан.

Жас ақынның есімін халыққа 1916 жылғы көтеріліске арнап шығарған «Сарыарқа» толғауы танытады. Толғаудың үзіндісі жазушылардың «1916 жыл» атты шығармалар жинағына енген. Қазақстанның көрнекті жазушылары М.О.Әуезов пен І.Жансүгіров толғау жолдарын жоғары бағалайды.

Ақын анасы Қуандықтың арқасында жас кезінде Абай Құнанбаевпен бірнеше мәрте жүздескен. Абай Т.Көбдіковтің шығармашылығына зор ықпал жасады.

Т.Көбдіков кеңес өкіметі орнай бастаған кезде болыстың орынбасарлығына тағайындалған.  Ақын 1930 жылы «мыналар кешегі би-болыс, бай, қажылардың шашбауын көтергендер» деген жаламен 10 жылға сотталып, Қарқаралы уезіндегі Қоңыр түрмесіне қамауға алынған. 1934 жылы мерзімінен бұрын босатылған. Жаппай қуғын-сүргіннің жалғасуына байланысты, ақын отбасымен Новосібір облысының Топчиха селосына (РСФСР) (қазіргі РФ Алтай өлкесі) көшіп кетеді.

Мұхтар Әуезовтің тапсырмасымен Абайдың немере інісі Әрхам Ысқақов Төлеуді сол селоға іздеп барады, және туған еліне оралуға үгіттейді. Содан кейін Көбдіков таяу арада Шар станциясына қоныс аударады. Осыдан соң, Төлеу ақынның шығармашылық нағыз өмірі басталады.

І Республикалық айтысқа және Абай Құнанбаев пен Жамбыл Жабаевтың 100 жылдықтарына орай ұйымдастырылған айтыстарға қатысып, Тәңірберген Әміренов пен Нұрлыбек Баймұратов сынды сөз зергерлерімен дүбірлі додаға түскен.

Көрмеге Т.Көбдіковтің қолжазбасы, 1975 жылы шыққан Т.Көбдіковтің «Жырларым» өлеңдер жинағы, «Абай туралы естеліктер» (Т.Көбдіковтің Абаймен жүздескені жайлы естелігі), «Өлең сөз ұялаған таңдайына» (Семейдегі Абайдың әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы қызметкерлері құрастырған), сондай-ақ, Т.Көбдіковтің жанұялық өмірі мен шығармашылық қызметінен сыр шертетін 29 тарихи фотосуреттер қойылды.

Т.Көбдіковтің шығармалары бойынша поэтикалық бейнелер мұражай-қорық қорынан алынған этнографиялық бұйымдар негізінде ұсынылған.

Т.Көбдіков шығармаларының бірінші иллюстраторы болған, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Б.К.Исиннің жұмыстары көрменің көркіне айналды.

Көрменің негізгі жәдігерлерінің бірі – Төлеу Көбдіковтің кеуіті. Ақынның 100 жылдығына орай отбасының тапсырысы бойынша жасалған.

Фотосурет Алексей Мазницин мен Виктор Корждікі

Фото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

...Өлеңге түсіп тауларың, белің, жазығың,

Ақын болды өзіңнен шыққан қара ұлың.

Меккем де өзің, әкем де өзің, шешем де,

Көз жұмып табар айнымас Темірқазығым...

Ғ.Байбатыров

ҒАЛЫМ БАЙБАТЫРОВ

(1949-2012)

Ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының облыстық бөлімшесінің Зәбер Баянов атындағы сыйлығының лауреаты

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген.

«Достық» (Зайсан), «Коммунизм туы» (Өскемен), «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті» (Алматы) газеттерінің редакциясында, облыстық радиода, жеке меншік КТВ-5 телеарнасында, облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызмет орталығында, Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде қызмет атқарған.

Ақын поэзиясының негізгі тақырыбы – туған жер, өмір, заман, қоғам, ақыл-ой, жастық шақ пен махаббат. Қаламгер өлеңдермен қатар, фельетондар, сатиралық әңгімелер және драмалық шығармалар жазған.

Ғ.Байбатыровтың “Өңім бе, ойбай, түсім бе?” (2002) және “Албасты операциясы” (2003) пьесалары бойынша Өскемен қаласындағы облыстық Жамбыл атындағы драма театрының сахнасында спектакльдер қойылған.

Республикалық және облыстық ақындар мүшайрасының жеңімпазы. Журналистер арасындағы қалалық конкурстың дипломанты. Облыстық мәдениет басқармасының және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің грамоталарымен марапатталған.

...Адам болсаң, белгің қалсын артыңда,

Сәулең қалсын – найзағайдай жарқылда.

Тірлік деген тұра бермес қалпында,

Қолтаңбаңды қалдырудан тартынба!

Ұ.Есдәулет

ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ

Ақын, журналист, КСРО (1982) және Қазақстан (1991)  Жазушылар одақтарының мүшесі, Қазақстан Ленин комсомолы (1986), түркі тілдес елдер поэзиясы фестивалінің (1995), халықаралық «Алаш» әдеби (2000), ҚР Мемлекеттік (2002) және ҚР журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлықтарының лауреаты, Қырғызстан Ұлттық жазушылар одағының Құрметті мүшесі (2011)

1954 жылы ШҚО Зайсан ауданының Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген.

Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы», республикалық «Қазақстан пионері», «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ» газеттерінде, «Жазушы» баспасында, «Қазақстан» телеарнасында, ҚР Сыртқы істер министрлігінде, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде, Премьер-Министрінің Кеңсесінде қызмет еткен. Республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің (2002-2008),  «Жұлдыз» әдеби журналының (2008 жылдан бері) бас редакторы.

Ақын поэзиясының негізгі тақырыбы – атамекен, жаратылыс, достық, жастық, махаббат, адам тағдыры, қазақ халқының салт-дәстүрлері.

«Семей-Невада» ядролық жарысқа қарсы қозғалыстың гимніне айналған «Заман-ай» әнінің және бірсыпыра танымал заманауи қазақ әндерінің мәтінін жазған. Ұ.Есдәулеттің «Қара пима» поэмасының сюжеті бойынша қазақстандық режиссер Р.Иманғали көркемфильм түсірген, Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы облыстық театрда спектакль қойылған.

«Құрмет» және Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» ордендерінің иегері. Сергей Есенин  атындағы алтын медальмен және «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «10 жыл Астана» атты мерекелік медалдармен марапатталған.

 

Қазақтың тарих бойына сомдалған, мүсіндей құйылған бейнесі - атамекені. Ұлттық идея сол атамекеніміздің, Отанымыздың асыл қазынасы…

Ш.Елеукенов

ШЕРИАЗДАН ЕЛЕУКЕНОВ

Әдебиеттанушы, жазушы, педагог, КСРО және Қазақстан Жазушылар одақтарының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990), ҚР Мемлекеттік (1998), Қазақ ПЕН-клубының Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық (1999), Қазақстан Журналистер одағының Смағұл Сәдуақасов атындағы сыйлықтарының лауреаты, Президент қорының стипендиаты (2008 ж. бастап), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1981)

 

1929 жылы ШҚО Ұлан ауданының Аршалы ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, КОКП Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын бітірген.

Шығыс Қазақстан блыстық «Алтай большевигі» газетінде, С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде, Қазақстан Компартиясы ОК-нің аппаратында, Қазақ КСР-інің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде, Қазақ КСР Ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтында, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қызмет атқарған.

Қазақ әдебиетіндегі көптеген танымал тұлғалар жайлы эсселердің авторы.

Көпшілікке әдебиеттанушы ретінде кең танымал болды. Ш.Елеукеновтің монографиялары бүгінгі қазақ романының мәселелеріне, ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ жазушылары Ш.Құдайбердіұлының, М.Жұмабаевтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың және Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығына арналған.

Оның «Емтихан» пьесасы бойынша Абай атындағы (Жамбыл) және Н.Бекежанов атындағы (Қызылорда) облыстық театрлардың сахналарында спектакльдер қойылды.

«Құрмет Белгісі» орденімен, көптеген медальдармен, «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» Құрмет белгісімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

Халықтың ұлылығы – адамдар ұлылығымен сипатталады…

С.Ғаббасов

 

СОВЕТ-ХАН  ҒАББАСОВ (ҰЖДАН)

Жазушы, КСРО (1974) және Қазақстан (1991) Жазушылар одақтарының мүшесі, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты (1996), медицина ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы (2003), С.Демирель және Д.А.Қонаев атындағы университеттердің профессоры, «КСРО денсаулық сақтау үздігі» (1987), Зайсан ауданының Құрметті азаматы (1989)

 

1939 жылы ШҚО Зайсан ауданының Бақасу ауылында дүниеге келген. Алматы Мемлекеттік  медицина институтын (1965), М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген.

Экспериментальді және клиникалық ғылыми-зерттеу хирургиялық институтында, онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында,  Алматы қалалық емханаларында қызмет атқарып,  Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы «Мектеп» кеңесіне жетекшілік етті.

«Ана құрсағындағы тәрбие» ғылыми-зерттеу орталығының президенті, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясының «Мектепке дейінгі тәрбие» институтының директоры болды.

Қазақ халқының өмірі жайлы романдар мен повесттердің авторы.

Жазушы шығармашылығының жетекші тақырыбы – мамандыққа адалдық пен кең пейілділік, гуманизм.

Қаламгер шығармаларының кейіпкерлері – өздерінің өмірін дәрігерлік қызметтің ауыр жолына арнаған адамдар.  «Кәусар» – бұл Қазақстанда қазақ тілінде жазылған медицина тақырыбындағы тұңғыш ғылыми-фантастикалық роман.

 

Алдарынан жарқын үміт жарқыраған жастар әр қашан алғы күнге асығып, тыным таппайды ғой, өйткені бұйығылық бұларға жат.

М.Құмарбекұлы

 

МҮСІЛІМХАН ҚҰМАРБЕКҰЛЫ

Жазушы, КСРО (1975) және Қазақстан (1991) Жазушылар одақтарының, КСРО және Қазақстан Журналистер одақтарының мүшесі, облыс әкімі сыйлығының лауреаты (2005), Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі

 

1939 жылы ШҚО Ұлан ауданының Шымқора ауылында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Ұзақ жылдар бойы Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде еңбек етіп, әдеби қызметкер, жауапты хатшы, редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 2001 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықта  әдеби-мәдени, қоғамдық «Ақ Ертіс» журналында редактордың орынбасары болды.

Қаламгер шығармашылығының негізгі тақырыбы – Кенді Алтайдың еңбеккерлері мен қазақ ауылының өмірі.

Автор «Тауқымет» романында КСРО-дағы ұжымдастыру мен индустрияландыру, жаппай қуғынға ұшырату, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы кезіндегі «Ұлттар достығы» ұжымшарының өмірін әңгімелейді. Осы оқиғалар барысында Кеңес Одағының Батыры Ізғұтты Айтықовтың күрделі өмір жолы суреттеледі.

 

Фотосурет Алексей Мазницин мен Виктор Корждікі

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

Көрмені сирек кітаптар және икона жазу бөлімі әзірлеген:

Ғылыми тұжырымдама және мәтін редакторы – Осерчева О.Н., Сушко П.Н.

Мәтін - Кашаку Г.

Кеңесші және қазақ тіліне аударған – Қайырбаева Р.Б.

Дизайны және беттеген – Васютин Е.А.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …