көрмелер мұражайдан тыс Астана. Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу. 2015

Астана. Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу. 2015

Ландшафтный дизайнАстана. Празднование 550-летия образования Казахского ханства». 2015

Іс-шара 2015 жылғы 11-13 қыркүйекте болды.

 Мұражай-қорық қызметкерлері мейрамда Шығыс Қазақстан облысын көрсететін кешеннің киіз үйін безендірді.

 Киіз үйдің ішкі көрінісін безендіру үшін мұражай-қорық қорынан 182 зат пайдаланылды. Үйдің ішкі көрінісін безендіруде Семей қаласының тарихи-өлкетану мұражайы ұсынған жәдігерлер: сүйекпен және металмен жозыланған төсек, ақық ендірілген ер-тоқым, сәнді қасқырдың терісі маңызды толықтыру болды. Өскемен қаласының Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 6 бұйым берді: құмған, тұғырығы бар сандық, ХХ ғасырдың соңындағы келі, сондай-ақ ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы сүйекпен әшекейленген ыдыс-аяққа арналған шкаф. Және шебер Лина Ақанқызы қасқырдың терісінен жасалған тонды «қасқыр ішікті» және шаңыраққа арналған шашақ «шашақ бауды» ұсынды, олар киіз үйдің сәнін ерекше келтіріп тұрды. 

 

Ландшафтный дизайнЛандшафтный дизайн

Біздің облысымыздың ерекшелігі өзіндік ландшафттық дизайны болды.

Мереке кезінде біздің көрмемізге көптеген қонақтар, яғни Астана тұрғындары және астана қонақтары келді. Келушілердің арасында Нұрғали Нүсіпжанов, Толқын Забирова, Құдайбергенов, Жақсылық Үшкемпіров, Сержан Баширов және тағы басқалары  сияқты атақты тұлғалар да болды. Облыс кешенін жерлестеріміз де рақаттана тамашалап, киіз үйдің ішкі көрінісінде естелік ретінде фотосуреттерге түсті. Баспасөз де біздің көрмемізді айналып өтпеді: «Казахстанская правдамен», «31 каналмен» және теледидармен репортаждар жазылды. Мұражайшыларға киіз үйіміз өте қатты ұнады, жәдігерлерімізге қызығып, кейбіреулері екі қайтара келіп көрді. Көрмені барлық облыстар тамашалады.

 «Тәуелсіздік» алаңында жәрмеңке-көрмелер және шеберлік-дәрістер ұйымдастырылды:

 - саздан кәдесыйлар жасау. Шебер Т.Н. Владыкина (Өскемен қаласы)

 - «Өрнек» станогында дәстүрлі қазақ тоқымашылығы. Шебер Г.Д. Қожамжарова (Катон-Қарағай ауданы Еңбек ауылы)

 - киізден ойыншықтар, кәдесыйлар жасау. Шебер Н. Молоканова (Өскемен қ.)

Шеберлер арасынан Қытайдан келген шебер Лина Ақанқызы үлкен табысқа жетті. Оның жұмыстарының барлығы дерлік сатылып кетті.

Ландшафтный дизайн

Қазақ халықтық сәндік-қолданбалы өнер басқа облыстармен де көрсетілді. Мысалы, Алматы қаласы былғары өнерін көрсетті. Жұмыс істеп отырған ұсташысымен шағын ұста дүкені де болды.  

 Барлық облыстар зергерлік, ағаш өңдеу өнерін кеңінен көрсетті. Сонымен қатар, қолдарына тірі бүркіт ұстаған, «тазы» иттері бар аңшыларды көру де қызық болды.

 Осылайша, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау өте қызықты, ауқымды түрде өтті.

 

 Айман Қаирбекова

 

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …