көрмелер қордан Мұра және қазіргі заман. 2012

Мұра және қазіргі заман. 2012

«Асыл мұра және қазіргі заман» көрмесі келушілерді қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің негізгі түрлерімен таныстырады.. Ерте заманғы бұйымдар мен қазіргі заманғы шеберлердің еңбектері уақыттарды байланыстыратын арқау болып табылады.


Дәстүрлі кілем-киіз бұйымдар ою-өрнектердің жаңа түрлерімен, техникасымен, бояу түстерінің үйлесімімен ерекшеленеді. Кестеленген бұйымдар назар аударарлық. Бұлар, ең алдымен, Шығыста ертеден белгілі болған бізкесте техникасында кестеленген тұскиіздер; ыдыс-аяқ салатын аяққаптар, ісмер Н.Н.Веденинаның қазақ ұлттық мәнерінде орындаған қызықты паннолары.

Қазақ зергерлік әшекейлері айрықша орын алады. Қазақтардың зергерлік өнері этникалық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақ эергерлік өнері кәсіби сипатта болған, мұның өзі өндіріс ерекшелігіне байланысты еді. Алтынмен және күміспен жұмыс істейтін шеберлерді зергерлер деп атаған, ол «зер» (парсыша) – алтын, алтын әшекей деген сөзден бастау алған. Әйелдердің әшекейлері зергерлердің негізгі өнімі болған, өйткені олар қоғамның барлық жіктерінің арасында үлкен сұранысқа ие болып келген. Сан түрлі әрі пішіндері мен сәндеулерінің үйлесімдігімен ерекшеленетін қазақ зергерлік бұйымдары халық шығармашылығының жарқын беттерін айғақтайды, ұлттық мәдениет қазынасына жатады.

Қазақ қамшысының ерекше түрі – сары ала қамшы,  заманауи шебер Ж.З.Мұқажановтың сабын еліктің сирағынан жасаған қамшысы, саяттық құстарға арналған томаға, саятшының құс ұстаған қолын тіреу үшін тау ешкісінің мүйізінен жасалған бірегей «балдақ» назар аударуға тұрарлық.

Көрмеде қазақ ұлттық ыдыс-аяқтың үлгілері назарға ұсынылған, олар – қазіргі заманғы шеберлер А.Д.Оразғалиев пен Е.П.Ұсановтың қымыз құюға арналған бірегей жиынтықтары, С.М.Бәшіровтің коллекциясынан алынған қазақтардың дәстүрлі кесеқаптары, қымыз құятын тері ыдыстар.

Кәсіби зергерлер Сержан Бәшіров пен Берік Әлібайдың авторлық туындылары тек өздеріне тән мәнерімен және жасалуының жоғары сапасымен ерекшеленеді. Осы шеберлердің дарынды еңбектері жәй ғана зергерлік өнердің аясынан шығып кеткен. Көркем кесте шебері Мұхамеджан Зейнелханның кестелі картиналары керемет әсер қалдырады. Олар ертеден келе жатқан біз кесте техникасын  ұлттық нақыш бере отырып заманауи интерпретацияда қолданудың тамаша үлгісін паш етеді.

Халық ісмерлері мен кәсіби шеберлердің өзіндік жарқын өнері бояуының сантүстілігімен және орындалуының жоғары сапасымен біздерді таң қалдырады. Ұсынылып отырған көрме ұлттық қолданбалы өнердің барлық қырларын ашқандай, осынысымен де дәстүрлер сабақтастығы мен халықтық шығармашылықтың сарқылмайтынын растай түседі.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …