көрмелер қордан Ертегіде қонақта. 2012

Ертегіде қонақта. 2012

«Жастар» саябағындағы этнографиялық ауылда орналасқан сәндік-қолданбалы өнер павильонында «Ертегіде қонақта» атты жаңа экспозиция ашылды,  онда мұражай-қорықтың қорынан алынған жәдігерлер қойылған.

 

Көрме бірінен екіншісіне байыппен ауысып отыратын жеке композициялардан тұрады, әрі қазақ, орыс, араб және еуропалық түрлі ертегілердегі таныс сюжеттер назарға ұсынылған.

РСФСР-дің Ленинград облыстық көркемөнер қоры дирекциясының 1985 жылы біздің мұражайға сыйға тартқан театрлық қуыршақтары экспозицияның орталық бөлігін алып тұр.  Қуыршақтарды суретшілер М.А.Ясинская, В.Г.Ховралева, Н.И.Сизых 1978-1980 жылдар аралығында жасаған. Олар «Бақа-патшайым», «Қызыл телпек», «Күн айналысы», «Котофей-Мысық» атты балалар спектакльдерінде ойнатылды.

Ленинград қуыршақтарымен қатар экспозицияға Өскемен қаласы мәдени-ағарту училищесінің режиссура және актерлік шеберлік пәнінің оқытушысы Ольга Леонидовна Кированың 1970-80 жылдары жинаған коллекциясынан театр қуыршақтары қойылды. Училище жанынан ашылған театрлық қуыршақ бөлімінің негізін қалаған Кирова кейіннен оның меңгерушісі болды. Ольга Леонидовна шәкірттерімен бірге қуыршақ жасаумен, спекткльдерге декорациялар дайындаумен айналысты, сондай-ақ, қойылымдардың сценарийшісі және режиссері болды.

Көрмеде О.Л.Кированың коллекциясындағы бірнеше театрлық қуыршақтармен – «Аладдин», «Алдар Көсе мен бай», «Бауырсақ»  сияқты ертегі кейіпкерлерімен танысуға болды.

Түрлі ертегілер мен ескі нанымдар  тақырыптарына арналып ағаш  пен тамырдан ойылған мүсіндер экспозициядан лайықты орын алған. Біздің талантты жерлесіміз, ақын, жазушы, суретші, ағаш пен тамырдан түйін түйген шебер  Евгений Васильевич Курдаков көпшілік туындылардың авторы болып табылады. Оның түрлі ағаштардың тамырларынан орындалған ертегілік орман кейіпкерлері - Жалмауыз кемпір, Орман перісі, сайтандар, «Саңырауқұлақ түбіндегі гном», «Еменсындырғыш» және тағы басқалар құпия әрі жұмбақ күйге түсіргіндей әсер береді, осынысымен көрмені ерекше жандандырып, ажарландырып тұрғандай. Шебердің ағаш және тамыр мүсіндері А.С.Пушкиннің «Балықшы мен балық туралы ертегісіне» және П.П.Бажовтың ертегілеріне арналған композициялардың  кейіпкерлеріне айналды.

Риддер қаласының шебері В.В.Зайцевтің ағаштан мүсіндік ойма техникасында орындаған түрлі сипаттағы гномдары, сондай-ақ, «Шортанның әмірі бойынша...», «Ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті» атты сәндік бедерлі  паннолары ерекше қызығушылық туғызуда.

Сонымен қатар көрмеге Өскемен қаласындағы № 24 мектептің технология пәнінің мұғалімі Ирина Борисовна Рыльская мен оның оқушыларының жұмыстары да қойылды.. Олар Алексей Толстойдың «Алтын кілт, немесе Буратиноның басынан кешкендері» ертегісіне және т.б. кейіпкерлер бойынша марионетка-қуыршақтар жасаған.

Өскемендік шеберлер Татьяна Андреевна Перетокина (қайырымды және қатыгез орман перілері, «Қарлығаш» және «Нұрлан») мен Елена Николаевна Очкинаның («Мыс тауының ханшайымы») кәдесыйлық қуыршақтары экспозицияны үйлесімді түрде толықтырып тұр.

Экспозицияда Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, кәсіби шебер Александр Иванович Коробковтың ағаштан ойған «Тауыс» атты тамаша мүсіні мен «Менің көршілерім» атты триптихынан екі панно назарға ұсынылған.

Кәсіби суретшілер Сәуле Бапанованың («Өмір ағашы»), Любовь Кулиничтің («Бақыт құсы») және басқалардың сәндік паннолары, сондай-ақ, ХХ ғасырдың ортасындағы жаккард гобелендер көрмеге өзіндік сән беріп тұр.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …