көрмелер қордан Жаңажылдық ертегі. 2012

Жаңажылдық ертегі. 2012

2012 жылғы 10 желтоқсанда мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесінде орналасқан ғимаратында «Жаңажылдық ертегі» көрмесі ашылды.

«Жаңажылдық ертегі» – мұражай-қорық қорындағы жаңажылдық керек-жарақтар коллекцияларының көрмесі.

Жаңа жылда ертегідегідей ғажайып оқиғалар болып жатады... Бұл мерекені шыршасыз және Аяз Атасыз, жылтырақтар мен түрлі-түсті шарларсыз, ертегілік қайырымды кейіпкерлерсіз елестету мүмкін емес. Жаңа Жылда бәрінің де керемет, ертегідегідей, көркем болғанын қалайсың. Адамдардың көпшілігі шыршаларды әшекейлейді, көпшілігі үйлерін жылдырақтармен және «гирляндамен», «қармен» және «жауынмен» безендіреді, ал барлық балалар Аяз Атадан таңғажайып оқиғалар мен сыйлықтарды асқан қуанышпен, ерекше үмітпен күтеді.

Көрмеде ХХ ғасыр ортасы – ХХІ ғасыр басындағы жаңажылдық шыршалық ойыншықтар, Аяз Аталар, Қаршақыздар коллекциялары, сондай-ақ жаңажылдық керек-жарақтар: кәдесыйлар, балаларға сыйлықтар, бетперделер мен басқа да көптеген дүниелер назарға ұсынылған.

Өткен ғасыр ортасы мен соңындағы жаңажылдық ойыншықтарда заманауи дизайнерлік нәзіктік жоқ: әр ұрпақтардың Аяз Аталары мен Қаршақыздары кезінде қағаздан, мақтадан және папье-машеден, пластмассадан жасалған, олардың өңі кеткен, көнерген. Сөйткенмен де олар бізді балалық шағымызға – ойда жүрген асыл армандар Жаңа Жылда орындалатын ертегі еліне оралтады.

Сіздерге бұл көрме жақсы естеліктер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйласын дегіміз келеді.


 

 

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …