көрмелер қордан Өткен дәуір. 2013

Өткен дәуір. 2013

Өткен дәуір...Өткен дәуір...

«Өткен дәуір...» көрмесі XIX және XX ғасырлардың соңындағы Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай қорық қорындағы жәдігерлер коллекциясын ұсынады. Фарфор, күміс заттар, зергерлік әшекейлер, монеталар мен банкноттар, қарулар және тағы басқалары – бүгінде күнделікті тұрмыста қолданылмайды, десек те, сол көне заттар өткен дәуірдің үні мен оқиғаларын бүгінмен байланыстыратын көпір сынды.

Адам өмірінде сәнді «ұсақ-түйектер» қай ғасырда да болған. Сән тарихындағы «Күміс ғасыр» деп аталған уақыт әсемдікті тек әйелдер мен олардың шляпаларынан талап еткен жоқ, сонымен қатар қолданыстағы заттардан да әсемдікті талап еткен-ді. Сол дәуірдің ұсақ-түйектерін тізбектеп айтып бітіре алмайсың, олар өте көп: фарфор фигуралары, гүлсауыттар, әйелдердің жеке қолданатын заттары, ғаламат желпіуіштер, бисерден тігілген қол сөмкелер, сувенирлер және тағы басқалар. Антикварлық ыдыстар біздің күнделікті тірлігімізге нәзік талғам енгізумен қатар өмірдің әрбір сәтіне қуана білуге үйретеді, тұрмыс поэзиясына жетелейді. Антиквариат ағымдағы сәнге де, уақытқа да бағынбайды, өткен ғасырлар естелігінен сыр шертеді.

Көрмеде XX ғасыр темірден, ағаштан, теріден жасалған этнографиялық заттар арқылы ұсынылған. Коллекцияда ерекше орын алатын жәдігерлер - қазақ әйелдерінің зергерлік әшекейлері, ұлттық дәстүрде жасалған ыдыстары.

Өткен дәуір...Өткен дәуір...

Экспозицияда көне заттармен қатар тастан түйін түйетін шеберлердің жан-дүниесін, табиғатын танытатын тастан жасалған бұйымдар да ұсынылған.

Көрменің бірегей ерекшелігі сол, онда тек көне жәдігерлер арқылы дәуір естелігі сақталып қана қоймай, уақыттың да жылдамдығын сезінуге мүмкіндік береді. Әрбір жәдігер қайталанбас өткен уақыт кеңістігі мен естеліктерін сол күйінде сақтаған, бүгінгі ұрпаққа үнсіз ғана үн қатып тұрғандай әсер береді.

 


Өткен дәуір...Өткен дәуір... Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...Өткен дәуір...

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …