көрмелер қордан Менің Қазақстаным. 2014

Менің Қазақстаным. 2014

Выставка "Мой Казахстан"Выставка "Мой Казахстан"

Риддерқаласындағы Мәдениет сарайының көрме залында біздің мұражай-қорықтың қорынан ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» көрмесі ашылды.

Ол қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы мен ұлттық дәстүрлеріне, КСРО Суретшілер одағының мүшелері: суретші Анатолий Георгиевич Куклин мен мүсінші  Валерий Соломонович Раппопорттың туындыларына арналған.

Көрмеде мұражай-қорық қорынан алынған киіз бұйымдар (сырмақтар) мен  алашалар назарға ұсынылған.

 

А.Г.  Куклиннің графикалық еңбектерінің тамаша коллекциясы қазақ халқының XIX ғасырдағы – XX  ғасыр басындағы өмірі мен тұрмысына арналған. Бұларда  автор сирек техника – граттографияға (суретті тырнау техникасы) жүгінген. Суретші еңбектерінде терең философиялық мән жатыр. Адам өмірінің табиғи циклы  – дүниеге келу, үйлену тойы, дүниеден өту оның шығармашылығына негіз болған. Еңбектерінің бір бөлігі: «Шаңырақ», «Текемет», «Шым-ши», «Зергер», «Ұстахана» және басқалар қазақтардың ежелгі қолөнерлеріне арналған.

«Үш ұрпақ» пен «Қарт шопан»  -  бұл  В.С.Раппопорттың, ағаш ою  техникасында орындаған мүсіндері. Мүсінші туындыларынан бірден танылатын өзіне ғана тән суретшілік қолтаңба байқалады, ол композициялық шешімдерінің ерекшелігімен, әлем ақиқатын өзінше көре білуімен сипатталады . Олардан кейбір гиперболалықты, пропорцияларға еркін көзқарасты, көлемдік құрылымдарды өзінше жасаушылықты, кеңістіктік ракурстарға басқаша қырынан келушілікті көруге болады.

Көрме Риддерде 2014 жылғы 14 наурызға дейін жұмыс істейді.

Выставка "Мой Казахстан"Выставка "Мой Казахстан"Выставка "Мой Казахстан"Выставка "Мой Казахстан"Выставка "Мой Казахстан"Выставка "Мой Казахстан"

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …