көрмелер қордан Өлең – сөздің патшасы... (Поэзия – властитель языка). 2015

Өлең – сөздің патшасы... (Поэзия – властитель языка). 2015

Выставка «Өлең – сөздің патшасы...» (Поэзия – властитель языка)Выставка «Өлең – сөздің патшасы...» (Поэзия – властитель языка)

2015 жылдың мамыр айынан бастап қазан айына дейін мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніндегі Кіші павильонда Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Өлең – сөздің патшасы...»  атты көрме жұмыс істейді.

Абай шығармалары біз үшін – қазақ әдеби тілінің негізіне айналған құнды қазына. Осы шығармалар арқылы біз Абайдың жақсы көрген және өз өлеңдерінде жырлаған туған жерінің келбетін танимыз. Көрменің атауы Абайдың танымал өлеңінің бірінші тармағынан алынған. Оның орыс тіліндегі академиялық аудармасын 1954 жылы В.Звягинцева орындап, М.Әуезов мақұлдаған.

Көрмеге мұражай–қорықтың қор коллекциясындағы Абай шығармаларының (1936 жылдан бастап ХХІ ғасырдың басына дейінгі) басылымдары қойылған. Олардың ішінде ең сирегі және құндысы – латын қарпінде:  1936 жылы шыққан «Абай Құнанбайұлы. Таңдамалы өлеңдері» және 1940 жылы шыққан «Абай Құнанбайұлы. Толық жинақ». «Абай және ислам» бөлімінен Құран Кәрім кітабын және діни салттарға қатысты бұйымдарды көруге болады. Әрі қарай көрмеге Абай аудармалары арқылы қазақ халқына танымал болған Пушкин, Лермонтов, Крылов және тағы басқа шетел классиктерінің шығармалар жинақтары, Абайдың жақын туыстарының портреттері бар (ұлдары Ақылбай, Мағауия, інісі Шәкәрім) шежіре, Абай достарының портреттері, қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі мұрагерлері (Т.Көбдіков (1874-1974) мен абайтанушылардың (М.О.Әуезов (1897-1961), Қ.Мұхамедханов (1916-2004) еңбектері назарға ұсынылған.

Абай өз туындыларына және аудармаларына ән жазып, өзін көрнекті  композитор ретінде де көрсете білді. Абайдың айналасында қобыз, домбыра, сыбызғы сияқты қазақтың музыкалық аспаптары ғана емес, сонымен қатар Абайдың туыстары мен шәкірт-достары ойнаған басқа халықтардың гармонь, скрипка, мандолина сынды өзге де  музыкалық аспаптары болды.

Шығысқазақстандық жазушылардың шығармашылығын зерттей келе, біз олардың шығармаларының иллюстрациялануына ерекше көңіл бөлдік және  де бұл тақырыптың толық зерттелмеген тұстарын өзіміз үшін белгілеп қойдық. Осы олқылықтың орнын өзіміздің жергілікті суретшілерімізбен бірлесе отырып, толықтыруға тырыстық. Бүгінде мұражай-қорықтың коллекциясында кәсіби суретшілермен қатар біз үшін құны түспейтін әуесқой суретшілердің де туындылары бар.

Көрмеде Абай шығармаларын безендірген Қазақстандық суретшілер Қ.Қожықовтың (1944-1948), Қ.Ә.Каметовтың (1986) және И.Исабаевтың (1990-шы) графикалық туындыларының және Е.А.Бұхарбаевтың (2010) кескіндемелік туындысының репродукциялары ұсынылған. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Б.К.Исин мұражай-қорықтың тапсырысымен көрмеге арнап, Абай шығармаларының желісі бойынша бес бірегей иллюстрация орындады. Мұражай-қорықтың қызметкері, суретші Г.М.Бекбердинованың екі кескіндемелік туындысында Абай жерінің әсем көріністері бейнеленген. Көрмеде қазақстандық суретшілердің шығармаларындағы Абай бейнесі кескіндемелік (Девятов, Б.К.Исин) және графикалық (П.Д.Лобановский, Ә.Қастеев, Яр-Кравченко, Н.Өтепбаев,  Ю.Г.Хабаров) туындылар арқылы көрсетілген. 1950-1959 жылдар аралығында қырғыз суретшісі И.Л.Ильина М.Әуезовтың «Абай жолы» романын иллюстрациялармен безендірді.

Экспозицияның көркемдік мәнін ашу барысында негізгі басымдылық Абай шығармаларына берілген. Киіз үйдің негізгі құрылымы ағартушы өмірінің басым бөлігі өткен баспананың метафорасы ретінде  алынған.

Қазақстан азаматтарының әр жас ұрпағы Абай шығармаларына таусылмайтын рухани қайнар көз ретінде қарайды.



Абай (Ибраһим) Құнанбаев

(1845-1904)

Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы,

қазақ әдебиетінің негізін салушы және классигі

Семей облысының Шыңғыс тауында дүниеге келген, беделді Тобықты руынан шыққан. Алғашқы білімді Ғабитхан молдадан алған. 1855 жылдан бастап Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесінде оқиды,  онда исламның  қасиетті даналық кітаптарынан нәр алады және Шығыстың классикалық поэзиясына деген қызығушылығы оянады. Медреседе оқып жүрген кезінде орысша приходтық мектепте 3 ай білім алған. 1875-1878 жылдары Қоңыр-Көкше-Тобықты болысын басқару лауазымына ие болады.

Абайдың алғашқы өлеңдері  1855-1860 жылдары жазылған. Олардың көпшілігі ақынның көзі тірісінде газет беттерінде досы Көкбай Жанатайұлының атымен жарық көрген, жартысы Нұрсейіт молданың қолжазбасына енген. Ақынның өз атымен жарық көрген алғашқы тамаша шығармашылық туындысы «Жаздыкүні шілде болғанда»» өлеңі («Дала уәлаяты» газеті, 1889 ж. № 12). Алғашқы жарық көрген жинағы – «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбаевтың өлеңдері» деп аталады (Петербург, 1909 ж.). Ұлы ойшылдың философиялық ойларымен әлемге танымал туындысы –  «Қара сөздер», 1933 жылы тұңғыш рет Алматы қаласында жарық көрді.

Абайдың бірегей туындылары оның аудармашылық қызметімен танымал. Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың және басқа да шетел классиктерінің туындылары қазақ халқына Абайдың аудармалары арқылы танылды.  Абай өз туындыларына және аудармаларына ән жазып, өзін көрнекті  композитор ретінде де көрсете білді.

Абайдың ақындық мектебінің өкілдері өзінің ұлдары Ақылбай мен Мағауия, інісі Шәкерім, достары әрі шәкірттері Көкбай Жанатайұлы, Әріп Тәңірбергенұлы және тағы басқалар болды.

Абайдың шығармашылық мұрасы әлем әдебиетінің жетістігі болып табылады. Ақын шығармашылығын зерттеген қазақтың танымал абайтанушылары: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Әуезов, С.Мұқанов, Б.З.Ерзакович, Қ.Жұмалиев, М.С.Сильченко, Ә.Жиреншин, Қ.Мұхамедханов, Р.Нұрғалиев, З.Ахметов, Л.М.Әуезова, З.Қабдолов, Р.Сыздықова, М.Мырзахметов, Ғ.Бисенова, Ғ.Есім, Б.Байғалиев, К.Оразалин және тағы басқалар.  Олардың ішінде Мұхтар Әуезовтің іргелі үлес қосқанын ерекше атап өткен жөн. 1995 жылы Р.Н.Нұрғалиевтың бастамасы бойынша және редакциялауымен Алматы қаласындағы «Атамұра» баспасынан ұлы  ойшылдың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер ұсынылған «Абай» энциклопедиясы жарық көрді.

Осы дәстүрді Шығыс Қазақстанда әр кезеңде Т.Ибрагимов, Қ.Бітібаева, Е.И.Григорьев, Б.А.Ердембеков, А.М.Қартаева сынды зерттеушілер сәтті жалғастырды.

 

Фотосурет Алексей Мазницин мен Виктор Корждікі

Выставка «Өлең – сөздің патшасы...» (Поэзия – властитель языка)Выставка «Өлең – сөздің патшасы...» (Поэзия – властитель языка)Выставка «Өлең – сөздің патшасы...» (Поэзия – властитель языка)Выставка «Өлең – сөздің патшасы...» (Поэзия – властитель языка)Выставка «Өлең – сөздің патшасы...» (Поэзия – властитель языка)Выставка «Өлең – сөздің патшасы...» (Поэзия – властитель языка)Выставка «Өлең – сөздің патшасы...» (Поэзия – властитель языка)Выставка «Өлең – сөздің патшасы...» (Поэзия – властитель языка)Выставка «Өлең – сөздің патшасы...» (Поэзия – властитель языка)Выставка «Өлең – сөздің патшасы...» (Поэзия – властитель языка)Выставка «Өлең – сөздің патшасы...» (Поэзия – властитель языка)

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …