көрмелер қордан Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналады... «Біз – бір ағаштың бұтақтарымыз». 2015

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналады... «Біз – бір ағаштың бұтақтарымыз». 2015

Эмблема 20-летию Ассамблеи народа Казахстана посвящается...Фото Алексея Мазницина

Мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніндегі Үлкен көрме павильонында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Біз – бір ағаштың бұтақтарымыз» атты көрме ашылды.

Көрменің мақсаты: Қазақстанның көпұлтты  халқының халықтық киімдерінің байлығы мен сантүрлілігін паш ету. Онда көпұлтты Шығыс Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың үйленутойылық, мерекелік және күнделікті киетін костюмдері көрмеге қойылған.

Мұражай-қорық қорындағы костюмдердің бай коллекциясының негізі ШҚО Глубокое ауданының Бутаково селосында қалыптастырыла бастады, сондықтан мұнда орыстардың және ескідәстүршілдердің үйленутойылық және күнделікті киетін бірегей костюмдері үлкен орын алады. Қазақ ұлттық костюмдерінің де үлкен қызығушылық туғызары сөзсіз. Қазақстан этностарының  костюмдерін  мақсатты түрде жинау ісі ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптарының этнографиясы бөлімінің ашылуына байланысты 1989 жылдан бері басталды. Көрмеге қазіргі заманғы шеберлердің бұйымдары және ХХ ғасырдың басы-ортасында тігілген бірегей этнографиялық костюмдер де қойылған: орыс ескідәстүршіл үйленутойылық және күнделікті киетін костюмдер, татарлардың, түркімендердің, мордвалардың, украиндардың костюмдері. Мұражай қорықтың қор коллекциясы қызметкерлердің жинақтау қызметі нәтижесінде дәстүрлі халықтық костюмдермен толықтырылды, көптеген жәдігерлер ғылыми экспедициялардан әкелінді. Костюмдердің бірқатарын Қазақстан Республикасының амағында жұмыс істеп тұрған консулдықтар мен елшіліктер, өнер және мәдениет қайраткерлері берген. Дәстүрлі костюмдер жеке дара, таңқаларлықтай жарқын да жарасымды болып келеді, сондықтан да дәстүрлі киімдер халық шығармашылығының қазынасы деп тегін айтылмаса керек.

Алексей Мазнициннің фотосуреттері

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …