көрмелер қордан Нұрсұлтан Назарбаев – ұлт тірегі. 2015

Нұрсұлтан Назарбаев – ұлт тірегі. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаШҚО мен еліміздің тарихына айналған фотосәттер  

 ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында ШҚО мұражай-қорығының «Алтай» галереясында «Нұрсұлтан Назарбаев – ұлт тірегі» атты көрме ашылды. Экспозицияның орталық бөлігін Ұлт тірегінің өлкеміздегі өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарда, оның ішінде мұражай-қорықтың этноауылында болған уақыттарында, ардагерлермен, спортшылармен және оқушы жастармен кездесулерінде шығысқазақстандық  фототілшілердің түсіріп алған жұмыстары алып тұр.

Ретроспективадағы фотожұмыстар  2005-2013 жылдар аралығындағы кезеңді қамтиды. Олардың  арасында Президентпен бірге фотоға түскен  кейбір шығысқазақстандықтар  өздерін мақтанышпен көре алады.


Міне, Өскемен қаласындағы «Оқушылар  шығармашылық  сарайының»  ашылуында мемлекет Басшысымен бірге үлкен ақ бантигі бар сүйкімді қызды түсіріп алған. Бүгінде оның ата-анасы және өзі де есейіп, сол күнді естеріне алып, таң қалуы мүмкін. 

Облыстық «Рудный Алтай» газетінің фототілшісі Сергей Суровты да тосынсый күтіп тұрды. Фотосуреттердің бірінде келушілер оның Нұрсұлтан Назарбаевтың облыс орталығындағы № 1 КТЛ болған кезінен қалай сәтті қадр түсіруге тырысып жатқанын көре алады.  Осылай, өз әріптестерінің арқасында Сергей ШҚО фотожылнамасына енген.

Көрмеде 70-тен аса жәдігерлер ұсынылған. Суреттерден басқа біздің Президентіміздің әр уақыттарда  жазған  кітаптарын көруге болады.  Олардың бірінің мұқабасында  ол Ватикандағы католик шіркеуі Басшысымен кездесу сәтінде түскен. 

Фотосуреттерден басқа Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығымен байланысты графика мен бұйымдар ұсынылған.  

-  Көрменің басты мақсаты, біздің Президентіміз тек қана  танымал саяси қайраткер,  ұлы реформашы және егемен еліміздің Басшысы ғана емес, сондай-ақ, ашық эмоционалды адам екенін, еліміздің қарапайым тұрғындарымен  ашық-жарқын араласатынын көрсету.  Қараңыздаршы,  фотосуреттер қандай керемет әсер береді! – деп атап өтті тұсаукесерде ШҚО мұражай-қорығы директорының орынбасары Тамара Быкова.  

Бұл сөздердің растығын келушілердің бірі, облыс орталығының тұрғыны,  үш жасар ұлы Құсман Ибрахиммен  бірге көрменің ашылуына келген Айнаш Әскерханова дәлелдейді. «Көрме ұнады,  өте қызықты фотолар, мен біздің Президентіміздің  облысымыздың қай жерлерінде болғанын білдім, адамдармен қарым-қатынас барысында оның  қарапайымдылығын көрдім! – деді ол.      

Айнаштың айтуы бойынша, ол  ұлы бала кезінен өз елінің тарихын, Тұңғыш Президентін, оның саясаты арқасында Қазақстан  ширек ғасыр бейбітшілік пен  келісімде  өмір сүріп жатқанын білсін деп көрмеге арнайы келген.

 

ШҚО мұражай-қорығының баспасөз қызметі

 

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …