көрмелер қордан Мейірімді ертегілер. 2015

Мейірімді ертегілер. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

Мейірімді ертегілер шақырады

Қасым Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы мұражай-қорықтың ғимаратында «Мейірімді ертегілер» деп аталатын жаңажылдық мерекеге арналған дәстүрлі көрме ашылды.

Мейірімді ертегілер шақырады Қасым Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы мұражай-қорықтың ғимаратында «Мейірімді ертегілер» деп аталатын жаңажылдық мерекеге арналған дәстүрлі көрме ашылды. Экспозицияда өткенге шолу жасайтын Аяз аталар мен қаршақыздар коллекциясы, сондай-ақ, өткен жылдардың белгілерін сипаттайтын жаңажылдық шыршалардың ойыншық көшірмелері, қуыршақтар, шырша ойыншықтары ұсынылған.

Жаңа 2016 жылдың символы Мешін екенін де ұмытпайық. Бұған дейін қытай жұлдызнамасындағы тоғызыншы белгі біздің өмірімізде 2004 жылы, яғни, 12 жыл бұрын болған. Көрмеде қызықты мешінді бірнеше пішінде көруге болады.

 

Экспозицияның ең қызықты жері облыс орталығынан  қолданбалы өнер шебері Лариса Мандычтың  алғаш рет ұсынылған авторлық ойыншықтарының коллекциясы болды. Онда 100 ойыншық  - нағыз керемет!. Ал егер шындығына келсек, олардың әрқайсысы қол жұмысының бірегей туындылары болып табылады.

Жаңа жыл – ең тамаша және ең сүйікті мерекелердің бірі. Таңғажайып және армандар орындалатын уақыт, ең таза үміттер мен жарқын армандар уақыты. Бұл көңіл көтеру, отбасылық үйлесімділік пен сыйлықтар мерекесі. Біздің көрмеміз де  жақындап қалған керемет қысқы мерекеге арналған сыйлық – деді ұйымдастырушылар.    

 

Қош келдіңіздер!

Мұражай-қорықтың баспасөз қызметі

 

Фото Алексея Мазницина

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …