көрмелер қордан Естелік пен даңқ бізге өсиет болып қалған! 2016

Естелік пен даңқ бізге өсиет болып қалған! 2016

Нам завещаны память и слава! 2016

Ұлы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында облыстық музей-қорықтың Қасым Қайсенов көшесі, 67 мекенжайда орналасқан ғимаратында 9 мамырға арналған «Естелік пен даңқ бізге өсиет болып қалған» көрмесі салтанатты түрде ашылды.

Музей-қорықтың ғылыми-экспозициялық-көрме жұмысы бөлімі дайындаған көрмеде  соғыс жылдарындағы құжаттардың түпнұсқалары назарға ұсынылған, олардың арасында майданнан келген хаттар, қызылармиялық кітапшалар мен жарақаттанғаны туралы анықтамалар бар. Келушілер сарбаздар мен матростардың киім-кешектерін, сол бір алыста қалған ҰОС-тағы шайқастардың жаңғырығын сақтап қалған басқа да әскери жабдықтарды көрді. Өйткені олардың иелері соғыстың қайнаған ортасында болған ғой.

Уақыт сарғайтқан фотосуреттерде Отанымызды жаудан қорғап қалғандардың бетәлпеттері бейнеленген. Отаны өз ұлдары мен қыздарының жауынгерлік ерліктерін атап өткен ордендері мен медальдары да осы жерде.

Құжатқа арналғандай, кішкентай ғана фотода атақты қолбасшы Г.Жуковтың жеке жүргізушісі – Федор Спирин бейнеленген. 1911 жылы дүниеге келген оның ұрпақтары Өскеменде және Қасым Қайсенов атындағы кентте тұрып жатыр. Ф. Спириннің өзі Алтай өлкесіндегі Гилево селосының тумасы, Жеңістен кейін туған жеріне қайтып оралыпты. Спириннің балалары кейіннен ШҚО-ға қоныс аударған екен. Осы жөнінде Ф.Спириннің шөбересі Роман Васильев айтып берді. Ол сонымен қатар өзінің ержүрек атасының алдымен фин соғысына қатысқаны, содан кейін Ұлы Отан соғысының ұрыс даласында шайқасқаны жайында әңгімеледі.

1941-1945 жылдарғы ҰОС-қа қатысқандар туралы басқа да көптеген қызықты дүниелер назарға ұсынылған. Мысалы олардың арасынан «полк баласы» Виктор Сенкевичтің фотосуреттері мен құжаттарын көруге болады. Көрсеткен ерлігі үшін әлі 17-ге тола қоймаған бозбала жауынгерлік орденмен наградталыпты.  

Көрмеде  музейдің жаңа фотогалериясының тұсауы кесілді,  онда Ұлы Отан соғысына қатысқан, ал бүгінде Өскеменде тұрып жатқан ардагерлердің портреттері назарға ұсынылған.  Фотогалерея –  «Тірі жүргендеріңіз үшін рақмет!»  деп аталады. Соғыс даласындағы шайқастардың, 1945 жылғы Жеңіс шеруінің  және де жеңіліс тапқан Рейхстагтың баспалдақтарында шаттанып тұрған сарбаздардың кинохроникаға түсіп қалған сәттерінің ақ-қара кадрлары көрмені көмкеріп тұрғандай.

Ұлы Отан соғысының жүзге таяу ардагері өз фотоларын музейге тапсырды, деп хабарлады ШҚО музей-қорығының директоры Тамара Быкова.

Экспозициядан, сондай-ақ, ҰОС кезіндегі әскери техниканың шағын үлгілерін, сонымен қатар неміс армиясы офицерінің және соғыс жылдарындағы Киев  жандармериясы бастығының куәліктерін көруге болады, оларды жеке коллекционерлер ұсынған.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …