көрмелер қордан Теңге – Қазақстан Тәуелсіздігі символдарының бірі. 2019

Теңге – Қазақстан Тәуелсіздігі символдарының бірі. 2019

Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайында Қазақстан Республикасы ұлттық валюта күніне арналған «Теңге. Тәуелсіздік символы» атты көрме ашылды,

1993 жылы Қазақстан өмірінде шынымен де тарихи оқиға болды. Бұл күні ел жаңа валютаға ие болды. ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасындағы Жарлығымен 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валюта – теңге айналымға енді. Содан бері бұл күн Ұлттық валюта күні болып саналады. Ал теңге болса Елтаңбамен, Әнұранмен және Тумен қатар Тәуелсіз Қазақстанның   экономикалық және қаржылық символына айналды. Алғашқы ұсақ ақша – тиындар банкнот түрінде жасалды, ал кейінірек металл монеталарға ауыстырылды. 1995 жылы Қазақстанның мәдени және тарихи мұраларын кеңінен паш ету мақсатында мерейтойлық және естелік монеталар шығарыла бастады.

Көрмеде қағаз тиындар, алғашқы монеталар, мерейтойлық монеталар, 1993 – 2017 жылдарғы үлгідегі банкноттар, мерейтойлық  банкноттар және 1990-шы жылдардағы жергілікті ақшалар қойылған. Ондағы барлық жәдігерлер музей-қорық қорынан және жеке топтамалардан алынған.

Музей-қорықтың баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Алексей Мазницын.

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …