• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер қордан Қаланың 300 жылдығына орайластырылған .2020

Қаланың 300 жылдығына орайластырылған .2020

                           «Өскемен зерттеушілердің, суретке түсірушілер мен суретшілердің еңбектерінде» көрмесі


Қ. Қайсенов атындағы этнобақтың көрме павильонында қор топтамалары мен жекелеген архивтерден алынған, қаланың соңғы 100 жыл барысындағы келбетінен сыр шертетін сирек басылымды кітаптар, живопистік туындылар, фотосуреттер, сондай-ақ, раритетті жәдігерлер қойылған жаңа көрме болып өтті.

Көрмені дарынды СҚӨ шебері, КСРО мен Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі С.П. Шупляктың қаламыздың негізі қалануын білдіретін «Өскемен бекінісі» (1987) атты гобеленді триптих туындысы  ашты.

Экспозициядағы қала тарихы Өскемен қаласындағы Покров шіркеуінің клиригі, иеромонах Иустиннің (т.ғ.к. М.М. Ларионов) (2000) «Ескі шаһар» атты панносынан бастау алды. Онда автор  жеке архивінен алынған деректі фотосуреттер негізінде  ескі шаһардың қазірде жоғалып кеткен немесе әлі де бар кейбір тарихи-сәулет ескерткіштерінің бастапқы келбетін қалпына келтірген. Паннодағы графикалық суреттерде сол кезеңдерде түрлі құрылымдармен, ағартушылық және мәдени мекемелермен, сауда кешендерімен, сондай-ақ, төңкеріске дейінгі Өскеменге тән жартылай кірпіш жертөлесі бар, ағаштан тұрғызылған тұрғын үйлермен бірегей сәулет ансамблін құраған 100 ғимарат келтірілген.

Көрменің келушілердің қызығушылығын тудырған бір бөлігі XVIII-XX ғасырлар бедерінде Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның ішінде қаланың ғылыми-зерттеу турасындағы тарихына сүбелі үлес қосқан белгілі демограф-ғалым, т.ғ.д. Н.В. Алексеенконың қызметіне арналған бөлімі болды. Көрменің өтуіне орай  ғалымның жесірі Л.Ф. Алексеенко өздерінің отбасылық архивінің 48 бұйымын музей-қорыққа табыстады. Олар - кітаптар, фотосуреттер, құжаттар, белгі-значоктар. Олардың бір бөлігі көрмеден орын тепті.

Өскемен қаласының ХХ ғасырдың басынан қазіргі кезге дейінгі келбеті келтірілген суретті панорамасы келушілер назарын көбірек  аудартты. Кәсіпқой фотографтар мен әуесқой фотографтардың есімдері ендігі жерде мәңгілік тарихи жетістік болып қалатын болды. Олардың арасында қарт фототілші М.В. Горохов, әуесқой-фотограф, пейзажшы  Л.Е. Лагутова, өлкетанушы-ғалым,  иеромонах Иустин, фотожурналист А.А. Мазницын бар.

Дарынды суретші Ш.Ы. Ыбыраевтың акварельмен салған жұмыстары көрмеге ерекше  жарқын леп берді. Оның ХХ ғасырдың 50-70 жылдары салған туындылары ескі Өскемен мен оның маңындағы аймақтардың пейзажды сюжеттеріне толы.

Шәңгерей Ыбыраев өз суреттерін тарихи нақтылықтардан ауытқымау үшін 1909-1910 жылдары жергілікті өнеркәсіп иесі Стефан Горловтың баспаханасынан шыққан төңкеріске дейінгі ашықхаттарға және біразын ХХ ғасырдың 1-ші жартысындағы архивтік құжаттарға сүйене отырып салған. Шәңгерей Ыбыраев шығармашылығының өлке тақырыбына бет бұруына досы, тарихшы-архивші Станислав Евгеньевич Черных ерекше ықпал еткен. Музей-қорықта акварель шеберінің көптеген жұмысы бар.

Ерекше сеніммен айта алатын бір мәселе бар. Ол – музей-қорықтың қор топтамасынан алынып, осында қойылған раритетті жәдігерлер, атап айтқанда,  біздің суретке түсірушілеріміз өткен жүзжылдық бедерінде репортаждық суреттер түсіру үшін қолданған жиналмалы пластиналық фотоқұралдар,  сондай-ақ, XIX ғасырда көшеде суретке түсіру үшін қолданылған штативтегі тасымалды обскур-камералар.  Аталған камераны  Шемонаиха ауданы, Выдриха ауылының тұрғыны И.А. Зинченко 1979 жылы этнографиялық музейге өткізген болатын.

Экспозиция барысында ескі шаһардың келбетінен келтірілген фрагменттер келушілердің оларды естелік үшін суретке түсіріп алуына мүмкіндік жасады.

Осы орайда көрмені тамашалаған әр адам сүйікті қалаға деген  ерекше  сезімін өзімен бірге ала кеткеніне еш күмән  жоқ.

Көрме мен көрме туралы репортажды сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің аға ғылыми қызметкері Ольга Осерчева аталған бөлім меңгерушісі Әсел Қаршалова мен директордың ғылым жөніндегі орынбасары Гүлжан Кашакудың қолдауымен әзірледі.

Суреттерді түсірген Алексей Мазницын және Сергей Суров.                                 

 


                                                

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …