көрмелер қордан Үйлену тойы костюмдерінің шеруі. 2021

Үйлену тойы костюмдерінің шеруі. 2021

2021 жылғы 21 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында «Үйлену тойы костюмдерінің шеруі» атты көрме ашылды.

Көрмеде қазақтар мен орыстардың, корейлер мен түркімендердің, украиндар мен татарлардың және немістердің үйлену тойы киімдері және тойға қатысты дәстүрлер көрсететін  жәдігерлер қойылды.

Әр халық өзінің бейбітшіл сезімін дәл осы дәстүрлі киімдері арқылы бейнелеген. Үйлену тойы көйлегі – ерекше құбылыс. Ондай көйлектер күрделі әрі таңқаларлықтай әдемі және ондағы кез-келген бөлшек терең мағынаға толы. Сондықтан әрбір киім – ата-бабаларымызбен тіл қатысқандай әсер қалдырады, тіпті, оларды өткен кезеңнен жеткен хат деуге де болады.

Әрбір халықтың үйлену тойы киімдері өзінше дербес, таңқаларлықтай жарқын әрі  үйлесімді, сондықтан да үйлену тойында киілетін көйлектер халық шығармашылығының қазынасы болып саналады.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, Сіздерді «Үйлену тойы костюмдерінің шеруі» атты  көрмені тамашалауға шақырамыз.

Мекен -жайымыз: Өскемен қаласы, Қ. Қайсенов көшесі, 67

Анықтама телефоны: 8 /705/ 415 77 81, 8 /7232/ 21 23 13     

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …