көрмелер қордан Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. 2000

Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. 2000

2000 жылы мұражайдың Урицкий (қазір Қ.Қайсенов) көшесі, 67 мекенжайдағы ғимаратында безендірілген «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты көрмеде 12 халықтың материалдық және рухани мәдениеті назарға ұсынылды. «Бір шаңырақ астында» атты көрмедегі бес халықтың: украиндардың, белорустардың, немістердің, татарлар мен түркімендердің материалдарына еврейлер, марийлер, мордвалар, әзірбайжандар, тәжіктер, корейлер жөніндегі заттар қосылды.

Материалдар бірінші залда көрнектерге орналастырылды, ал халықтардың ұлттық киімдері – манекендерге кигізілді.

Алғашқы зал Қытайдың ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басындағы мәдениетіне арналды. Заттар тоғыз көрнектерге мына тақырыптар: эмаль, қалқалы эмаль, қытай фарфоры, лажылы кескіндеме, сүйек пен тастағы оймалар, қытай жібегі, буддизмнің құлшылық бұйымдары сияқты  тақырыптар бойынша орналастырылды.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …