көрмелер қордан Татарлар турында. 2003

Татарлар турында. 2003

«Татарлар турында» көрмесінің ашылуы . 2003 г.
2003 жылғы қазан айында мұражай-қорықтың Урицкий (қазір Қ.Қайсенов) көшесі, 67 бойынша ғимаратында «Татарлар турында» («Татарлар туралы») атты көрме жұмыс істеді, ол татар халқының материалдық және рухани мәдениетіне арналған болатын. Онда А.Насырованың, Г.С.Левченконың, Р.Х.Фаизованың, Ғ.М.Ишмуратовтың, Н.Жанқұлованың, С.И.Искандерованың, Р.А.Миникееваның отбасыларында ескерткіш ретінде сақталған көне заттар назарға ұсынылды.

1999 жылғы халық санағы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 24 506 татар, Өскемен қласында – 3 588 татар тұрады.

Көрмеге татар халқының тұрмысы мен мәдениетін көрсететін 50 бұйым қойылды.  Бұлар – отбасылық альбомнан алынған фотосуреттер, араб тіліндегі кітаптар мен ХХ ғасырда шыққан кітаптар, тұрмыстық заттар мен киімдер.

Осы жерден татар Республикасының Президенті М.Шаймиевтің суретін көріп, Татарстан Республикасының рәміздерімен, атрибутикасымен танысуға болды.

«Татарлар турында» көрмесінің ашылуы . 2003 г.

Татар халқының рухани байлығын ұлы татар жазушылары мен ақындары М.Жәлелдің, Ғ.Тоқайдың, А.Кутуйдың кітаптары паш етті. Кітаптардың барлығын балаларды оңалту орталығының директоры С.И.Искандерова ұсынды, олар оған анасынан қалған екен. Қазандағы Хусаинов баспаханасынан 1911 жылы шыққан «Каляму шериф» Құранын да ол көзінің қарашығындай сақтауда. Этнографиялық бұйымдардың арасында татар әйелдерінің мерекелік көйлегі мен  өсімдіктік өрнекпен зерленген барқыт қалпақ келермендердің үлкен қызығушылығын тудырды. Бұл заттар Р.Х.Фаизоваға ұлы әжесі Миннисадан қалған көрінеді.

 

ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдары барлық қалалықтар секілді татар әйелдері де бөлмелерін түрлі кестелі салфеткалармен, перделермен, төсекаяқтар мен жастық тыстарын бізбен тоқылған тоқымамен әшекейлеген. Бұлардың иелері – Н Жанқұлова, Р.Х.Фаизова, А.Насырова.

Б.М.Құмарова

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …