көрмелер қордан Видергебурт. 2003

Видергебурт. 2003

2003 жылғы қыркүйек айында мұражай-қорықтың Урицкий (қазір Қ.Қайсенов) көшесі, 67 бойынша ғимаратында «Видергебурт» атты көрме жұмыс істеді, ол неміс халқының материалдық және рухани мәдениетіне арналған болатын. Көрмені облыстық этнографиялық мұражай мен «Видергебурт» неміс мәдени орталығы бірлесіп ұйымдастырған еді.

1999 жылғы халық санағы бойынша Өскеменде 5055 неміс тұрады.

Жәдігерлердің көпшілік бөлігін Л.И.Менжулинаның отбасында ескерткіш ретінде сақталған көне заттар құрады. Ол өзінің 1960-жылдарғы қолөнерілік заттары: салфеткаларды, перделерді, біз тоқымамен көркемделген жастық тыстары мен төсектің арқалықтарын жауып тұратын жапқыштарды берді. ХХ ғасыр басында оның атасы жасаған  немістердің ұлттық оқтауы келермендерге қызық көрінді. Өскемен қаласының тұрғыны А.Раисова өзіне бала кезінде әпкесі тігіп берген көйлегін сақтап қойған екен. Л.И.Касаткина ата-аналарының және атасы мен әжесінің үйлену тойларында түскен фотосуреттерін ескерткіш ретінде сақтауда. О.П.Хохлова Германияның әртүрлі өңір немістерінің ұлттық киімдеріндегі қуыршақтардың қызықты коллекциясын, сондай-ақ Германиядағы сыра мерекесінің атрибуты – балалардың қысқа шалбарын (шортын) ұсынды.

Б.М.Құмарова

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …